Жаңалықтар

«Сәтті жұмысқа тұрудың алғышарттары мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті

19.05.2014

Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен Алматы қаласындағы ҚХР Банкісінің қызметкерлері бірлесіп «Сәтті жұмысқа тұрудың алғышарттары мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.

ҚХР Банкі несие бөлімінің аға менеджеріСалтанат Табысхан қызықты баяндама жасады. ҚХР Банкінің қызметке орналасудың мүмкіндіктері мен шарттарына жан-жақты тоқталып өтті. Бұл семинарға қатысушы студенттер арасында да университет бітіргеннен кейінгі кезеңдерде сәтті жұмыс орнын табудың қыр-сырын толық танудың мүмкіндіктерін айтты. Әсіресебүгінгі таңда университет түлектерін жұмыспен толық қамтамасыз ету ең көкейтесті мәселелер болып тұр. Мұндай мақсатта қытайтану кафедрасы жұмыс беруші ұйымдармен жиі бас қосулар өткізіп, олармен қарым-қатынастарды жылдан-жылға нығайтуды басты мақсат етіп отыр. Семинар соңы қызықты сұрақтармен жалғасты. Семинар аяғында қытайтану кафедрасының доценттері Кенжебаева А.Ә, Омарова М.А. банк қызметкерлерінің қызметтеріне сәттілік тілеп, кафедра атынан алғыс айтты.