Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Ұлы Витаутас атындағы университет өкілдерімен кездесу өтті

24.09.2014

Халықаралық қатынастар факультетінде Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулдығының бірлесуімен, Ұлы Витаутас (Каунас қ.) атындағы университеттің өкілдері профессор Анджей Пукшто (Andzej Puksto) мен Константинас Курзеваспен (Konstantinas Kurzevas) кездесу өтті.


Сонымен қатар Вильнюс университетінің профессорлары Грета Друтекейн мен факультет басшылығы мен оқытушы-профессорлар, студенттерімен кездесті. Кездесу барысында университеттер арасындағы серіктестік мәселелері талқыланды: студенттер алмасуды қарастыратын серіктестік жөніндегі келісімдерге қол қою, қос дипломдық білім беруді дамыту, оқытушы-профессорлық құраммен алмасу және университет оқытушыларының жоғары импакт-факторлы журналдарда бірлесіп жариялаған мақалаларымен жұмыс талқыланды.

Халықаралық қатынастар факультеті