Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының 20 жылдық дамуының нәтижелері талқыланады

08.10.2014

2014 жылдың 9-10 қазан күндері (сағ. 10:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы НАТО туралы ақпараттық және ресурстық орталық пен Халықаралық және еуроатлантикалық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты зерттеу орталығы «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының аясындағы ынтымақтастықтың 20 жылдығы: сабақтары мен ынтымақтастықты дамытудың жаңа жиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжиірбелік конференция өтеді.

Конференция барысында «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының 20 жылдық дамуының нәтижелері талқыланып, Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастарды дамытудағы және аймақтық қауіп-қатерлермен күресудегі осы бағдарламаның жаңа жиектеріне сараптама жасалады.

Шараға қатысушы мамандар талқылайтын басты мәселелер: Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері мен Уэльстегі НАТО саммитінің нәтижелері; Орталық Азия мемлекеттерінің ерекшеліктерін ескергендегі «Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының» сабақтары; аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекеттері мен НАТО мүшелері арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі және болашақ жолдары; «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының даму потенциалын ашу мүмкіндіктері; Ауғанстандағы жағдайды реттеудегі аймақтық ынтымақтастық тетіктері және Орталық Азиядағы геосаяси контексттегі аймақтық қауіпсіздіктің басқа да өзекті мәселелері.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Орталық Азия бойынша НАТО координаторлары, ҚР СІМ өкілдері мен дипломатиялық корпус мүшелері, шетелдік және Орталық Азия сарапшылары қатысады.

Конференциядағы аккредитация мен ақпарат сұрақтары бойынша НАТО ақпараттық және ресурстық орталығының қызметкері Қайрат Бековпен байланысуға болады: 8-777- 398-00-83, электрондық пошта: bekov.kairat@gmail.com.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультетінің ғимараты, Қарасай батыр көшесі, 95, Ғылыми кеңес залы.