Жаңалықтар

«Ұлы Жібек жолы ізімен» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті

19.09.2014

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы, Шығыс мұражайы және факультеттің «ҚазҰУ түлектері қауымдастығы» өкілдігі ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен факульет түлегі, белгілі дипломат, қытайтанушы Серік Нарысов «Ұлы Жібек жолы ізімен» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Ғылыми семинарға факультет оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Семинар барысында С.Нарысов Ұлы жібек жолының тарихи, саяси, мәдени ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыда баға беріп, Ұлы Жібек жолының жаңа замандағы қайта жандану мәселелеріне, «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдігі» аталып отырған жаңа жобаға саясаткер ретінде әрі ғалым ретінде соны баға берді.

С.Нарысов қазіргі әлемдегі саяси жағдайға арнайы тоқталып кетті.

Жиын соңында семинарға қатысушы қауым өз сұрақтарын қойып, тұжырымды, ғылыми жағынан жан-жақты топшыланған, негізделген жауаптар алды.

Факультет түлегі С.Нарысов өткізген бұл ғылыми семинар көпшілікке берері мол, тағылымды іс-шара болды.