Жаңалықтар

Хабарландыру!

07.10.2014

9 қазан сағат 11:00-де ҚазҰУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті №308-ші дәрісханада (әкімшілік ғимарат) Британдық Кеңес өкілдерімен өткізілетін «Ньютон - әл-Фараби» серіктестік бағдарламасының презентациясына шақырады.

Аталмыш бағдарлама Қазақстанның және Ұлыбританияның үкіметтерімен 2014 жылы ғылым және инновация саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, Қазақстандық ғылыми-зерттеушілердің мансабын көтеру мүмкіндіктерін арттыру, алдағы ынтымақтастықты энергетика, денсаулық сақтау және әл-ауқаттылық, ауыл шаруашылық технологиялары, стихиялық апаттан кейін қалпына келу қабілеттілігі, экология және қоршаған орта, азық-түлік және су мәселелерін нығайту үшін құрылған.

Барлық сұрақтарға байланысты Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуға болады: 377-34-46 (1166).