Жаңалықтар

Түлектермен кездесу өтті

02.06.2014

Университетіміздің 80 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биолог-түлектер Ассоциациясының ұйымдастыруымен биология және биотехнология факультетінде 2014 жылдың 31 мамырында түлектермен кездесу өтті. Биолог әріптестерін құттықтауға университеттің 1948 жылғы түлегі ҚР НАН академигі Х.Д.Дюсембин және 1949 жылғы түлегі профессор Л.Э.Булекбаева келді.

Олар өздерінің оқу жылдарын, мұғалімдерін, курстастарын және түлектерін еске алды. Факультет деканы Т.М.Шалахметова өзінің баяндамасында ұрпақтармен байланыс үзілмейтіндігін және түлектер Alma-mater ұмытпайтындығын атап өтті, осы жыл сайынғы дәстүрлі кездесулер факультетте он жылдай уақыт өтіп келеді. Биолог-түлектер Ассоциациясының төрағасы профессор Т.Д.Мукашева Эндаумент-қордың құрылымын әңгімеледі, бұл қорға университет ұстаздары ғана емес, сонымен қатар ғылыми институттар мен бизнес-саласындағы әріптестер де өз үлестерін қосты. Кездесу ары қарай факультет студенттері дайындаған концертпен жалғасты.