Жаңалықтар

ҚазҰУ-да "Жас аудармашылар мектебі" жобасы басталды

09.10.2014

Халықаралық қатынастар факультетінде керемет «Жас аудармашылар мектебі» жаңа жобасы басталды. Бүгін Қазақстан EXPO-2017 Халықаралық мамандандыру қойылымына белсенді түрде дайындалуда. Осындай кең көлемдегі мерекелік шараға жастар белсенді түрде ат салысуда. ҚазҰУ студенттері де шараға қатысуға дайын.


Бұл жобаның басты мақсаты EXPO-2017 Халықаралық қойылымына студенттерді мамандандырылған жоғары дәрежелі аудармашылар ретінде дайындау.

«Жас аудармашылар мектебі» жобасы халықаралық аударма кафедрасының доценті Ж. Бимағамбетова және Болон үдерісі бойынша студенттік бюро өкілдері А. Сейітова, Т. Джапиашвили жетекшілік етуімен кұралған мұғалімдер құрамынан жасалған топ пен халықаралық қатынастар факультеті студенттерінің бірлескен еңбектерінің жемісін көрсетіп отыр.