Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар факультетінде Мэлс Елеусізовпен кездесу өтті

30.03.2015

Халықаралық қатынастар факультетінде «Табиғат» атты Қазақстанның ассоциациялар мен өнеркәсіптер экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовпен кездесу өтті.

Мэлс Елеусізов – белгілі қоғам және саяси қайраткері, елдегі ең басты «жасыл» эколог, Қазақстанның таза болашағы үшін күресуші адам, 21 ғасырдағы Қазақстан мен жаһандық әлемге экологиялық қауіп-қатер әкелетін өзгерістер туралы сөз қозғады. М.Х. Елеусізовпен кездесуді Германдық зерттеулер орталығығның директоры, профессор М.Ш. Губайдуллина ашып берді.

Қазақстанның «жасыл өсімі» атты бағдарламалар мен жобаларын іске асыруға, шет елдердің мемлекеттік және жеке секторын, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен әріптестікті қолдауға бағытталған Астана қаласында көтерілген «Жасыл көпір» бастамасын талқыға салды. М.Х. Елеусізовтің пікірінше, аталған бастамалардың нәтижесі ретінде Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» орасан зор көмегін тигізеді. Ал болашақта үкіметпен белсенді түрде жұмыс істеуге уақыты келген «жасылдар партиясының» құрылу мүмкіндігі, экологиялық жобалардың іске асуына өз салмағы мен ықпалын тигізеді.

Факультет қонағы қойылған көптеген сұрақтарға жауап бере отыра, болашақтағы экологиялық жобалар бойынша әріптестік пен орындалу мүмкіндіктері туралы сөйледі. Мэлс Хамзаұлы студенттерге табиғатты қорғауды кішігірім істерден бастауға шақырды: «Ағаш отырғызып оған күтім жаса, табиғатты ластама, суды, жарықты тиімді қолдан т.с.с.». Студенттер мен оқытушыларды «жасыл» жобаларға белсенді қатысуға шақырды, осылардың ішіне мамыр айында өтетін жыл сайынғы «Іле-Балқаш фрегатесі» мен ауылдық тұрғындарды қолдауға бағытталған ірі жоба кіреді.

Кездесу ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтановтың ұсынысымен жасалған «Green Campus» жобасы аясында өткізілген болатын.

Кездесуді ұйымдастырған халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры М.Ш. Губайдуллина, доцент Б.М. Балаубаева, доцент Кульбаева А.Т., оқытушылары Д.М. Малбақов және Әліпқызы Р.

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы