Жаңалықтар

Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендияға «Адам және әлем» атты әдеби шығармашылық байқауы жарияланды

02.10.2014

Алматы қаласында тұратын студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары арасында көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады. Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар: прозалық көркем шығармалар (әңгімелер), өлеңдер, көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе).

Ұйымдастыру комитеті материалдарды 2014 жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында қабылдайды.

Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға Халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы стипендия тапсырылады.

Ұйымдастыру комитеті 6 жүлделі орын белгілеп отыр. (3 – қазақ тіліндегі шығарма, 3 – орыс тіліндегі шығарма)

Жеңімпаздарға сыйақының салтанатты түрде тапсырылуы 2014 жылдың желтоқсан айының екінші жартысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді.

Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының http://www.nurshaihov.kz жеке сайтында жарияланады.

Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңызды күтеміз!

Байқаудың талаптары.docx

Байқауды ұйымдастыру комитеті