Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Ланчжоу университетінің өкілдерімен кездесу өтті

24.09.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев, Ланчжоу университетінің ректоры Ваң Чың, ҚХР Алматы қаласындағы бас консулдың орынбасары Дың Сиан Лиң, ҚХР Алматы қаласындағы бас консулдығының мәдениет және оқу-ағарту ісі бойынша вице-консулы Гао Чэн кездесті.

Бұл кездесуде шығыстану факультетінің деканы Б. Жұбатова қатысуымен қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚХР құрылғанына 65 жыл және Конфуций институтының ашылғанына 10 жыл мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.

Бұл іс-шара екі мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға, Қытай университеттерімен арадағы халықаралық байланысты одан жандандыруға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Өз кезектерінде сөз сөйлеген университетіміздің бірінші проректоры М. Бүркітбаев мырза мен Ланчжоу университетінің ректоры Ваң Чың мырза да екі мемлекет арасындағы байланыстың жылдан-жылға нығайып келе жатқанын атап өтті.

Шығыстану факультеті