Жаңалықтар

Сағымбай Қозыбаев – 70 жаста

26.09.2014

Журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Қазақстан Журналистика Академиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Қ Қозыбаевтың 70 жылдығына арналған «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі: үндеулер, үрдістер, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Алқалы жиынға университет басшылығы, ел азаматтары, республикалық БАҚ басшылары, студенттер мен ҚазҰУ түлектері, профессор С. Қозыбаевтың шәкірттері арнайы келіп құттықтап, қатысты. Алғы сөзінде ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов «Бүгін сіздердің орталарыңызға Сәкеңді арнайы құттықтап келіп отырмын. Біздің университеттің журналистика факультетінің Қазақстан бойынша мәртебесі, беделі керемет. Ең талантты жастар осы факультетке келіп түседі. Сағымбай Қабашұлының дарындылығы, журналистикаға қосқан үлесі орасан зор. Ел болашағын ойлаған азаматтар осындай болады», - деді.

Конференцияда бұқаралық коммуникацияның отандық және әлемдік жүйесін зерттеудің жаһандық және ұлттық әдістері, журналистиканың болашағына қатысты, профессор С. Қозыбаевтың ғылыми зерттеулері мен публицистік шеберлігі сияқты тақырыптар талқыланды.

«Бүгінгі мерейтойдың жастарға берері көп, мерейтой иесіне бүгінгі айтылар барлық мақтау сөзі лайық. Жастар, болашақ буын өкілдері осындай жиынға қатыса отырып, үлгі алады. Ой түйеді. Шығармашылық тұлға болу, биік жетістікке жету оның бәрі аянбай еңбектенудің арқасында келеді. Сағымбай Қабашұлының бүгінгі мерейтойы оның еңбек жолының, ізденгіштігінің көрінісі, дәлелі», - деді өз сөзінде ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев.

Профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев - Қазақстан ғылыми журналистикасының және білімнің негізін қалаушылардың бірі, белгілі қаламгер, ғалым және еліміздің журналиститика саласындағы бірнеше ұрпақтың ұстазы. Ол Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың иегері, алты мәрте Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Халықаралық Журналистер Федерациясының құрмет дипломының иегері, сондай-ақ ҚР саяси ғылымдар Академиясының академигі (1997), және оны ұйымдастырушылардың бірі болып табылады, оның бастауымен Қазақстан журналистер Академиясы құрылып, өзі алғашқы президенті болған (2001). Академия тағайындаған «Алтын Жұлдыз» және «Алтын Самрұқ» сыйлықтары журналистиканың жоғары дәрежелі мемлекеттік сыйлықтары болып табылады.

Қалың еліҚазақстандық саясат энциклопедиясының авторы, «Отандық журналистика тарихынан» - «Из истории отчественной журналистики» атты республикалық ғылыми-зерттеу журналының негізін салушы және бас редакторы, «Справочник журналиста Казахстана» жобасының бас редакторы және авторы ретінде және ТМД-да докторлық диссертациясын журналистика саласында бірінші қорғаған ғалым деп біледі. «Слово, ковавшее победу», «Радио в дни войны», «Четвертый фронт», «Аудитория – весь Казахстан», «Ядовитые стрелы», «Оборотни», «Очерки истории журналистики Казахстана», «Зеркало жизни», «Время – газетной строкой», «Моя Ленсмена», «Доброе имя народу», «Лики времени» және т.б. жарық көрген кітаптарының арторы ретінде таниды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі