Жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасына қатысты

04.09.2014

ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Италияда болып қайтты. Профессор Қ.Жұмағұлов бұл елге Мемлекеттік бағдарлама аясында ерте және орта ғасырлық Қазақстан тарихына қатысы бар түркі тарихы бойынша сирек кездесетін деректер мен материалдарды анықтау мақсатында жіберілді.


Біздің ғалым Еуропада ерте кезең және манускриптілер мен библиографиялық сирек кездесетін деректердің көптігі бойынша бірінші орын алатын Ватиканда, Ватикандық Апостол кітапханасының кітапқорларында елеулі ғылыми-ізденістік жұмысты атқарды. Мысалы, ол Ғұн империясы, Авар қағанатының тарихы, сонымен қатар орта ғасырлар кезеңіндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттік пен тайпалық құрылымдардың тарихы бойынша манускриптілер (қолжазбалар) тапты. Бұл деректердің басым бөлігі латын тілінде ұсынылған. Алтын Орда кезеңіне дейінгі ғұндар мен түркі қағанаты бойынша құнды материалдар қамтылған Рим папаларының хаттары мен хроникалар сирек кездесетін деректер тобын құрайды.

Проф. Қ. Жұмағұлов атап өтілген латын тіліндегі деректерден басқа, ерте мен орта ғасырлар кезеңдеріндегі түркі әлемі мен Қазақстан тарихын қайта жаңғырту бойынша археология, тарихи лингвистика, сонымен қатар, ғылыми жаратылыстанушылық пәндердің мәліметтеріне назар аударды.

«Бұл ерекше материалдардың түркі әлемі мен Қазақстан тарихы бойынша жалпы еңбектерді жазуда деректік пен әдебиеттік қорды толықтыратындығы күмәнсіз. Сонымен қатар, олар ҚР-ндағы бакалавриат, магистратура мен докторантура аясындағы жаңа толқындағы тарихшыларды дайындауда ғылыми және оқу қызметін жүзеге асыруда айрықша маңыздылыққа ие болады», – деп сенім білдірді ғалым.