Археология және этнология

Археология және этнология

БIЛIКТIЛIГІ

  • бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 эмпирикалық әдістерді қолдана отырып далалық этнографиялық зерттеулер жүргізу: сипаттау, сұхбат, сауалнама, бақылау, анкета, салыстырмалы-функционалды талдау;
ON2 этнографиялық мәліметтерді тіркеу, өңдеу, оларды топтастыру, хабаршы туралы ақпарат жинау, тіркеу және есеп құжаттарын жасау;
ON3 этнографиялық зерттеу жүргізу үшін анкета және сауалнама сұрақтарын құрастыру, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, этнографиялық деректердің мәліметтер базасын жасау;
ON4 әлем халықтары этнографиясы, түркі халықтары этнографиясы, қазақ халқының этногенез және этникалық тарихынан ғылыми-білім беру және тарихи-мәдени орталықтарда, үйірмелерде, қосымша сабақтарда дәрістер жүргізу;
ON5 тарихи-мәдени орталықтарда, музей мекемелерінде ғылыми-білім беру, әдістемелік жұмыстарды іске асыру, экскурсия жүргізу, экспозиция жасау;
ON6 ғылыми әдістерге және мәдени мұраны сақтау заңнамалықтарына сүйене отырып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу;
ON7 қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді тіркеу, сыртқы сипаттарға қарай топтастыру, жөнелту;
ON8 оптималды әдістерді қолдана отырып археологиялық жәдігерлерді сипаттау, өңдеу, фото и видео рәсімдеу;
ON9 археологиялық жәдігерлерге камералдық зерттеулер жүргізу, зертханалық өңдеу, жиналған материалдарға ғылыми талдау жасау;
ON10 салыстырмалы әдіс негізінде археологиялық жәдігерлерге идентификацию жүргізу, тарихи-мәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып нысандардың типологиясын жасау;
ON11 техникалық құжаттардың негізінде, сипаттау, ретроспективті және деректік талдауды пайдаланып, қауыпсіздік шараларын есепке ала отырып реставрация және консервация әдістерімен тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуына әсер ету;
ON12 мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде әлеуметтік, кәсіби және тұлғааралық қабілеттерді дамыту, топта жұмыс жасай білу, қосымша білім алуға қабілетті болу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Археология және этнология
Мамандық шифры
6B02204
Факультеті
Тарих

пәндер

Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің негізгі мақсаты – адамзат қоғамының даму заңдылықтарын түсіндіру, оның шаруашылық және қоғамдық қызметтерінің ерте кезеңдегі дамуын объективті-тарихи түрде қалыптастыру. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: антропологиялық, этнографиялық, археологиялық деректер бойынша адамзаттың даму тарихын зерттеу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. АКТ стандарттары. Компьютерлік жүйелерге кіріспе. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер. Адам-компьютер өзара әрекеттестігі. Деректер қоры жүйесі. Деректерді талдау. Деректерді басқару. Желілер және телекоммуникациялар. Киберқауіпсіздік. Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Smart технологиялар.

Археологияға кіріспе
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің археология туралы, негізгі зерттеу әдістері, ғылыми бағыттар мен мектептер туралы білімдерін қалыптастыру, ежелгі мәдениеттер тарихының жалпы заңдылықтарын, тарихи кезеңдер бойынша ежелгі қоғамдарды археологиялық сипаттау дағдыларын қалыптастыру. Пәнді зерделеу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: археологиялық ғылымды дамыту; археологияның даму тарихы, негізгі әдістері; жаратылыстану ғылымдары және археология.

Археологиядағы керамика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - археологиядағы қыш өндірісін зерттеу мәселелері туралы түсінік қалыптастыру, қыш бұйымдарын зерттеу әдістерін, ежелгі қыш өндірісінің технологияларын, мерзімдеудің өзекті мәселелерін және далалық жағдайда қыш бұйымдармен жұмыс істеу әдістерін қарастыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Зерттелу деңгейі, қыш жасау технологиялары, қыш бұйымдарының уақытын анықтау мәселелері, далалық және камералдық жағдайдағы керамикамен жұмыс істеу, реставрация және консервация.

Археологиялық және этнологиялық зерттеулердің жалпы әдіснамалық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - археология мен этнологиядағы теориялық және әдіснамалық мәселелер, оларды шешу жолдары туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар қабілетті болады: 1. Археология мен этнологиядағы теориялық және әдіснамалық мәселелердің генезисін сипаттау; 2. Археологиялық және этнологиялық зерттеу әдістерін қолдану, процессуалды археологияның даму тарихы туралы ой қорыту; 3. Ежелгі қоғамның рухани мәдениетін зерттеудегі археологиялық дереккөздердің мағыналық жақтарын анықтау; 4. Көне мәдениеттердің этникалық зерттеу мәселелерін шешудегі археологиялық дереккөздердің рөлін бағалау; 5. Этноархеологиялық зерттеулердегі тәжірибенің рөліне баға беру.Пән археологиялық және этнологиялық зерттеулердің мәселелері, әдіснамасы және теориясы туралы білім береді Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Ежелгі қоғамды әлеуметтік қайта құру; археологиялық мәдениеттің феномені; палеоэкономикалық моделдеу мәселелері; этникалық зерттеулер мәселелері; археология және этнология саласындағы эксперимент; этноархеология; археология мен этнологиядағы әдістемелік мәселелердің генезисі.

Археологиялық зерттеу әдістері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерді адамзаттың тарихи-мәдени кезеңдері бойынша археологиялық зерттеу әдістері негізінде тарихи шынайылықты сипаттауын қалыптастыру және жұмыс істеуге дағдыландыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Археологиялық ескерткіштер және оның түрлері. Мәдени қабат және стратиграфия. Археологиялық барлау және оның түрлері. Археологиялық қазба. Қорымдарды қазу әдістері.

Әлем (Евразия, Австралия, Африка және Америка) халықтарының этнографиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: әлем халықтары этнографиясы және оның зерттелу тарихы туралы ой қалыптастыру. Пән әлем халықтарыынң ерекшеліктері, антропологиялық тип бойынша классификациялануы, тілдік ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі, олардың этнографиялық зерттелу деңгейі туралы түсініктер қалыптастырады. Сонымен қатар әр түрлі этникалық топтардың рухани және материалдық мәдениеттері қарастырылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі ( Психология)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану/ Саясаттану/ Мәдениеттану/ Психология)
  • Кредит саны - 8
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі/ (Мәдениеттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тұлғаның дамуындағы дене тәрбиесінің әлеуметтік рөлін түсінуді және оны кәсіби қызметке дайындауды және дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтының ғылыми-биологиялық және практикалық негіздерін білуді қалыптастыру. Қауіпсіздік техникасы, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданудың жалпы ережелері, дене дамуының жас ерекшеліктері оқытылады.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тұлғаның дамуындағы дене тәрбиесінің әлеуметтік рөлін түсінуді және оны кәсіби қызметке дайындауды және дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтының ғылыми-биологиялық және практикалық негіздерін білуді қалыптастыру. Қауіпсіздік техникасы, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданудың жалпы ережелері, дене дамуының жас ерекшеліктері оқытылады.

Ерте темір дәуірі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің ерте темір дәуірінің тарихы туралы түсініктерін қалыптастыру: тайпалардың шаруашылығы, тұрмысы, өнері мен сенімі. Сонымен қатар, археологиялық мәдениеттері және кезеңдеу мәселелерін саралауға дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Ерте темір дәуірінің зерттелу тарихы. Қазақстан ерте темір дәуірі тайпаларының материалдық және рухани мәдениеті. Гальштат тарихи-мәдени қауымдастығы. Аппенин түбегінің ерте темір дәуірі. Латен тарихи-мәдени қауымдастығы. Алдыңғы және Кіші Азия ерте темір дәуірі.

Көшпенді өркениет
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттердің көшпелі өркениеттің әлемдік өркениетке тигізген әсерін қарастыру, көшпелі халқының дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін оқыту. Көшпелі жұртшылығының шаруашылығы мен тұрмысы, өнері мен идеологиялық көзқарастары туралы білімді қалыптастырады.Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Еуразия көшпелілерінің мал шаруашылығы. Көшпелілер және отырықшы тайпалар. Көшпенділердің туыстық қатынастары.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақ диаспорасының тарихы мен мәдениеті
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлемдегі қазақ диаспорасының этникалық тарихын, шет жерлерге қоныстану себептерін, орналасуы мен саны жөніндегі мәліметтермен танысып, дәстүрлі мәдениетінің сақталуы мен өзгерісін айқындай білу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ диаспорасының теориялық және әдістемелік мәселелері. Өзбекістан қазақтарының этникалық тарихы. Қырғызстан қазақтары. Моңғолия қазақтары туралы зерттеулер.

Қазақстан петроглифтері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: жартас бетіндегі суреттер және олардың салыну уақыты мен гегографиялық орналасу ерекшеліктері туралы ой қалыптастыру. Осы пәнді оқыту аясында Қазақстан мен Еуразия аумағында кеңінен таралған жартас бетіндегі суреттер туралы түсінік беріледі. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстан петороглифтерінің зерттелу тарихы; әр түрлі уақыт аралықтарына жататын петроглифтер ерекшеліктері; жартас бетіндегі суреттерді салыну техникасы мен күрделілігіне қарай ажырату.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: Ежелгі және Ортағасырлар тарихы, Жаңа дәуір тарихы. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: Ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері. Азаматтық-саяси қайшылықтар. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының қалыптасу тарихын, географиялық, табиғи климаттық жағдайлардың дәстүрлі шаруашылыққа ықпалын саралау, шаруашылықтың түрлі типтерін және оның әлемдік өркениетте алатын орнын көрсету. Пән қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын зерттейді.

Қазақтардың этногенезі және этникалық тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастыра отырып, студенттерге этностың пайда болу, құрылу, даму заңдылықтары теориясын үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ халқының этногенезінің деректемелері мен тарихнамасы. Қола дәуірі тайпаларының этногенетикалық мәселелері. Қазақ халқы этногенезінде сақ кезеңі. Қазақ этногенезіндегі түркі кезеңі.

Қола дәуірі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерді қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері мен мәдениеттерімен таныстыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қола дәуірі кезіндегі Еуразия. Кезеңдеу мен мерзімдеу мәселелері. Қола дәуірі өнері. Қола дәуірі кезінде Еуразия территориясын мекендеген тайпалардың локалді мерзімдік ерекшеліктері. Еуразия мен көршілес аймақтардағы қола дәуірі мәдениеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары мәселелері.

Ортағасырлық археологиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – археологиялық деректер негізінде Еуразия кеңістігіндегі ортағасырлық археологиялық ескерткіштерді зерттеуге дағдыландыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Еуразия ортағасыр археологиясының зерттелу мәселелері. V-VIII ғғ. Орта Азия мен Шығыс Еуропаның көшпелілері. Ортағасырлық Алтай мен Сібір. Ежелгі хакас археологиясы. Ұлы Жібек Жолы. Шу, Талас бойындағы ортағасырлық қалалар. Археология мәліметтері бойынша VIII-X ғғ. Шығыс Еуропа.

Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлар архитектурасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазақ және басқа да көршілес этностардың ежелгі және ортағасырлық монументалдық өнері мен архитектурасы, ауданның әлеуметтік- мәдени өміріндегі ролі туралы негізгі түсінік беру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Ежелгі және ортағасырлық Орталық Азияның зерттелу тарихы. Самарқанд, Бұқара, Хиуа, Шахрисабз архитектуралық ескерткіштері, Орталық Азиядағы архитектура және қала салу ісі.

Тарихи өлкетану
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттердің өлкетану жұмыстарын өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылатын болады: өлкетану тарихы, өлкетану ғалымдарының өлкені археологиялық, этнографиялық, жаратылыстану тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени мұраны сақтауға, алғашқы музей қорларын құруға қосқан үлесі. республика аумағы; ең көрнекті өлкетанушылардың тұлғалары мен қызметі.

Тас ғасыры
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттердің тас ғасырына тән археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштердің пайда болған кезеңдерін, сол дәуірде пайда болған археологиялық мәдениеттер мен археологиялық ескерткіштер туралы көз-қарастарын қалыптастыру. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: Тас ғасырының кезеңделуі мен хронологиясы. Тас дәуірінің әлемдік археологиясы. Кезеңнің зерттелу тарихы мен маңызды ашылулары. Тас ғасырының мәдениеттері мен археологиялық ескерткіштері.

Физикалық антропология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты гуманитарлық бейіндегі студенттерді физикалық антропологияның тарих ғылымымен тығыз байланыстағы негізгі жетістіктерімен таныстыру болып табылады. Оқу барысында білім алушы адамзат қоғамының биологиялық және әлеуметтік компоненттерінің негізінде тұратын антропологиялық және этнологиялық пәндерді зерттеудің кешенді тәсілдері туралы білім алады.Пән физикалық антропология мен адам эволюциясының негізгі бағыттары бойынша білімдерді қалыптастырады.

Философия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.

Шет елдер археологиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: студенттерді әлемнің әйгілі археологиялық ескерткіштерімен таныстыру. Археологияның шет елдердегі қалыптасу тарихы туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында: әлемдік археологиялық мектептер; Еуропаның қола дәуірі ескерткіштері, Орталық Азияның археологиясы; Ежелгі Қосөзеннің археологиялық ескерткіштері; Африканың меголиттік құрылыстары туралы ой қалыптастырады.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

Этнологияға кіріспе
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: этнологияның ғылым саласы ретінде қалыптасып, мақсат, міндеттері туралы ой қалыптастыру. Пән этнологияның зерттелу деңгейі туралы, бұл саладағы бүгінгі мәселелер туралы түсінік береді. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: этникалық тарих пен этногенез; әлем халықтарының тұрмыстық-мәдени классификациясы; заманауи этникалық процестер.

Этнологиялық зерттеу әдістері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты - студенттерге этнологиялық аспаптардың теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру саласындағы базалық білімді беру, далалық этнологиялық материалдарды жинау әдістерін үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады:Этнологияның теориялық мәселелері. Әлем халықтарын классификациялау принциптері. Заманауи ғылымдағы этнос және этникалықтың негізі. Этносаралық байланыс. Этнологиялық зерттеудің теоретикалық әдістері.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Алғашқы қауым өнері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты алғашқы бейнелеу өнері, ежелгі суретшілер қолданған материалдар мен техникалар туралы түсінік алады. Студенттер ежелгі өнер ескерткіштерінің классификациясы жөнінде, туындыларды, сюжеттерді, материалдарды құру әдістері туралы ежелгі адам үшін өнердің маңызы туралы түсінік алады. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Алғашқы қауым өнерінің зерттелу тарихы. Тас ғасырының жартас бетіндегі суреттері.

Археологиялық ашылулардың тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты археологиялық ашылулар мен олардың тарихы, зерттелуі туралы барлық материалдарды зерттеуге студенттерге мүмкіндік беру. Өткен тарихты зерттей отырып, студенттер әлемдік археология деңгейінде кәсіби білімге ие болады. Студенттер оқу барысында түрлі кезең археологиясына, олардың тарихына және алғаш ашқан адамдар туралы материалдарға ие болады. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Алғашқы археологиялық ашылулар тарихының зерттелуі. Шығыс Еуропаның археологиялық ескерткіштері. Орталық Азияның тас дәуірі ескерткіштерінің ашылу тарихы.

Археологиялық ескерткіштерді қорғау, реставрациялау және консервациялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерге археологиялық және этнографиялық материалдарды консервациялау және қалпына келтіру туралы түсініктерді мәдени мұраның түпнұсқалығы қағидасы негізінде түсіндіру, қалпына келтіру қызметінің тарихын білу. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Заманауи реставрацияның түрлері мен бағыттары. Керамикалық бұйымдар реставрациясы. Архитектуралық ескерткіштерді реставрациялау және консервациялау. Ағаш бұйымдар реставрациясы.

Әлемдік фольклордың шедеврлері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: әлем фольклорының маңызды жұмыстарымен таныстырып, әлем халықтары фольклоры туралы ой қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: Әр түрлі халықтар мен әр түрлі кезең фольклоры, әдеби ескерткіштердегі фольклор элементтері, фольклордық сараптама, мотивтер мен сюжеттер анықтамалары, шығыс елдерінің фольклорлық дәстүрлері.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

Геодезия негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнінің мақсаты: Әртүрлі масштабтағы топографиялық карталар мен пландар бойынша студенттерді өлшеу жұмыстарына дайындау, топографиялық карталар мен пландарды әртүрлі кәсіби салаларда ғылыми және тәжірибелік жұмыстарға пайдалануды үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Жоспар және топографиялық карталар. Гуографияда қолданылатын координаталар жүйесі. ҚР Мемлекеттік геодезиялық жүйесі. Картографиялық шығармалардың түрлері.

Геодезиялық аспаптану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: студенттердің геодезиялық аспаптар және оларды ұқыпты қолдану бойынша кәсіби білітілігін қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: геодезиялық аспаптар, олармен жұмыс істеу, ұқыпты сақтау және ұстау, және де оларды бақылау, зерттеу, тексеруден өткізу мәселелерін шеудегі негізгі кәсіби біліктіліктерді қалыптастыру.

Далалық фольклористика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: практикалық фольклористика туралы ой қалыптастырып, далалық жағдайда мәлімет жинау әдістерін үйрету. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: Далалық фольклористика, халық ауыз әдебиеті, мәдени ландшафт, қолданыстағы фольклорлық дәстүр, этнология, әлеуметтану, этноәнтану, этнохореология, ертегітану, паремиология, этнолингвистика, діни фольклор.

Жалпы фольклористика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: фольклордың даму тарихы, негізгі бағыттары, әдістері мен мектептері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: фольклорды зерттеудегі мектептер мен бағыттар, фольклордық дәстүрлерді зерттеудің әдістемесі, фольклор түрлері, халық ауыз әдебиеті, фольклор тарихнамасы, фольклорлық диалекттер, фольклордың ареологиясы, фольклор және дәстүр ауыз әдебиеті формасы ретінде.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, жеке өмірінде және жұмыс орнында, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

Кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ халқы дүниетанымының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастыра отырып, студенттерге қазақ халқының мол рухани мұраларын танып-білуге, ата-бабаларымыздың таным-түсініктерін, ілім-білімдерін жан-жақты талдауға әрі оны қазіргі заман талабына сай қолдана білуге үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ халқының этногенезі және дүниетанымы. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының генезисі. Қазақ халқының космогониялық дүниетанымы.

Қазақ халқының материалдық мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерге қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы білім беріп, оның негізгі түрлері туралы түсінікті қалыптастыру. Пән өтпелі, мерзімді және тұрақты баспаналардың ерекшеліктері, олардың формалары, түрлері және ерекшеліктері туралы, оларды жобалаудың принциптері, құрылыстар мен үйлердің даму заңдылықтары, ішкі көрінісі, құрылысқа арналған материалдар туралы түсінік береді. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қолданылады: Қазақтардың материалдық мәдениетінің зерттелу тарихы. Ерте ортағасыр кезіндегі үйлер мен қоныстар. Ресей империясы құрамындағы қазақ үйлері, қоныстары мен қалалары.

Қазақ халқының рухани мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазақ халқының рухани мәдениеті және оның зерттелу тарихы туралы түсінік қалыптастыру. Рухани мәдениетті аралас пәндер (фольклористика, этномузыкология, мәдениеттану, философия, тарих, дінтану, өнертану, археология, т.с.с.) материалдары көмегімен кешенді, ғылыми-интегративті түрде зерттеу аталған пәннің міндеті болып табылады. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Тұрмыстық, салттық және тарихи әндердің даму тарихы. Тәніршілдік онтологиясы. Қазақ халқының әндері. Қазақтардың бүгінгі күнгі негізгі рухани элементтері.

Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттер қазақтың ұлттық ойындары мен мерекелерінің қазақ қоғамында алатын орнын, олардың түрлері мен қолданыс аясын, халықтың дамуы мен ынтымақтастығын арттырудағы ролін талдауға қабілетті болады. Студенттер оқу барысында ұлттық ойындардың, мерекелердің пайда болу тарихы және олардың қазақ қоғамындағы ролі туралы, өзгеріске түсуі туралы білулері тиіс. Ұлттық ойындар мен мерекелердің маңыздылығы, мағынасы қарастырылады. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Ұлттық ойындар мен мерекелер эволюциясы. Наурыз мерекесінің пайда болуы. Мемлекеттік мерекелер. Қазақтың спорттық ойындары.

Қазақстандағы этникалық топтардың этнографиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерді Қазақстандағы этникалық топтардың этнографиясымен және оның қалыптасу тарихымен таныстыру. Этностардың материалдық және рухани мәдениеттері ерекшеліктері туралы ой қалыптастыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстан халықтарының полиэтникалық құрылу тарихы мен кезеңдері. Славян этностарының Қазақстан территориясына қоныстануы. Қазақстан территориясындағы балғарлар мен поляктар. Қазақстанның түрік халықтары мен дүнгендер.

Қазақстанның ерте темір дәуірі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттерде Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихын білуді, басты-басты археологиялық мәдениеттерді саралауды, кезеңделу мәселелерін талдауды және ерте темір дәуірі жұртшылығының шаруашылығы мен тұрмысы, өнері мен идеологиялық көзқарастары туралы білімді қалыптастырады. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихы. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі. Майемер мәдениеті. Тасмола мәдениеті. Ерте темір дәуірі ескерткіштерінің ерекшеліктері.

Қазақстанның қола дәуірі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қола дәуiрi заманында Қазақстан жерiн мекендеген тұрғындардың шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениетiн оқып үйрету. Қола дәуiрiнiң қоғамдық-экономикалық қатынастарын түсiне бiлу және қола дәуiрi мәдениетінің теоретикалық мәселелерін меңгеру. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстан қола дәуірінің жерлеу ғұрпы. Қола дәуірі ескерткіштерінің түрлері. Қазақстан қола дәуірінің зерттелу тарихы.

Қазақстанның ортағасырлық археологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – аталмыш мамандық бойынша болашақ археологтар мен этнологтар Қазақстанның ортағасырлық археологиясымен (жерлеу-ғұрыптық ескерткіштер, қоныстар мен қалалар) таныстыру, жергілікті халықтың этногенезі мен мемлекеттіліктің қалыптасуындағы ортағасырлық кезеңнің алатын орнын айқындау. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Ерте ортағасырлық мемлекеттердің зерттелу тарихы. Түрік қағанаты. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу ортағасырлық қалалары.

Қазақстанның тас ғасыры
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Қазақстанда орналасқан тас дәуірі ескерткіштері мен мәдениеттері, тас өңдеу техникалары, мерзімдеу мен кезеңдеу мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Тас дәуірінің әлемдік археологиядағы орнын көрсету. Пән Қазақстанның тас ғасырының түрлі кезеңдері ескерткіштері мен аталған мәдениеттерді айқындаушы факторлар бойынша құнды материалдар береді. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Ежелгі адамдардың пайда болуы туралы ой-пікірлер. Палеолиттің ерте және орта кезең мәдениеттері. Мустье кезеңі. Неолиттік революция. Энеолит. Ботай мәдениеті.

Қолданбалы өнер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазақтардың қолданбалы және зергерлік өнерінің тарихи қайнар көзі және олардың қоғамның рухани және материалдық өміріндегі ролі туралы түсінік қалыптастыру. Студенттер оқу барысында қолданбалы өнер нормаларына, зергерлік ісі дамуының әрбір кезеңіне сай ою-өрнектердің типтері, олардың формалары, семантикасы, материалдың және түстің символикасы туралы білім алады. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Алғашқы қауымдық өнер. Ежелгі Грек өнері. Тас ою өнері. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қолөнерге байланысты наным-сенімдер.

Музейтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттердің музейтану және музейлерді жіктеу саласындағы негізгі ұғымдары туралы білімдерін, музейдегі ғылыми жұмыс типтері мен негізгі түрлерін, құрылымын, музейлік экспозицияларды құру ерекшеліктерін және мазмұнын, музейлердің қызметіндегі мәдени-білім берудің мәні мен ерекшелігін қалыптастыру болып табылады.

Тарихи антропология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің тарихи антропология туралы негізгі базалық білімдерін қалыптастыру. Сонымен қоса, тарихи антропологияның негізгі базалық ақпаратын танымдық-теоретикалық құрылғыларды игеру мен түсіну арқылы зерттеу жүргізуге икемдеу. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Эволюционизмдегі адамның пайда болу мәселесі. Адам бассүйегінің дамуы. Антропогенез. Адам нәсілдері. Орта Азияның ежелгі тұрғындарының антропологиялық зерттелуі. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиялық зерттелуі.

Тарихи география
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: болашақ археологтарды Қазақстандағы тарихи-географиялық зерттеулермен таныстыру. Пән жалпы Қазақстанның және оның жекелеген аудандарының тарихи географиясын зерттеуге бағытталған. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Тарихи географияның зерттеу әдістері және нысандары. Ежелгі өркениеттік тарихи-географиялық аймақтар. Әлем халықтарының нәсілдік ерекшеліктері.

Топографиялық картографиялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: Жер бетінің тұтас, жекелеген аумақтары мен учаскелерінің картографиялық кескінін топографиялық-геодезиялық қамсыздандыру туралы ой қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: фотограмметриялық әдіспен дешифрленген видео ақпараттарды, әуе, космостық және жерасты түсірілімдері нәтижелерін топографиялық және тақырыптық карталарды құрастыру мен жаңарту; жергілікті жерлердің сандық моделін құрастыру.

Топографиялық сызу және инженерлік графика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: Инженерлік сызбаларды құрастырудың заманауи техологиялары мен оны қолдану жолдарын білу. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: сызу материалдары мен аспаптары; қаламмен жұмыс, сызба перосымен, рейсфедермен, циркульмен жұмыс; бояумен жұмыс; пленкалар мен пластиктерде сызу; карталардың шартты белгілері; картографиялық түп нұсқаларды сызу; ойып сызу негізі, жамылғылары, аспаптары; тақырыптық карталардың түп нұсқасын алу әдістері мен техникасы, картографиялық шрифт, шартты белгілер.

Түркі әлемі халықтарының этнографиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: студенттерді түркі этностарының этнографиясымен, этногенезімен және тарихымен таныстыру.Пән түркі этностары этногенезінің негізгі жағдайын, этнос теориясын, түріктердің әлеуметтік-этникалық стратификациясының ерекшеліктерін зерттейді, сондай-ақ студенттерді түркі әлемінің мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерінің спецификасы мен этногенезі туралы тарихи деректер мен этникалық тарихымен таныстырады.

Фольклордағы антрополого-этнографиялық мектептер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: фольклористиканың антрополого-этнографиялық мектептері туралы ой қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: Фольклористиканың этнология және әлеуметтанумен байланысы, фольклористиканың мифологиялық мектебі, этнопсихологиялық мектеп, миграциялық теория, тарихи мектеп, структурализм, фольклорды диалектико-материалистік зерттеу.

Шежире этнографиялық дерек
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттерге ұлттық төл дерек – шежіресінің ғылыми тұрғыда зерттелуінің отандық және шетелдік тарихнамада пайымдалуының негізгі бағыттары, мазмұны мен көзқарастар эволюциясы, жетістіктері туралы терең білім алуға теориялық және методологиялық жағынан мүмкіндік жасау. Пән қазақ халқының ру-тайпалық ұйымдары мен құрылымы, ру-тайпалық қатынастардың генезисі мен дамуы туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Шежіре-фольклорлық тарихнаманың негізгі бағыты. Шежіре-тарих дереккөзі. Қазақ этносының этностық тарихы. Кіші, орта, ұлы жүздерге кіретін рулар.

Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – адамның табиғатпен, оның ішінде туристік-рекреациялық қызмет процесінде өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру принциптерін жүзеге асыратын қазіргі заманғы экологиялық менеджмент тұжырымдамалары негізінде бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру.Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, оның ішінде саяхат кезінде авариялардың, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Диплом алды
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты - болашақ кәсіби қызметке байланысты практикалық мәселелерді шешу үшін технологиялық және химиялық пәндердің теориясы мен әдістемесін интеграциялау қабілетін қалыптастыру. Тәжірибе білім беру бағдарламасын игеру барысында алынған құзыреттіліктерді қолдана отырып, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы нақты мәселелердің тәуелсіз шешімін қалыптастыруға бағытталған.

Өндірістік практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - 1. Мақсаты-теориялық білімді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін игеру. Нәтижесінде келесі құзыреттер пайда болады: - есеп ақпаратын іздеу, сыни талдау, жинақтау және жүйелеу қабілеті; кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру; - тиісті саладағы кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді есепке алу ерекшеліктерін зерделеу; – ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті жасау және есепке алу дағдыларын меңгеру; - ХАА сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүргізу техникасын меңгеру.

Учебная
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Алған теориялық білімдерін бекіту, студенттерге кәсіби бағыт беру; кафедраның, факультеттің, университеттің ғылыми қызмет бағыттарымен, құрылымымен танысу. - физикалық заңдар мен теориялар білімдерін табиғаттағы заттар, күштер мен өзара іс-қимылдарды түсіндіру үшін пайдалану; алған білімдерін практикалық қызметте және күнделікті өмірде пайдалану;

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген