Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Нобель сыйлығы иегері Арье Варшель дәріс оқиды

21.05.2014

2014 ж. 24 мамырында VII Астана экономикалық форумы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығын тойлау шеңберіндегі «Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамуда университеттердің алатын рөлі» Азия университеттерінің III Форумы шегінде өткізілген, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Арье Варшельдің дәрісі жүргізіледі.


Дәріс мақсаты: оқытушы-профессорлар құрамы мен ҚазҰУ студенттерін шақырылған Нобель сыйлығының иегерінің ғылым және техника саласындағы жетістіктерімен таныстыру, ғаламдық экономиканың глобализация жағдайында ғылым мен технологияның дамуы барысында туындайтын маңызды пікірлер мен тәжірибе алмасу және ғылым мен техника рөлдерінің популяризациясы, сондай-ақ, университеттің халықаралық ғылыми байланысын арттыру.

Арье Варшель - биохимик және биофизик, химия саласында Майкл Левитт және Мартин Карплуспен бірге «химиялық жүйелерді компьютерлік моделдеу» тұжырымдамасы үшін марапатталған Нобель сыйлығының 2013 жылғы иегері.

Варшельдің негізгі зерттеу объектілеріне биологиялық молекулалар қызметінің құрылысдық корреляциясына қолданылатын есептеу әдістері, ферментативті реакцияларды модельдеуде қолданылатын QM/MM әдісі, биологиялық процесстерді молекулярлы модельдеу, белоктардың микроскопиялық электростатикалық модельдерін құру, белоктардағы бос энергияның ауытқу және өзге әдістер. Осы әдістерді зерттеу қызметтері үшін 2013 ж. Варшель химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері құрметін иемденді.

Дәріс соңында дәріс қатысушылары мен Нобель сыйлығының иегері Арье Варшель арасында диалог өтеді.

Кездесу соңында Ректор Галымкаир Мутанов Арье Варшелге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің құрметті докторы дипломын табыстайды.

Нобель сыйлығы лауреатының дәрісі 2014 жылы 24 мамырда сағат 11.00 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бас (15 қабат) өтеді.

Байланыс тел.: 8/727/377-33-33 (қосымша.13-92)