Жаңалықтар

Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Н.К. Ахметжанов «Ғылыми-технологиялық паркінде» ұйымдастырылған көрмеге қатысты

03.06.2015

2015 жыл 29 мамырда Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Үкімет басшысының орынбасары Б.М. Сапарбаевтың, ЖОО, кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, ҚР Парламентінің, халықаралық аккредитациялық орталықтар мен рейтингтік агенттіктер өкілдерінің қатысуымен «Елдің инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың 5 Институционалдық реформа мен «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша берілген тапсырмаға сәйкес мемлекетті әлеуметтік-экономикалық және индустриялды-инновациялық дамытуда кең масштабты мемлекеттік жобаларды іске асыру үшін білім беру, ғылым және бизнес секілді тиімді интеграция сұрақтары ерекше өзекті екенін атап өткен жөн.

Өзінің сапары кезінде Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Н.К. Ахметжанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» ұйымдастырылған көрмеге қатысып, осы жерде іске асырылып жатқан жобалар мен студенттік старт-ап компаниялардың қызметтерімен танысты. Бұл жерде ғалымдар мен университеттің жас зерттеушілерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының нәтижелеріне негізделген белсенді жоғары ғылымды қажет ететін өндірістерді өрістету үшін жағдайлар жасалған.

Ғылыми-технологиялық паркте Н.К Ахметжановқа ғалымдар мен студенттердің жаңа ғылыми-инновациялық жобалары таныстырылды. Олар: «Энергия үнемдейтін жарықты-диодты экран», «ШҚО «Бақыршық» кен орынының алтын-күшәнді ұсақталған кені», «Геотермальді биогазды қондырғысы», «Тұрмыстық құралдарды қыздыруға сынау үшін арналған стенді», «Роботты техника мен микроэлектроника бойынша оқу стенді», «iBeacon Kazakhstan», көрнекі түрде Технопарктің өнімі «Evita Complex» компаниясымен жасалынатын Қазақстандағы алғашқы органикалық косметикасы көрсетілді, сонымен қатар, «Интеллектуалды жаяу жүргіншілер жолы» және «Көзі көрмейтін адамдар үшін ультрадыбыстық қалпақтар» секілді Технопарк базасында жұмыс жасайтын әлеуметтік жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары көрсетілді.

Сапар соңында Н.К. Ахметжанов көрмеге қатысушылар мен басшылыққа алғыс білдіре отырып, жұмыста шығармашылық табыстар тіледі.