Жерге орналастыру

Жерге орналастыру

БIЛIКТIЛIГІ

  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1. Жер пайдаланудың планын, профильдерді, жерге орналастыру жобасының жоспарын, кадастрлық карталарды жасау, карталарды корректировкалау, жоба шешімдерін жер бетіне шығару, сызбаның толықтығы мен егжей-тегжейлігін бағалау үшін теодолиттермен, нивелирлермен, электронды тахеометрлермен және GPS геодезиялық өлшеулерді және түсірулерді жүргізуге;
ON2. жерге орналастыру мақсаттары үшін қашықтықтан зондтау әдістерін қолдану, ғарыштық суреттерден материалдарды алу, ГАЖ технологиясын қолдану, суреттерді өлшеу және жердің моделін жасау арқылы топографиялық жоспарларды және жер пайдалануы жоспарларын жасауға;
ON 3. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін шешуге, ел экономикасының салалары арасында жерді оңтайлы бөлу үшін жерге орналастырудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар арқылы көп нұсқалы экономикалық негіздеуді қолдана отырып, жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге;
ON 4. Топырақтану және геоботаника деректерін, агрохимия негіздерін, жерді мелиорациялау, ландшафтану және бейімделген-ландшафтық жүйелер негіздерін пайдалану арқылы топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ауылшаруашылық алқаптарының өнімділігін арттыру және қоршаған ортаның экологиялық тұрақты ландшафтарын жасау жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге;
ON 5. ҚР жер ресурстарын тиімді және нәтижелі пайдалану мен басқару үшін жерге орналастырудың негізгі проблемаларын жерге орналастыру, жерді пайдалануды жоспарлау мен болжау, жерді мемлекеттік бақылау пәндері бойынша алған білімдерін пайдалану арқылы шешуге;
ON 6. Жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру мерзімін жеделдету, жерге орналастыру жұмыстарының тиімділігін арттыру; эрозия процестерінің дамуына, егістік алқаптардың нашарлауына байланысты шұғыл шараларды қабылдау; ауылшаруашылық өсімдіктерінің өсу процессін бақылауға және теріс процестерді алдын алуға және оларды жою бойынша шұғыл шараларды қабылдауға жерді қашықтықтан зондтау әдістерін, геоақпараттық технологияларды, космостық суреттерді, жерге орналастыруды жобалаудың автоматтандырылған жүйесін қолдану арқылы жерге орналастыру процессін жетілдіруге;
ON 7. Жердің құнарлылығын сақтау және жетілдіру, жерді эрозиядан және шөлденуден қорғау бойынша жаңа ғылыми ақпараттарды қолдану арқылы жерді рекультивациялау және жақсарту, ауыл шаруашылық алқаптарды мелиорациялау жобаларын жасауға;
ON8. Жерге орналастыру, жерді пайдалануды жоспарлау және болжау, жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін жер ресурстарының жай-күйі туралы мәліметтер қорын құру және жаңартуда жаңа әдістер мен технологияларды қолдану; әмбебап бағдарламалық пакеттерді, түрлі патенттік және әдеби көздерден алынған ақпараттарды, Интернет-ресурстарын, компьютерлік технологияларды, ГАЖ және жер кадастрының ААЖ қолдану.
ON9. Жер дауын шешуде құзыретті болуға, жерді пайдалану және қорғауды бақылау үшін, басқару және жер қатынастарын реттеу үшін жер туралы заңнаманың және юриспруденцияның, жер учаскелеріне жылжымайтын мүлік және табиғи ресурс ретінде қатысты, басқа бөлімдерін, жер Кодексін, Азаматтық және Қылмыстық заңдардың ережелерін қолдануға.
ON 10. Жер қатынастарының дамуын әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тарихи, саяси жағдайымен, Қазақстан Республикасының конституциялық және құқықтық негіздерімен, жер заңнамасының негіздерімен салыстыруға және бағалауға.
ON 11. Бағалық аудандастыру және жерді бағалау үшін, жерге орналастыру жобаларын жасау үшін; елдің азықтық қауіпсіздігін сақтау үшін, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жердің тозуына байланысты уақытылы шаралар қабылдау үшін жер ресурстарының деректерінің дұрыстығы мен толықтығын талдауға және бағалауға;
ON 12. Өнеркәсіптік, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша, жер заңдары мен юриспруденция ережелерін сақтау бойынша өздерінің көзқарасын білдіруге; көпұлтты және мәдениеттері әртүрлі ұжымда жұмыс істеуге; салауатты өмір салты туралы әлеуметтік маңызды идеяларды қолдануға. Жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдыларын мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдануға.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Жерге орналастыру
Мамандық шифры
6B07303
Факультеті
География және табиғатты пайдалану

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Microsoft Office Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Электрондық оқыту. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар.

Әлеуметтану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі ( Психология)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану/ Саясаттану/ Мәдениеттану/ Психология)
  • Кредит саны - 8
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі/ (Мәдениеттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Геоботаникалық ізденістер, ландшафтану және егіншіліктің бейімделген-ландшафттық жүйесі
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ботаникалық нұсқаулықты пайдалана отырып, түрлердің әртүрлілігін анықтауда, геоботаникалық карталар мен учаске профилін құрастыруда білім мен дағдыларды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән геоботаникалық зерттеу әдістері мен амалдарын зерттеуге және әр түрлі топырақ жағдайларында, жер бедерінің алуан түрлілігінде, табиғи-экономикалық жағдайлардың әсерінен егіншілік жүйесін пайдаланудың геоботаникалық карталары мен профильдерін құрастыруға бағытталған.

Геодезия
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - геодезиялық өндірістің заманауи шарттарында топографиялық-геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлерінің теориялық және практикалық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән зерттеуге бағытталған: географиялық, тікбұрышты координаталарды, дирекциондық бұрыштарды, азимуттерді; теодолитпен, нивелирлермен, электрондық тахометрлермен және басқа геодезиялық құралдарды пайдалану әдістерімен, сызықтарды бағыттау және топографиялық карталар мен пландарды қолдану жолдарымен.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.

Жер құқығы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты жерге және жер пайдалануға меншік құқығы механизмдерінің негізгі даму бағыттарын түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жер құқығы субъектілерінің қағидалары мен құқықтық жағдайын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін, сондай-ақ қазіргі жер құқығының негізгі санатын, сот талқылауының ерекшеліктерін жүйелендірудің негізін қалыптастырады. Пән жер заңнамасын дамыту саласындағы заманауи тәсілдерді зерттеуге бағытталған.

Жер ресурстарын басқару
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты нарық жағдайында жерді басқарудың рөлі, орны, қағидаттары, әдістері туралы білімді пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру қалыптастыру. Пән басқарудың шешім қабылдау құралдарын анықтаудың, жерді басқарудың экономикалық, саяси және әлеуметтік тиімділігін анықтаудың, жерді басқарудың негізгі принциптерін, әдістерін және нысандарын зерттеу және жер қатынастарын реттейтін теориялық және әдіснамалық негіздерді қалыптастыруға бағытталған.

Жер ресурстарын пайдалануды кеңістіктік жоспарлау, болжау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – жер ресурстарын пайдалануды кеңістіктік жоспарлау және болжау әдістемесін зерттеу. Пән жер пайдалануды болжау әдістемесі бойынша түсіндіру негіздерін; Республиканың жер ресурстарын ұзақ мерзімді перспективаға пайдаланудың бас схемасын; жерді аймақтарға бөлу схемаларын; жерге орналастырудың аймақтық схемасында жерді сақтау және ұтымды пайдалануды; ауданды дамыту схемасының мазмұны мен әдістемесін оқуға бағытталған.

Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – жер учаскесін жобалауда жоспарлау және картографиялық материалды пайдалану. Пән жер кадастры үшін жобаны табиғатқа, шекараларды анықтау және т.б. жұмыстар кезінде бастапқы топографиялық-геодезиялық материалдарды жинау және дайындау бойынша білім беруге, сондай-ақ ел экономикасының салалары арасында жерді бөлу кезінде жерге орналастыру жұмыстарын сапалы орындауға бағытталған.

Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми және теориялық негіздері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – жерді пайдалануды ұтымды ұйымдастыруда, жерге орналастыру жобаларын жасауда теориялық, ғылыми және тәжірибелік дағдыларды меңгеру. Пән: жерге орналастыру және кадастрдың теориялық және ғылыми негіздерін, жерге орналастырудағы жобалық шешімдерді қабылдауға әсер ететін факторларды, жер қатынастарының, жерге орналастыру және жер кадастрын дамыту тарихына шолуды, жер ресурстарын басқарудың жер ресурстарын басқару жүйесіндегі қызмет ету заңдылықтарын зерделеуге бағытталған.

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – бұзушылықтарды анықтау, оларды жою туралы ескерту, жер заңнамасын сақтамағаны үшін жазаны анықтау қабілеттерін қалыптастыру. Пән жерді жөнсіз бөлудің, мақсатсыз пайдаланудың келеңсіз зардаптарын анықтау, жою, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту, заңнамалық базаны зерделеу, пайдалану, қорғау саласында мемлекеттік тексеру жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Жер-шаруашылығын орналастыру, елді мекендерді жоспарлау және аймақты инженерлік жабдықтау
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ауылдық елді мекендердің жерге орналастыру процесін жүргізу тәртібін және аумақты инженерлік дамыту жобасын әзірлеу әдістемесін зерделеу. Пән елді мекендерді аймақтарға бөлу және жерді жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздерін, елді мекендердің жоспарлау нормалары мен жер-шаруашылық құрылымын, аумақты инженерлік игеруді жүргізу әдістерін қалыптастыруға бағытталған.

Жоғарғы математика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – маңызды математикалық ұғымдар мен тұжырымдар туралы түсінік қалыптастыру. Пән: табиғи-қолданбалы міндеттерді шешуге арналған жоғары математиканың негізгі анықтамаларын, теоремалары мен ережелерін; сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалдық және интегралдық есептеулердің ұғымдары мен әдістерін; векторлар мен матрицаларға байланысты концепциялар мен әдістерді, дифференциалдық теңдеулерді шешу жолдарын.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Күтілетін оқу нәтижелері: 1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету; 2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу; 3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру; 4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу; 5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).

Қолданбалы топырақтану
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс топырақтың генезисі, құрамы мен қасиеттері, тау жынысының топыраққа айналуы, оның биосфералық функциялары, таралуының географиялық заңдылықтары және топырақтың қазіргі экологиялық жағдайы және оларды ұтымды пайдалану жолдары мәселелерін зерттейді. Қарашірік пен қоректік заттардың жинақталу үрдістеріі, тұзды және тозған топырақты мелиорациялау, агрохимиялық қасиеттері және топырақ құнарлылығын жоғарылататын тыңайтқыштар, пестицидтерді қолдануды қарастырады

Мәдениеттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бакалавриат студенттерінде әлемдік мәдениет пен өркениет аясында отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігі түсінігін, өзінің жеке кәсіби қызметінде жылдам өзгермелі мультимәдени әлем мен қоғамда қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау стратегиясын жүргізе алуды қалыптастыру.

Психология
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – басқару психологиясының негізгі түсініктерін зерттеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми-негізделген даярлықпен қамтамасыз ету, таңдалған мамандық шеңберіндегі кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару аймағының маңызды мәселелерінің теориясын түсініп және практикада қолдану үшін қажетті алғышарттарды құру. Бұл курс психологиялық ғылым мен практика дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес ғылыми білімдермен таныстырады.

Саясаттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Саясаттану» оқу пәні ретінде әлем саясаты мен қазіргі саяси процесстерінің заңдары мен заңдылықтары туралы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұлттық мүдделерді жүзеге асыру негізінде білім қалыптастырып, ұлттық мемлекеттердің мәні мен мазмұнын түсіндіреді. Оқу барысында түрлі саяси жүйелердегі ішкі және сыртқы байланыстар, қарым-қатынастарды түсінуге, саясаттың әлеуметтік өлшемнің объективті критерийлерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Философия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.

Фотограмметрия және әуеғарыштық суреттерді дешифрлеу картография негіздерімен
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қашықтықтан зондтау және фотограмметрия материалдары негізінде оперативті ақпаратты талдау қабілетін қалыптастыру, танымның картографиялық әдістерін ғылыми және практикалық қызметте қолдану. Пән: пландар мен карталарды құру үшін қашықтықтан зондтау мәліметтерін пайдалану, қазіргі заманғы түсіру жүйелері, аэрофототүсірілімдерді зерттеу, суреттерді цифрлық фотограмметриялық өңдеу технологиялары және жерге орналастыруда қашықтықтан зондтау деректерін пайдалануды оқуға бағытталған

Шаруашылық аралық және учаскелік жерге орналастыру
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шаруашылық аралық және аудандық жерге орналастыру жобаларын әзірлеу негіздерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдалануын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу әдістемесін қалыптастыруға, жерге орналастырудың, мелиорация мен жерді қорғаудың экономикалық тиімділігін зерттеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруд, егістік жер; сортаңдарды мелиорациялау, жайылымдар мен шабындықтарды түбегейлі жақсарту, жерді мелиорациялау, жерге қосуды зерттеуге бағытталған.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

Ішкі шаруашылық және аумақтық жерге орналастыру
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: әрбір жер учаскесін, жер контурын табиғи қасиеттеріне сәйкес ұтымды пайдалану және суармалы егіншіліктің жағдайы мен даму болашағы туралы білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Пән шаруашылық iшiндегi жерге орналастырудың мазмұны мен мiндеттерi, ирригация, бау-бақша және шабақ шаруашылығы салаларындағы жерге орналастыру жобаларын әзiрлеудiң теориялық және әдiстемелiк негiздерi бойынша бiлiмдi қалыптастыруға бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Абай ілімі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

Бағалық аймақтау және жерді бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жерді бағалық аймақтарға бөлуді және бағалау әдістерін және практикалық дағдыларды пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән игеруге бағытталған: жер учаскелерінің құнын есептеу әдістері; жерге баға белгілеудің мақсаттары мен міндеттері; әртүрлі санаттағы жерді бағалау қағидаттары, жерді баға белгілеу әдістері мен тәсілдері, жерді бағалық аймақтарға бөлу принциптерін басшылыққа алу.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ғылым саласындағы танымдық іс-әрекетте дағдылар қалыптастыру. Ақпаратты түсіну және игеру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Зерттеу нысанын сипаттай білу. Ғылыми білімнің объективті мазмұнын алу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу әдістерін меңгеру. Негіздеу, бекіту, бағалау үшін зерттеудің аналитикалық және практикалық әдістері мен дәлелдеу жүйелерін қолдану.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, жеке өмірінде және жұмыс орнында, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

Жер заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты жердің бұзылуы туралы білімді пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән бағытталған: ҚР Конституциясы мен жер туралы заңдарында белгіленген жерді басқару және пайдалану тәртібіне бағытталған заңсыз әрекеттер; меншік құқығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыларға құқықтық жауапкершілікті қолдану: әкімшілік; қылмыстық; тәртіптік; материалдық және жер құқықтық.

Жер кадастры және жер мониторингі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқудың мақсаты – жер-кадастрлық және мониторингтік жұмыстарды жүргізу әдістемесі бойынша білімді қалыптастыру. Пән оқуға бағытталған: жер кадастры мәліметтерін алу, өңдеу және талдау әдістерін; акт және жер балансын жасау, жерді бағалау, жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау, оларды бағалау, келеңсіз процестердің салдарын болдырмау және жою жөнінде болжам жасау және ұсыныстар әзірлеу.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жер қатынастарын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық аспектілеріне байланысты білімдерді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Пән: жер қатынастарын реттеу жөніндегі мемлекеттік басқару қызметінің негіздерін, жердің барлық санаттарына қатысты уәкілетті органдар жүзеге асыратын жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің жеке функцияларының сипаттамасын, жердің жекелеген санаттарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған

Жер телімдерінің нарығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты жер учаскелерімен әртүрлі мәмілелерді жасаудың теориясы мен практикасы бойынша білімін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән бағытталған: нарық құрылымы, субъектілердің функциялары, транзакциялардың заңдық ерекшеліктері; жерді экономикалық бағалаудың негізгі мәселелері, нормативтік-құқықтық базаның осы операцияларға әсері, әсіресе жерді бағалау және баға белгілеудегі. Қазақстанның жер нарығы ағымындағы жағдайы.

Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарының менеджменті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – жерге орналастыру және кадастр бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлаудың принциптері мен әдістерін зерттеу. Пән оқуға бағытталған: менеджментті дамыту принциптерін, басқарудың әдістері мен функцияларын, жерге орналастыру және кадастр бойынша жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін, басқару құрылымдарын, жерге орналастыру ұйымдары мен бөлімшелерінде жоспарлауды, есепке алуды және есептілікті, нормалауды және еңбекақы төлеуді ұйымдастыру, бизнес-жоспарларды әзірлеу.

Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – жерге орналастыру-кадастрлық жұмыстарды жүргізу барысында алынған жер учаскелері туралы жүйелі мәліметтер жинағын құрастыру. Пән жерлердің орналасқан жерін, нысаналы мақсатын және құқықтық жағдайын зерделеуге, жер пайдаланудың жекелеген субъектілері туралы мәліметтерді жинауға, жинақтауға, жерді пайдалану құқығына құжаттарды автоматтандырылған дайындауға және оларды тіркеуге, электрондық жер кадастрлық кітабын жүргізуге, статистикалық есеп беру деректерін оқуға бағытталған.

Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - оның негізгі бөлімдерінің теориялық дамуы және тиімді жоспарлау және жерді пайдалануды жоспарлау және жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін шешуде пәннің мүмкіндіктері мен рөлі жайында білімін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пәнді меңгеру мақсаты - кадастрлық жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру принциптері мен әдістері бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

Жерге орналастыру экономикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат жерге орналастырудың экономикалық мәні, схемалары мен жобаларының тиімділігін бағалау принциптері, әдістері мен критерийлері бойынша білімдерін пайдалану мүмкіндігін қалыптастыру. Пән жерге орналастырудың экономикалық тиімділігі теориясының негіздерін, жоба шешімдерін техникалық-экономикалық және экологиялық негіздеуді, шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларының және учаскелік жұмыс жобаларының жоба шешімдерінің экономиялық тиімділігін бағалау негіздерін зерттейді.

Жерге орналастырудағы автоматтандырылған жобалау жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – автоматтандырылған жүйелерді талдау, жобалау және техникалық қызмет көрсету әдістерін зерттеу. Пән жерге орналастыру ақпаратын жинауға, жинақтауға, өңдеуге және сақтауға, оны есептеулерге дайындауға, ақпаратты енгізуге және оны электронды түрлендіруге мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық әдістерді, модельдеуді және бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін зерттеуге және пайдалануға бағытталған.

Жерге орналастырудағы экономикалық-математикалық әдістерін үлгілеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат – жердің агроэкологиялық қасиеттерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін аумақтық ұйымдастыруды оңтайландыруға, жерге меншік пен жер пайдаланудың ұтымды өлшемдері мен құрылымын белгілеуге, оңтайландыруға, жерді трансформациялау және жақсарту, ауыспалы егістерді орналастыру, топырақ құнарлығын арттыру, эрозияға қарсы шаралар жүйесін жобалауға байланысты мәселелердің кең ауқымын шешу.

Жерге орналастыруды жобалаудағы ақпараттық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – жерге орналастыру ақпаратын өңдеуді автоматтандырудың мәні цифрлық түрдегі жерге орналастыру материалдарын өңдеуде компьютерлік технологияларды белсенді пайдалану болып табылады. Пән әртүрлі типтегі мәліметтерді алу, сақтау, өңдеу тәсілдерін зерттеуге бағытталған; құралдар мен өңдеу құралдары, цифрландырылған объектілерді өңдеу (мысалы, объектілердің, танаптардың, ауыспалы егістердің, жердің трансформациясының сыртқы шекараларын өзгерту) игеруге бағытталған.

Кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – адамның табиғатпен, оның ішінде туристік-рекреациялық қызмет процесінде өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру принциптерін жүзеге асыратын қазіргі заманғы экологиялық менеджмент тұжырымдамалары негізінде бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру.Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, оның ішінде саяхат кезінде авариялардың, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Дипломалды
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты: практиканы өткен ұйымның, мекеменің жұмысын зерттеу негізінде теориялық білімдерін бекіту, талдау және басқару жұмысының дағдыларын иелену. Дипломдық жұмыс үшін материал жинау. Бекітілетін дағдылар: кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау, кәсіпорындардың кемшіліктері мен артықшылықтары, серіктестер картотекасын, келісімдерді, контрактарды құрастыру; мәжілістерді, кездесулерді, келісімдерді өткізу, қызметкерлерді іріктеу, командада жұмыс істеу.

Кәсіби (оқу) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - практикада «Геодезия» пәнін меңгеру барысында қалыптасқан білімдерін және дағдыларын жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу өндірістік жағдайларына барынша жақындату арқылы қолданып, сол жұмыстарды далалық жағдайда орындау арқылы тәжірибе алу мүмкіндігін қалыптастыру. Тәжірибе нәтижесінде студент орындай алады: 1. геодезиялық құралдарды қолдануды; 2. теодолиттерді, нивелирлерді, тахеометрлерді тексеру және оларды жұмыс орнында орнатуды; 3) жер пайдалану шекарасы бойымен теодолиттік жүріс салу және өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтауға және түзетпелер енгізуге; 4. өлшеу қателіктерінің өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтауға және түзетпелер енгізуге; 5. тахеометрикалық түсіру жүргізуге; 6. далалық өлшеуді камералық өңдеуге; 7. Жер пайдаланудың жоспарын жасауды, бойлық және көлденең профильдерді және басқа қажетті сызбаларды жасауға. Геодезия пәні бойынша тәжірибе білім беру процессының оқу практикасы циклына жатады. Оқу тәжірибесі барысында геодезиялық жұмыстардың мынадай түрлері орындалады: геодезиялық аспаптарды тексеру және жұмыс орнында орнату: центрлеу, горизонтальдау; теодолиттік жүріс жүргізу, нивелирлеу, тахеометрлік түсіріс жасау; жер пайдалану бойынша өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтау; рұқсат етілген мәндерден өлшеу қателіктерін асып кеткен жағдайда қайта өлшеу жүргізіледі; нивелирлеу бойынша өлшеу қателіктерін тексеру; жергілікті жерде түсіру жұмысын жасау және сол жердің жоспарын жасау.

Кәсіби (өндірістік) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты таңдаған мамандық саласында кәсіби білімді қалыптастыру, Бағдарламаның бағыттары мен арнайы пәндері бойынша алынған теориялық білімді бекіту, таңдаған мамандандырылған даярлық бағыты бойынша қажетті кәсіби құзыреттілікті меңгеру болып табылады. Өндірістік практикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға арналған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген