Жаңалықтар

ҚазҰУ ректоры польшалық орденмен марапатталды

04.06.2014

Польша мен Қазақстан арасындағы ғылыми білім беру, мәдени және іскер байланысты нығайтып, дамытуға қосқан үлесі үшін ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтанов Польша Республикасына сіңірген еңбегі үшін Кавалерлік крест орденімен марапатталды.


Бұл жоғарғы марапат белгісін Польша Республикасы президентінің атынан Лауазымды Елші, Польшаның Қазақстандағы бас консулы Анджей Папеж ҚазҰУ түлектерінің форумында тапсырды. Орденді табыс ету барысында ол Қазақстан Орта Азияда көшбасшы болып табылатындығын атады. «Қазақстан мен Польша арасында қашанда жақсы қарым-қатынас орнаған. ҚазҰУ Бас Консулдықтағы польшалық диаспораның ғылыми және мәдени бастамаларына қолдау танытып келеді. Бұл жылы университет өзінің табысты 80 жылдық мерейтойын қарсы алып отырған жетістігі өте әсерлі. Біз алдағы уақытта да ғылыми білім беру, халықаралық және мәдени байланысымызды нығайта түсеміз деген ниеттеміз», - деп атады Бас Консул.

Бұл ҚазҰУ ректорының алғашқы шетелдік марапаты емес. Өткен жылы Ғ. Мұтановқа ғылым және білім беру саласындағы еңбегі үшін Францияның «Пальма бұтағы» академиялық ордені табыс етілген болатын.

Баспасөз қызметі