Жаңалықтар

Университеттің 80-жылдығына арналған мерейтойлық онкүндік аясында «Болон үдерісінің ұстанымдары: білім беру реформаларын әкімшіліктендіру тәжірибелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы оқу-әдістемелік секция мәжілісі өтеді

21.05.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2014 жылдың 23 мамырында сағат 10. 00-де «Болон үдерісінің ұстанымдары: білім беру реформаларын әкімшіліктендіру тәжірибелері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы оқу-әдістемелік секция мәжілісі өтеді. Бұл іс-шара универерситеттің 80-жылдығына арналған мерейтойлық онкүндік аясында өткізіледі.


Конференция мен мәжіліс жұмысының бағыттары – Қазақстандағы Болон үдерісінің ұстанымдары; ЖОО академиялық бостандықтың дамуы; халықаралық стандарттарға сәйкес жасалынған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы тәжірибелер, сонымен қатар, сала бойынша біліктілік шеңбері мен кәсіби қауымдастықтың білім беру бағдарламаларын аккредитациялау мәселелері.

Конференция мен мәжіліс барысында еуропалық білімге қол жетімділікті кеңейту, ары қарай оның сапасын жақсарту, сонымен қатар, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын жоғары білім берудің деңгейлерін тікелей салыстыру жүйесі, кредиттік жүйені қолдану, қазақстандық ЖОО-ның түлектерінің дипломына жалпыеуропалық қосымшасын беру арқылы жоғарылату мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Оқу-әдістемелік секция мәжілісінде электрондық оқулықтарды жасау, сараптамадан және өңдеуден өткізу мәселелеріде қарастырылады.

Іс-шараға ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының өкілдері, шетел ұйымдары, республикамыздың жетекші ЖОО, жұмыс берушілер, сонымен қатар, университетіміздің 700-ден аса профессор, доцент және оқытушылары қатысады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

8 (727) 377-31-48