Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің 80 жылдығына арналған қалалық веложарыстың және университеттің үздік спортшыларына құрмет көрсету спорттық мерекесі өтеді

22.05.2014

2014 жылдың 24 мамыр күні әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық унивеситетінің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында қалалық велошеру өткізіледі. Велошеруге Алматы қаласының тұрғындары, қала қонақтары, қаладағы ЖОО студенттері, велоспорттың жанкүйерлері мен кәсіпқой спортшылар (чемпиондар, ардагерлер), қала әкімі А.С. Есімов және қалалық әкімшіліктің қызметкерлері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов қатысады.


Алматы қаласында соңғы алты жылдың көлемінде өткізіліп жүрген велошерулерде ҚазҰУ басшылығы ректор Ғ.М. Мұтановтың бастауымен, оқытушылар мен профессорлар құрамы, қызметкерлер мен университет студенттері үнемі белсенді түрде қатысып келеді. Олардың басты мақсаты – велосипед спортын насихаттау, мегаполисте велосипед транспортын пайдалануға үгіттеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Алматы қаласы секілді үлкен мегаполистің табиғи-климаттық ерекшеліктерін, қаланың орналасу ерекшелігін және автокөліктердің шамадан тыс көптігін ескере отырып, қаланың ауа бассейні жағдайын жақсарту, тұрғындардың арасында түрлі аурулар көрсеткішін азайту және автокөлік трассаларындағы кептелісті азайту мақсатында автокөлік транспортына балама ретінде велосипетті насихаттау қала басшылығының және қоғамдық ұйымдардың ең басты мақсат міндеттерінің бірі болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бастамасы бойынша университетте вело клуб ашу жоспарлануда. Қазірдгі таңда университет территориясында велосипедшілерге арналған тұрақтар орнатылған және университет территориясында арнайы вело жолдарды салу жоспарланып отыр.

Спорттық мереке бағдарламасы:

8:00 Веложарысқа қатысушылардың жиналуы Халықаралық шаңғы трамплині кешенінде

8:30 Веложарыстың басталуы

9:00 Веложарыстың қатысушыларының мәресі ҚазҰУ стадионында

9:10-9:15 Спортшылардың, университет түлектерінің шеруі

9:15-9:30 Алматы қаласы әкімі мен ҚазҰУ ректорының құттықтау сөзі

9:30-9:45 Университеттің үздік спортшыларын мадақтау

9:50-10:00 Көрсетілім қойылымы

10:00-11:00 Университет түлектері мен студенттер құрама командалары арасында футболдан матчтық кездесу

УНИВЕРСИТЕТ СПОРТКЛУБЫ