Жаңалықтар

Заң факультетінің оқытушылары соғыс ардагерлерін құттықтады

11.05.2014

Ұлы Жеңіс пен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара аясында азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының Жетісу мүгедектер қоғамының еңбек ардагерлерін құттықтады.


Кездесуде ардагерлер ауыр соғыс жылдарын естеріне түсіріп, соғыс жылдарындағы әндерді айтып, тылдағы еңбеккерлерге жеңістің қалай келгенін айтып берді. «Жетісу ауданының мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н. Дружинина: «Кафедра оқытушыларының ардагерлерді құттықтауы мамыр мейрамдарында емес, басқа да үлкен мерекелерде өткізілуі әдетке айналды. Сіздердің университеттің оқытушылары мен студенттері ұмытылмайтын концерттік бағдарламалар дайындайды, әндер айтып би билейді. Мұндай кездесулер тек қарт адамдар үшін емес жастар үшін де мәнді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен мұндай ынтымақтастық тек алдағы уақытта жалғасын табатынына сенімдімін», - деді. Кездесу соңында әрбір ардагерге сыйлықтар берілді.

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы