Жаңалықтар

«Музыка – адам жан дүниесінің ырғағы» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті

13.10.2014

2014 жылдың 10 қазан күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Музыка – адам жан дүниесінің ырғағы» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелді филос.ғ.д., профессор, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісі А.Д. Құрманалиева ашты. Аталған дөңгелек үстелге Семиотикалық зерттеулер институның (Финляндия) директоры, Халықаралық семотикалық зерттеулер ассоциациясының президенті, Экзистенциалды семиотика теориясының авторы, Хельсинки университетінің (Финляндия) профессоры, PhD Эаро Аарне Пекка Тарасти “Challenge of Semiotics, especially for the arts” тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Хельсинки университетінің (Финляндия) профессоры, PhD Эйла Марита Элизабет Тарасти атақты финляндиялық композитор Ян Сибелиустің шығармаларымен таныстырды. Филос.ғ.д., профессор Ғабитов Т.Х. «Қазақ көркем мәдениеті» атты тақырыбында өзінің баяндамасын жасады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге философия және саясаттану факультетінің деканы Масалимова А.Р., Италия елшілігі, «Данте Алигьери» Халықаралық қоғамының итальян тілі және мәдениет білім орталығы президенті Кармине Барбаро, филос.ғ.д., профессор, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Халыков К.З., филос.ғ.к., профессор, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Әлімжанова Ә.Ш., Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория, музыкатану және композиция кафедрасының меңгерушісі Бердібай А.Р., «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Халбеков А.Б., филос.ғ.д., профессор Исмагамбетова З.Н., филос.ғ.д., профессор Молдабеков Ж.Ж., филос.ғ.д., профессор Рысбекова Ш.С., филос.ғ.к., доцент, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мейрбаев Б.Б., филос.ғ.д., профессор Абишева А.К., филос.ғ.д., профессор Борбасова К.М., жалпы және этникалық педагогика кафедра доценті, пед.ғ.к. Шағырбаева М.Д, аға оқытушы Н.К. Альджанова және магистранттар мен докторанттар қатысты. Кеште Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория өнерпаздары жетіген, сыбызғы, қобыз, скрипка, домбыра аспаптарында ойнап, дәстүрлі әндер орындады.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Философия және саясаттану факультеті