- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ-да өтетін халықаралық конференцияда адамзат болашағы талқыланады
28.10.20142014 жылы 5-7 қарашада Алматы «Адамның тұрақты дамуының жаңа парадигмасы. G-Global – ғаламдық сұхбат форматы» халықаралық конференциясының қатысушыларын қарсы алады. Көптеген жылдар бойы мұндай конференция Еуропа мен Америка елдерінде өткізіліп келді. Осы жылы ұйымдастырушы комитеттің шешімімен әлемдік деңгейдегі іс-шара Қазақстанда және оның ішінде Қазақстанның ең ірі университеті, БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» ғаламдық хабын басқарушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді.
ҚазҰУ-мен бірге конференцияны ұйымдастырушылар – Бүкіләлемдік Өнер және Ғылым академиясы, Бүкіләлемдік Университеттер Консорциумы, Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы, Римдік және Мадридтік клубтар, Халықаралық Жасыл Крест, сонымен қатар ірі халықаралық қоғамдық бірлестіктер, ЖОО және қорлар. Конференцияға ILO, ЮНЕСКО, ПРООН, OECD, Халықаралық Еуропалық Қозғалыс, Болашақ Дамудың Әлемдік Қоры және басқа әлемдік ұйымдар қатысады.
Шара зияткерлердің бірегей әлемдік, әйгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуге бағытталған, жаңа парадигма жасаудағы белгілі отандық және шетелдік мамандардың пікір алмасу алаңы болып табылады.
Қазақстанда өтетін конференцияның басты ерекшелігі біздің мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен, әлемнің 4 миллионнан астам қолданушыларының басын қосатын бұндай жиынның «G-Global» - жаһандық пікір алмасу алаңы тақырында өтуі.
Алматыдағы кездесу заманауи әлем қалыптасуын жетілдіруді талқылау және терең зерттеу, дамудың жаңа парагдимасын іздеу мақсатында үлкен халықаралық қоғамдық орта мен ғылыми-білім беру қауымдастықтарының басын қоспақ.
Танымал шетелдік және отандық сарапшылар, ірі мемлекет және қоғам қайраткерлері, әлемге аты белгілі ғалымдар білім беру реформалары, ғылымның әлеуметтік жауапкершілігі, экономика мен экологияның бірігуі, жұмыспен қамту, құқықтың үстемдік құруы, әлеуметтік тұрақтылық, қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.
Қазақстан беделі, «G-Global» форматындағы диалогтың құрылымы, ірі ғылыми ойлардың топтасуы күн тәртібіндегі тақырып бойынша адамзат өркениетінің өзекті мәселелерін шешуге ықпал ететін тиімді ұсыныстарды жасап шығаруға деген сенімділікті нығайта түседі.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі