Жаңалықтар

Назар аударыңыз! Мобильдік қосымша жасау туралы байқау

19.09.2014

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ www.data.gov.kz порталында орналасқан ашық мәліметті пайдаланып, мобильдік қосымша жасау жұмысына байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты – ашық мәліметтер порталын дәріптеу, портал мүмкіндіктерін көрсету, студенттерді мобильді қосымша мен қызмет көрсету түрлерін жасауға ынталандыру.

Байқауға қатысуға ЖОО және колледж студенттері шақырылады. Жас ерекшелігі және оқу бағдарламасы маңызды емес.

Жүлде қоры:

1 орын - MacBook Air;

2 орын - Apple iPad Air;

3 орын - Apple iPad mini.