Жаңалықтар

«Университеттің тұрақты дамуындағы музей инновациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтеді

14.10.2014

17 қазанда (сағ.: 13:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейі галереясы) «Айналаңды нұрландыр» университеттік жобасының аясында ҚазҰУ Музейі мен тарих, археология, этнология, география және табиғатты пайдалану факультеттерінің қатысуымен және «Pattern Pecognition» поляк фирмасының қолдауымен «Университеттің тұрақты дамуындағы музей инновациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.


Семинар университетке ұлы ойшыл әл-Фараби есімінің берілгеніне 23 жыл толуына арналады. (Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1991 жылдың 23 қазанындағы № 629-ші Қаулысына сәйкес).

Жиынға тарих, археология, этнология, география және табиғатты пайдалану факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, университет музейлерінің қызметкерлері, Жаңа ақпараттық технологиялар департаментінің қызметкерлері қатысады.

Ұйымдастырушылар: Энергоэкология кафедрасының профессор м.а., музей директоры Тәжібаева Т.Л., музей қызметкерлері.