Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған онкүндік аясында БАҚ және журналистер арасындағы университет қызметін үздік насихаттауда «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының шеберханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді

25.05.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биыл 80-жылдығын 21-31 мамыр аралығында тойлауда. Осыған орай 27 мамыр 2014 жылы, (сағ.: 16:00, «Әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында (4-қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған БАҚ және журналистер арасындағы университет қызметін үздік насихаттауда «ҚазҰУ – Қазақстан элитасының шеберханасы» атты байқау қорытындысының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистер Одағының және Қазақстан журналистика Академиясының қолдауымен университеттің 80-жылдығына арналған жоғары оқу орнының қызметін жариялауда журналистер және отандық әрі шетелдік БАҚ ұжымдары арасында ең үздік материалға байқау жарияланды.

Іс-шара БАҚ назарын қазақстандық білім беру және ғылым мәселелеріне көңіл аударуға, оқу-ағарту, ғылыми және инновациялық тұрғыдан еліміздің жетекші оқу орны қызметін насихаттауда журналистерді қолдау болып табылады.

Байқауға қатысуға университеттің тарихи және мәдени мұрасы, дәстүрі мен жетістіктері, жоғары оқу орнының заманауи қызметі, оның даму келешегі туралы мерзімді, он-лайн басылымдарда немесе теле-радиоэфирде материал шығарған шетелдік, республикалық, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары және журналистер шақырылды.

Байқау осы жылдың 1 ақпан мен 20 мамыр аралығында жарияланған.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі