Генетика

Генетика

БIЛIКТIЛIГІ

  • бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1. Молекулалық-генетикалық, биохимиялық, морфофизиологиялық ерекшеліктерді талдау және түсіндіру;
ON2. Молекулалық, клеткалық және организм деңгейлерінде тұқымқуалаушылық және өзгергіштікті түсіндіру;
ON3. Тіршілік ортаның түрлі факторларына байланысты организмдердің генетикалық өзгергіштігін бағалау;
ON4. Генетикалық заңдылықтарды анықтайтын модельдік организмдер мен тест-жүйелермен эксперименттерді жүргізу;
ON5. Ғылыми-өндірістік орталықтарда және зертханаларда GLP ережелері мен биоэтиканың қағидаттарына сәйкес генетикалық әдістемелерді қолдануда жұмыстардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау;
ON6. Селекциялық орталықтарда қолайсыз факторларға тұрақтылығы бар және жоғары өнімді ауыл шаруашылық мәдени сортар және қол тұқымдардың түрлерін шығару үшін жалпы және молекулалық генетиканың заманауи әдістерін қолдану.
ON7. Перинатальды орталықтарда тұқым қуалаушылық ауруларды диагностикалау және алдын-алу үшін және сырттан тыс ұрықтандыру зертханаларында халықтың репродукция мәселелерін шешуде жалпы және молекулалық генетиканың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
ON8. Кеден және санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалауда ГМО-ы бақылау үшін, криминалистика зертханалрында жеке адамды идентификациялау және туыс болуын анықтау үшін сараптамалардағы молекулалық-генетикалық әдістерін қолдану;
ON9. Қоршаған ортаның генетикалық мониторингне қатысты генетикалық зерттеулердің заманауи жабдықтарын және есептеу құралдарын зертханалық және дала жағдайларында пайдаланып генетикалық зерттеулерді іске асыру;
ON10. Информациялық технологияларды пайдалану негізінде ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық ақпаратқа талдау жасау;
ON11. Интерактивтік әдістерді, формаларды және оқыту құралдарын пайдалану; оқулық материалдарды ауызша, жазбаша және графикалық нысанында ұсынуды білу;
ON12. Кәсіби және жеке, өз-өзімен білім алу арқылы болашақ карьерасын модельдеу және оқыту жолын жоспарлау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Генетика
Мамандық шифры
6B05105
Факультеті
Биология және биотехнология

пәндер

Адам және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: адам мен жануарлардың анатомиясы мен физиологиясының негізгі ұғымдарын сипаттау және мүшелердің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты, организмнің гомеостазын сақтау механизмдерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру Оқыту нәтижелері: барлық ішкі мүшелері мен жүйелерінің құрылысын, олардың қызметін, қызметтің реттелу негіздерін түсіндіру; мүшелер топографиясы мен олардың жүйелерін түсінуді; организнің әртүрлі жүйелерінің, олардың жеке құрылымдық элементтерінің және организмнің қызметінің жалпы заңдылықтары мен ерекше белгілерін түсіндіру және жүйелеу; физиологиялық зерттеулерді қолдану және талдау дағдысын білу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Microsoft Office Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Электрондық оқыту. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар.

Әлеуметтану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі ( Психология)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану/ Саясаттану/ Мәдениеттану/ Психология)
  • Кредит саны - 8
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі/ (Мәдениеттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Бейорганикалық және органикалық химия
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қарапайым заттар мен табиғаты бейорганикалық және органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін түсіндіру үшін химия заңдылықтарын қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: реакциялардың жүру ерекшеліктерін, өнімдердің құрамын, құрылымын және қасиеттерін болжау үшін әрекеттесетін заттардың құрылымы, құрамының өзгеруі және реактивтілігі туралы білімдерін қолдану; тәжірибелердің нәтижелерін талдау және қисынды тұжырымдар жасау үшін химиялық эксперименттің дағдыларын игеру.

Биостатистика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: генетикалық зерттеулердің нәтижелерінің сенімділігін анықтау үшін статистикалық талдау әдістерін таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және өңдеу және биостатистика негізіндегі ғылыми негізделген қорытындыны шығару; статистикалық өңдеудің негізгі әдістерін (Стьюдент тесті, Фишер тесті, хи-квадрат, корреляциялық талдау, бір факторлы дисперсиялық талдау), сонымен бірге бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.

Биохимия
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – тірі организмдердің биохимиялық процестерінің құрамы, қасиеттері, құрылысы және қызметі, биополимерлердің биологиялық әсерінің ерекшеліктері, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың функционалдық топтары, липидтер, ферменттер, гормондар, витаминдер, аминқышқылдары, зат алмасудың реттелуі, зат алмасу және зертханалық жағдайда биохимиялық талдау әдістері туралы жүйеленген білімді қалыптастыру.

Генетика
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттерге тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік механизмдері туралы тұтас жүйені қалыптастыру, генетикалық эксперименттердің нәтижелерін талдау және зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасау, мұрагерлік белгілердің негізгі заңдылықтарын, мұрагерлік түрлерін түсіну, аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу механизмдерін түсіну, кроссинговер, популяциядағы генетикалық процестердің заңдылықтарын талдау.

Генетикалық инженерия
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: гендік инженерияның молекулалық-генетикалық әдістерін тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: гендік инженерия негізделген теориялық, іргелі білімін көрсету; генетикалық инженерияның қағидаттары мен даму сатыларын және геннің орналасуын түсіндіру; геннің немесе гендердің орналасуын анықтауға статистикалық және математикалық әдістерін қолдану.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Күтілетін оқу нәтижелері: 1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету; 2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу; 3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру; 4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу; 5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).

Математика және физика
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің математика мен физиканы практикада қолдану қабілетін қалыптастыру, іргелі физикалық заңдар мен теорияларды түсіндіру болып табылады. Пән жоғары математиканың негіздерін және механика заңдарын, молекулалық физика мен термодинамика, электромагнетизм және оптика, конденсацияланған күй физикасы, атом және ядролық физика тарауларын оқытуға бағытталған.

Мәдениеттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бакалавриат студенттерінде әлемдік мәдениет пен өркениет аясында отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігі түсінігін, өзінің жеке кәсіби қызметінде жылдам өзгермелі мультимәдени әлем мен қоғамда қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау стратегиясын жүргізе алуды қалыптастыру.

Медициналық және криминалистикалық генетика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: адамның тұқым қуалайтын патологиялардың пайда болуында тұқым қуалайтын факторлардың рөлін талдау қабілетін қалыптастыру, криминалистикада пайдалынатын молекулалық-генетикалық әдістерді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: генетикалық аурулардың молекулалық, биохимиялық және цитологиялық негіздерін түсіндіру; адам ауруларының тұқымқуалу типін анықтау үшін шежіре құрастыру; тұқымқуалайтын аурулардың пайда болуына тұқымқуалаушылық фактордың үлесі мен қоршаған ортаның әсер ету дәрежесін есептеу; тұқымқуалайтын патологиялардың популяциялық көріну жиілігін есептеу; аталық, аналық, туыстас ДНҚ-ны анықтау әдістерін қолдану; биоматериалдардың нақты үлгілері үшін молекулалық диагностикалық сынақтардың тиісті әдісін анықтау.

Микробиология
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: микроорганизмдер мен вирустарды зерттеу объектісі ретінде пайдалану қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: прокариотты клетканың құрылымдық ұйымдастырылуын сипаттау; микроорганизмдерді ғылыми зерттеу объектісі ретінде және практикалық мақсатқа қолдануын түсіну; микробты дақылдарымен жұмыс істеу, қоршаған орта объектілерінен бөліп алу; микроорганизмдерді зерттеу мақсатында микроскопиялық әдістерді қолдану.

Микробиология және вирусология
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Молекулалық биология және генодиагностика
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тұқымқуалаушылықтың молекулалық тасымалдаушылары, белоктар мен нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі туралы білімдерін қолдана білуді, молекулалық диагностикада нуклеин қышқылдарын талдау әдістерін қолдана білуді қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: про- және эукариоттар гендерінің геномын ұйымдастыру қағидаттарын негіздеу; ДНҚ, РНҚ және белоктардың физико-химиялық қасиеттерін талдау; нуклеин қышқылдарын талдаудың негізгі тәсілдерін қолдану; организмның кез келген даму сатысында тұқым қуалайтын ауруларды молекулалық диагностикалауға пайдалану.

Молекулалық-генетикалық талдау
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тәжірибелік зерттеулерде молекулалық-генетикалық әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: гендік мутациялар мен аминқышқылдарының жеке алмастырылуларды анықтау әдістерді қолдану; ферменттердің сандық және сапалық өзгергіштігін, қандағы топқа тән заттарды, ферменттер мен басқа белоктардың полиморфизмін анықтау; организмдегі заттардың (амин қышқылдар, көмірсулар, липидтер, пуриндер және пиримидиндер, металдардың) алмасуы арқылы тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін ПТР-тесті қолдану.

Өсімдіктер мен жануарлар биоалуантүрлілігі
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерге өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биоалуантүрлілігі, биосферадағы және адам тіршілігіндегі олардың рөлі туралы тұтас жүйелік білімдерін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: табиғаттағы өсімдіктер және жануарлар биоалуантүрлілігінің морфологиялық ерекшеліктерін сипаттау; теориялық, практикалық мәселелерді шешуде және маңызды биологиялық процестерді түсіндіруге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында алған білімді пайдалану.

Психология
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – басқару психологиясының негізгі түсініктерін зерттеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми-негізделген даярлықпен қамтамасыз ету, таңдалған мамандық шеңберіндегі кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару аймағының маңызды мәселелерінің теориясын түсініп және практикада қолдану үшін қажетті алғышарттарды құру. Бұл курс психологиялық ғылым мен практика дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес ғылыми білімдермен таныстырады.

Саясаттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Саясаттану» оқу пәні ретінде әлем саясаты мен қазіргі саяси процесстерінің заңдары мен заңдылықтары туралы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұлттық мүдделерді жүзеге асыру негізінде білім қалыптастырып, ұлттық мемлекеттердің мәні мен мазмұнын түсіндіреді. Оқу барысында түрлі саяси жүйелердегі ішкі және сыртқы байланыстар, қарым-қатынастарды түсінуге, саясаттың әлеуметтік өлшемнің объективті критерийлерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Философия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.

Цитогенетика
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: хромосомалардың жіктелуі мен талдауының заманауи цитогенетикалық әдістерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: интерфаза және метафазалық хромосомаларының, политендік хромосомалардың және "лампалы щетка" тәрізді хромосомалардың құрылымы мен функциялары туралы білімдерін көрсету; хромосомалық жиынтықта (хромосомалық, геномдық мутация) генетикалық өзгерістерді және оларды тудыратын себептерді талдау; цитогенетикалық талдауды жүргізу; қалыпты және хромосомалық патологиядағы өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың кариотипін талдау және құру.

Цитология, гистология және эмбриология
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жануарлар мен адамның негізгі клеткалары мен ұлпаларын, эмбрионалдық дамуының жалпы заңдылықтарын анықтау және талдау қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: қалыпты жағдайда клеткалар мен тіндердің жұмысын түсіндіру; организмдегі патологиялық өзгерістерді бағалау және талдау; клеткалардың және клеткааралық заттарды сипаттайтын тіндердің түрлерін анықтау; зерттелетін объектіге гистологиялық және цитологиялық зерттеу жүргізу; түрлі модельдік объектілердің эмбриондарының қалыптасу кезеңдерін, олардың қалыптасу және реттеу жолдарын жіктеу.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Абай ілімі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

Ауылшаруашылық биотехнология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ғылыми-практикалық жобаларды жасау және жүзеге асыру үшін өсімдіктер мен қол тұқымдар жануарлар селекциясының заманауи жетістіктерін талдау қабілеттерін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: өсімдіктер және жануарлар генетикасы мен селекциясының теориялық негіздерін талдау; жыныстық көбею кезінде белгілердің тұқым қуалаушылық заңдылықтарын саралау; аллельдік және аллельдік емес гендердің өзара әрекеттесу механизімдерін және олардың негізінде құрылған жаңа формалардағы ауылшаруашылық құнды белгілердің тұқым қуалау маңыздылығын түсіндіру.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

Генотоксикология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: генотоксиканттардың әсер етуінің молекулалық механизмдерін және организмнің генотоксиндық факторлардың әсеріне төзімділігін арттыру жолдарын бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: тірі организмдерде экотоксиканттарды енгізу, бөлу, конверсиялау жолдарын талдау; тұқым қуалайтын өзгерістердің механизмдерін түсіндіру; адам әсерінің биотаға генетикалық салдарын болжау; ағзаны жасуша деңгейінде генотоксиканттардан қорғаудың сайма-сай әдістерін қолдану; генотоксиканттардың себептерін және әсерін талдау.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ғылым саласындағы танымдық іс-әрекетте дағдылар қалыптастыру. Ақпаратты түсіну және игеру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Зерттеу нысанын сипаттай білу. Ғылыми білімнің объективті мазмұнын алу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу әдістерін меңгеру. Негіздеу, бекіту, бағалау үшін зерттеудің аналитикалық және практикалық әдістері мен дәлелдеу жүйелерін қолдану.

Даму және мінез-құлық генетикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: органогенездің және онтогенездің генетикалық механизмдерін түсіндіру сипаттау және адамдар және жануарлардағы тұқым қуалау мен мінез-құлық заңдылықтарының қалыптасуы арасындағы байланысты талдау қабілетін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: дамудағы гендердің өзара әрекеттесуін, дамуды бақылайтын генетикалық жүйелердің ұйымдасуын және жұмыс істеуін талдау; онтогенездің әртүрлі деңгейлерін бақылайтын гендерді (клеткалардың бөлінуі, апоптоз, эмбриогенез, гистогенез, клеткалардың дифференциациясын) анықтау; адаптивті мінез-құлықтың стереотиптік формаларының тұқымқуалаушылығын сипаттау; онтогенезде мінез-құлықтың қалыптасуында генетикалық және экологиялық әсердің салыстырмалы рөлі мен өзара әрекеттесуін анықтау.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, жеке өмірінде және жұмыс орнында, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

Иммунология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: иммундық жүйенің туа пайда болған ерекшелік емес және жүре пайда болған ерекшелік иммунитеттердің барлық түрлері мен механизмдерін, иммундық жасушалардың қызметтерін және лимфомиелоидты мүшелердің қалыптастыру, өсу және инволюция кезендерін тану қабілеті болу тиіс. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: алған білімді ғылыми-зерттеу жұмысында, педагогикалық практикада және басқа қолданбалы ғылым салаларында қолдану керек, иммундык жүйенің құрылысы мен қызметтерін, иммундык жауаптың даму механизмдерін, қалыпты жағдайда және патологияда иммундык реакциялардың даму және өзара іс-қимыл жолдарын талдай білу керек.

Кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

Қолданбалы генетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: пәнаралық зерттеулер жүргізу үшін қолданбалы генетиканың жетістіктері мен перспективасын талдау қабілеттерін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: қолданбалы генетика әдістері туралы білімді көрсету: трансгендік өсімдіктер мен жануарларды алу; тұқым қуалайтын аурулардың гендік терапиясы, генетикалық дактилоскопия және оларды практикада қолдану; қоршаған ортаның ластануының генетикалық аспектілерін болжау, организмдерді мутагендік факторлардан қорғау тәсілдерін талдау.

Молекулалық фитопатология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: өсімдік иммунитетінің түрлері мен механизмдерін сипаттау және өсімдіктердің патогендерге сезімталдығы мен төзімділігіне әсер ететін факторларды бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустардан туындаған, сондай-ақ қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болған, өсімдіктердің жұқпалы ауруларының генетикалық және молекулалық негіздерін түсіндіру; мәдени өсімдіктердің генетикалық коллекциясының фитопатогендерге төзімділігін бағалау; фитопатогендік микроорганизмдердің геномдық полиморфизмін зерттеу.

Мутагенез
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мутагендік факторларды сипаттау және олар туындаған бұзылыстарды бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: мутациялық процестің теориялық және тәжірибелік негіздерін түсіндіру; теориялық білімді тератологиялық кемістіктерді және өздігінен туындайтын тұқым қуалаушылық өзгерістерді талдауда қолдану; макромолекулалар, клеткалар және организм деңгейінде мутацияларды анықтауға арналған микробиологиялық, цитогенетикалық және молекулалық әдістерді практикада қолдану.

Нейробиология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жүйке жүйесінің функционалдық ұйымдастырылуы туралы жүйелі білімдерін көрсете білуді қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін, дамуын, генетикасын, биохимиясын, физиологиясын және патологиясын зерттейтін ғылым ретінде нейробиология туралы білімдерін көрсету; адамның физиологиялық функцияларын реттеудегі және қалыпты мен патологиялық жағдайларда ағзаның резервтік мүмкіндіктерін мақсатты басқарудағы жоғары жүйке қызметінің рөлін талдау.

Өсімдіктердің иммуногенетикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Өсімдіктерді қорғау үшін өсімдіктердің зиянкестерге қарсы иммунитетінің механизмдерін талдай білуді қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: тұқымдық өсімдіктердің иммуногенетикалық жүйесі туралы білімдерін көрсету; Ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлеріндегі иесі мен зиянкестер жүйесіндегі қарым-қатынас ерекшеліктерін бағалау: молекулалық-генетикалық, организмдік және биоценоздық; конституциялық және индукциялық иммунитеттің механизмдерін және олардың өсімдік шаруашылығында қолданылуын анықтау; зиянкестерге қарсы тұру үшін әртүрлі өсіру стратегияларын қолданыңыз.

Фармакогенетика және онкогенетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тұқым қуалайтын факторларға байланысты адам ағзасының дәрілерге реакциясын сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру және ісіктің молекулалық-генетикалық негізін талдау. Оқыту нәтижелері: жеке организмнің дәрілік заттарға сезімталдықтың фармакодинамикалық және фармакокинетикалық механизмдерін анықтау; фармакогенетика және онкогенетикасы бойынша алған білімдерін практикада қолдануға және пәнаралық тұрғыдағы мәселелерді шешу; қоршаған ортаға канцерогенді факторларының таралуына байланысты қатерлі ісік ықтималының қаупін түсіну, талдау және бағалау.

Эволюциялық генетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ғылыми және қолданбалы қызметте пайдалану үшін тұқым қуалайтын материалдың эволюциясы туралы білімдерін көрсете білу. Оқыту нәтижелері: тұқым қуалайтын материалдың эволюциясы бойынша білімдерін көрсету және оны тәжірибеде қолдану; популяциялардың генетикалық гетерогенділігін және полиморфизмін талдау; эволюциядағы генетикалық өзгергіштік көздерінің рөлін бағалау; әртүрлі организмдердің геномының эволюциясының механизмдерін талдау.

Эволюциялық теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің Жер бетінде тіршіліктің эволюциялық заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқыту нәтижелері: эволюциялық процестердің факторлары, механизмдері және заңдылықтары туралы білімді жүйеге келтіру; микро- және макроэволюция деңгейіндегі тірі организмдердің эволюциясы туралы фактілерді және мәліметтерді талдауға; эволюцияның синтездік теориясының негізгі ережелерін түсіну; нақты биологиялық деректерді және құбылыстарды талдауда эволюциялық тәсілді қолдану.

Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – адамның табиғатпен, оның ішінде туристік-рекреациялық қызмет процесінде өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру принциптерін жүзеге асыратын қазіргі заманғы экологиялық менеджмент тұжырымдамалары негізінде бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру.Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, оның ішінде саяхат кезінде авариялардың, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Диплом алды
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты - болашақ кәсіби қызметке байланысты практикалық мәселелерді шешу үшін технологиялық және химиялық пәндердің теориясы мен әдістемесін интеграциялау қабілетін қалыптастыру. Тәжірибе білім беру бағдарламасын игеру барысында алынған құзыреттіліктерді қолдана отырып, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы нақты мәселелердің тәуелсіз шешімін қалыптастыруға бағытталған.

Дипломалды
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты: практиканы өткен ұйымның, мекеменің жұмысын зерттеу негізінде теориялық білімдерін бекіту, талдау және басқару жұмысының дағдыларын иелену. Дипломдық жұмыс үшін материал жинау. Бекітілетін дағдылар: кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау, кәсіпорындардың кемшіліктері мен артықшылықтары, серіктестер картотекасын, келісімдерді, контрактарды құрастыру; мәжілістерді, кездесулерді, келісімдерді өткізу, қызметкерлерді іріктеу, командада жұмыс істеу.

Кәсіби (оқу-дала) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы -

Кәсіби (өндірістік) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты таңдаған мамандық саласында кәсіби білімді қалыптастыру, Бағдарламаның бағыттары мен арнайы пәндері бойынша алынған теориялық білімді бекіту, таңдаған мамандандырылған даярлық бағыты бойынша қажетті кәсіби құзыреттілікті меңгеру болып табылады. Өндірістік практикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға арналған.

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты - химиялық өндірістің технологиялық сызбаларын оқу, белгілі бір химиялық кәсіпорын мысалында жабдықтар, материалдар таңдау және жобалық-жобалық шешімдерді негіздеу, дамыту барысында алынған құзыреттерді жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. тәжірибе барысында өндірістік тапсырмаларды орындауға арналған модуль. Тәжірибе нақты химиялық өндірістердің құрылымын, ережелерін, жабдықтары мен материалдарын игеруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген