Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер

Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер

БIЛIКТIЛIГІ

  • бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 табиғи және антропогендік факторлар, генезис, эволюция, геодинамикалық жүйелердің қалыптасу және дамуы туралы білімді көрсету;
ON2 ГИС-технологияларды қолдана отырып, геодинамикалық процестер мен табиғи-антропогендік құбылыстарды түсіндіру үшін алынған білімді көрсету;
ON3 географияның қолданбалы бағыттарының принциптері мен әдістерін, адамның шаруашылық қызметінің әсерінен табиғи геожүйелердің өзгеру заңдылықтарын дәлелдеу;
ON4 ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық міндеттерді шешу үшін мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердің білімін көрсету;
ON5 табиғи-техногендік жүйелерді бақылау үшін әртүрлі геодинамикалық жағдайларды картографиялық үлгілеудің теориялық негіздерін дәлелдеу;
ON6 табиғи және табиғи-техногендік қауіпті-қатерлерді бақылау және болжау мәселелерін шешуде пәнаралық білімді талқылау және біріктіру;
ON7 жер бетінің геодинамикасын зерттеу кезінде табиғи-компонентті және табиғи-жүйелік зерттеулердің негізгі әдістерін, амалдары мен тәсілдерін қолдану;
ON8 геодинамика, табиғи және табиғи-техногендік нысандар, құбылыстар мен процестерді және олардың өзара байланысының картографиялық модельдеу тәсілдерін қолдану;
ON9 табиғи және табиғи-техногендік қауіпті-қатерлердің дамуымен байланысты аймақтық әлеуметтік-маңызды мәселелерді талдау және дәлелдеу;
ON10 оңтайлы параметрлері бар Жерді қашықтықтан зерделеу мәліметтерін пайдалану және геожүйелердің дамуын болжау және оларды картографиялау үшін алынған ақпаратты талдау;
ON11 басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қазіргі инновациялық әдістерді пайдалана отырып, қауіпті табиғи-техногендік процестер мен құбылыстардың пайда болуы мен дамуына болжам жасау;
ON12 кәсіби сенімді алқалы қарым-қатынастарды пайдалана отырып, төтенше геодинамикалық жағдайлардың көріністеріне өзіндік пікірлерді, ғылыми пікірталастар мен ұстанымдардың мазмұнын қалыптастыру;

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер
Мамандық шифры
6B05206
Факультеті
География және табиғатты пайдалану

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Microsoft Office Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Электрондық оқыту. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар.

Антропогендік табиғи-аймақтық кешендер және оларды картаграфиялау
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – адамның экожүйелер эволюциясындағы рөлін анықтау үшін табиғи аумақтық кешендердің құрылымы мен қызметін зерттеу бойынша теориялық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс табиғи-территориялық кешендердің кеңістіктік дифференциациясының табиғи факторларын; ТАК антропогендік формаларының түрлері мен классификациясы; геожүйелердің жұмыс істеуі, динамикасы және экологиялық қауіп-қатерлердің тұрақтылығы; ТАК ұйымдастырудың экологиялық аспектілері және картаға түсіру әдістерін зерттейді;

Аэроғарыштық зерттеу әдістері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жер бедерін зерттеудегі практикалық міндеттерді шешу үшін әртүрлі тасымалдаушы-лардан арақашықтықтан зерделеу мәліметтерін алу қабылеттін қалыптастыру. Курста суреттерді алу техникалық құралдар мен технологиясы, суреттердің фотограмметриялық қасиеттері, суреттен қажетті ақпаратты алу тәсілдер, ғарыштық суреттерді дешифрлеу әдістер, практикалық мақсатта қолданатын замануи ғарыштық жүйелер қарастырылады

Әлеуметтану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі ( Психология)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану/ Саясаттану/ Мәдениеттану/ Психология)
  • Кредит саны - 8
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі/ (Мәдениеттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

ГАЖ-ға кіріспе
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – табиғи-техногендік жүйелерді зерттеу және картаға түсіру үшін ГАЖ-і негіздеу, жобалау, құру және пайдалану қабілетін қалыптастыру. Курс геоақпараттық технологиялардың дамуын, ГАЖ қолданудың қолданбалы аспектілерін, кеңістіктік деректерді өңдеуді, көрсетуді және таратуды, оның интеграциясын, инвентаризациямен, талдаумен, модельдеумен, болжаумен және қоршаған ортаны басқарумен және қоғамның аумақтық ұйымдастырылуымен байланысты ақпаратты зерттейді.

Геоморфология және геодинамика
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жер бедері қалыптасуының заңдардын мен геодинамикалық үрдістерді бағалау және дамуын болжайтын заңдылықтарын түсіндіретін қабылетін қалыптастыру. Курста геоморфологияның концепциялары, геоморфологиялық зерттеу әдістері, жер бедерінің қалыптасу физикалық-географиялық факторлары, жер пішінінің морфологиялық, генетикалық ерекшеліктерін және олардың жіктелеуін, эндогенді және экзогенді үрдістердің типтері, геоморфология-лық картографиялаудың қағидалары мен әдістері зерттеледі

Геоэкология
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты-Жердің географиялық қабығының даму заңдылықтарын, аймақтық және жергілікті аумақтардың ерекшеліктерін түсіну; геоэкологиялық мәселелерді шешу жолдарын анықтау тетіктерін талдау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Курс географиялық ортаның табиғи дамуы мен антропогендік әсерінің нәтижесінде өзгеруін зерттеуге негіз болады. Курс аймақтық және жергілікті геоэкологиялық проблемаларды анықтауға негізделген.

Ғарыштық суреттерді дешифрлеу
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - аэроғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуде практикалық жұмыс дағдыларын алу үшін ЖҚЗ материалдарын өңдеудің базалық негіздерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән ғарыштық суреттерді компьютерлік өңдеу және дешифрлеудің теориялық негіздерін, аэроғарыштық суреттерді өңдеу және интерпретациялаудың заманауи технологиялары мен әдістерін, аэроғарыштық суреттерді дешифрлеуге арналған қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етуді, дешифрлеуді автоматтандыру әдістерін оқытады

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Күтілетін оқу нәтижелері: 1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету; 2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу; 3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру; 4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу; 5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).

Қауіпті табиғи процестер
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – бедер түзуші қауіпті және қолайсыз үрдістер туралы, олардың қалыптасу факторларының себептерін және экологиялық мәнін анықтау үшін теориялық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста табиғи қауіпті процестер мен құбылыстардың дамуының негізгі факторлары, ерекшеліктері мен заңдылықтары, оларды картографиялау принциптері мен әдістері, қауіпті процестерді зерттеу және мониторингілеу оқытылады

Қоршаған ортаның физикалық және химиялық процестері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қоршаған ортадағы табиғи процестер туралы түсінік қалыптастыру. Пән кинематиканың элементтерін; сұйықтықтар мен газдардың механикасын; молекулярлық физиканы; термодинамиканы; тербелістер мен толқындар физикасын; қоршаған ортада жүріп жатқан негізгі химиялық құбылыстар мен процестерді; электролит ерітінділеріндегі алмасу реакцияларын; тотығу-тотықсыздану реакцияларын; химиялық процестердің жүру заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.

Мәдениеттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бакалавриат студенттерінде әлемдік мәдениет пен өркениет аясында отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігі түсінігін, өзінің жеке кәсіби қызметінде жылдам өзгермелі мультимәдени әлем мен қоғамда қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау стратегиясын жүргізе алуды қалыптастыру.

Психология
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – басқару психологиясының негізгі түсініктерін зерттеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми-негізделген даярлықпен қамтамасыз ету, таңдалған мамандық шеңберіндегі кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару аймағының маңызды мәселелерінің теориясын түсініп және практикада қолдану үшін қажетті алғышарттарды құру. Бұл курс психологиялық ғылым мен практика дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес ғылыми білімдермен таныстырады.

Саясаттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Саясаттану» оқу пәні ретінде әлем саясаты мен қазіргі саяси процесстерінің заңдары мен заңдылықтары туралы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұлттық мүдделерді жүзеге асыру негізінде білім қалыптастырып, ұлттық мемлекеттердің мәні мен мазмұнын түсіндіреді. Оқу барысында түрлі саяси жүйелердегі ішкі және сыртқы байланыстар, қарым-қатынастарды түсінуге, саясаттың әлеуметтік өлшемнің объективті критерийлерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Селтану
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты сел ағындары және сел бассейндері ұғымдарын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курс сел ағынының қалыптасу себептері мен механизмдерін, динамикасын; сел бассейндерінің геологиясы мен геоморфологиясын; математикалық моделдеу, картографиялау; сел құбылыстарының географиясын, болжамдау; селден қорғау принциптері мен әдістерін зерттейді

Табиғи және техногендік үрдістердің гидрометеорологиялық факторы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – табиғи және техногендік қауіптерді қалыптастыру факторлары ретінде гидрометеорология заңдылықтарын анықтау қабілетін қалыптастыру. Курс климат пен гидрографияның факторлары мен заңдылықтарын, гидрометеорологиялық жүйелерге антропогендік және техногендік әсерді, климаттың жаһандық өзгеруін, оның дамуын және ықтимал экологиялық және әлеуметтік-экономикалық қауіптері мен салдарын; өзендердің гидрологиялық режимін, оның климаттың өзгеруіне реакциясын және геожүйелердін өзеруін зерттейді

Табиғи-техногендік жүйелер және экологиялық қауіпті-қатерлер
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қауіпті-қатерлерді төмендету бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін экологиялық қауіптерді зерттеу әдістері туралы алынған білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста төтенше жағдайларға әкелетін қауіпті табиғи құбылыстардың көздері мен параметрлерін; техногенді жүйелер және олардың қоршаған ортамен әсерін; табиғатты пайдаланудың әртүрлі типтеріндегі қауіп сипаттамасын; қоршаған ортаның мониторингісін зерттейді.

Табиғи-техногендік жүйелерді экологиялық бағалау
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қоршаған ортаның сапасын басқару шешімдерін қабылдау және табиғатты тиімді пайдалану үшін табиғи-техногендік жүйелердің шаруашылық қызмет түрлерінің әсерін экологиялық бағалау бойынша теориялық білім негіздерін қолдану қабілетін қалыптастыру.Курс ҚОБӘ дамуының теориялық және құқықтық негіздерін, табиғи-техноегндік жүйеге әсерді бағалау әдістерін, экологиялық сараптама және ҚОБӘ процедураларын нормативті-құқықтық қамтамасыз етуді зерттейді.

Топография негіздерімен картография
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- жалпыгеографиялық карталарды құрастыру үшін картографиялық нысандарды жобалау қабылетін қалыптастыру. Курста топографиялық және географиялық карталардың типтері, картаның математикалық негізі және картографиялық бейнелеу тәсілдері, картадағы шартты белгілердің түрлері, картографиялық жалпылауды жүргізу әдістері, географиялық карталарды талдау және бағалау әдістері, картографиялық зерттеу әдістері, карталарды жобалау, құрастыру, редакторлеу және жаңарту қағидалары қарастырылады.

Философия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

Шөлдену және геожүйелердің деградациясы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – табиғаттағы және адам өміріндегі экологиялық рөлін анықтау мақсатында геожүйелердің шөлейттену және деградация процестерінің себептерін анықтау қабілетін тұжырымдау. Пән қазіргі геожүйенің құрамдас бөліктерін, геожүйелердің деградациясының пайда болуына және шөлейттену процесінің дамуына әсер ететін факторларды, техногендік апаттарды, қоршаған ортаны қорғау және шиеленіс мәселелерін, геожүйелердің ластануының алдын алу шараларын зерттейді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Абай ілімі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

Геожүйелерді ГАЖ бағдарламалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ГАЖ-ортада кеңістіктік мәліметтермен жұмыс істеу үшін бағдарламалау тілін білу қабылетін қалыптастыру. Курс бағдарламалау тілде ГАЖ-ортада, оның түсінік-терминологиялық аппаратын және бағдарламалау негізін, геомәліметтерді бағдарламалау жұмысын және ГАЖ-ортада геоөндеу құралдарын, бағдарламалау тілін қолданып ГАЖ-ортада жұмысты ойталандыру әдістерін және ГАЖ-ортада арнайы міндеттерді орындауын зерттейді.

Геожүйелердің экологиялық қауп-қатерлерін геоақпараттық картографиялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – экологиялық қауіп-қатерлердің цифрлық және электронды карталарын құрастыру үшін геоақпараттық картаграфиялаудың қазіргі даму тенденцияларын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Курс экологиялық қауіп-қатерлер карталарын жобалау, құрастыру және редакциялаудың теориялық, әдістемелік тәсілдерін, автоматты картографиялау принциптері мен әдістерін, цифрлық деректер қорын құрастыру, экологиялық мәселелерді шешуде цифрлық және электронды карталарды пайдалануын зерттейді;

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ғылым саласындағы танымдық іс-әрекетте дағдылар қалыптастыру. Ақпаратты түсіну және игеру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Зерттеу нысанын сипаттай білу. Ғылыми білімнің объективті мазмұнын алу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу әдістерін меңгеру. Негіздеу, бекіту, бағалау үшін зерттеудің аналитикалық және практикалық әдістері мен дәлелдеу жүйелерін қолдану.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, жеке өмірінде және жұмыс орнында, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

Кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

Қазақстанның табиғи ресурстарын экологиялық бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – Қазақстанның табиғи ресурстарының аумақтық таралуын олардың экологиялық сараптамасы үшін талдауға мүмкіндік беретін теориялық білімді меңгеру қабілетін қалыптастыру. Курс табиғи ресурстардың әдістемелік негіздерін, таралу және таралу заңдылықтарын; ғылыми-практикалық мәселелерді шешуде табиғи ресурстарды экологиялық бағалау әдістерін, Қазақстанның аймақтық және жергілікті геожүйелерінің ресурстық әлеуетін зерттеу әдістерін оқытады.

Қоғам және қоршаған орта
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – аумақтың табиғи жағдайын сипаттайтын ұғымды түсіндіре білу, оның экологиялық жағдайын анықтау қабылетін қалыптастыру. Курс аумақтың табиғи жағдайларын, оның жергілікті және жаһандық экожүйелерінің жағдайын, соның ішінде техникалық жүйелерді және олардың адаммен өзара әрекеттесуін, табиғи экожүйелердің, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, қоршаған ортаны қорғау стандарттары мен рұқсат етілген әсер ету стандарттарын зерттейді

Медициналық география
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – адам денсаулығын жақсарту саласында медициналық-географиялық зерттеу әдісін қолдану үшін ғылым ретінде медициналық география туралы түсініктерді талдау қабілетін қалыптастыру. Пән халықтың денсаулығының әлеуметтік қауіп-қатерін қалыптастырудағы табиғи факторларды, аурудың пайда болу көздері мен әлеуметтік жағдайларын, генетикалық факторлардың қоршаған орта факторларымен әрекеттесуін, медициналық-географиялық зерттеулердің принциптері мен әдістерін зерттейді.

Табиғатты пайдалану міндеттеріндегі ақпараттық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – заманауи компьютерлік технологиялар мен жүйелерді қолдану арқылы экологиялық жағдайды бағалаудың теориялық негіздері мен практикалық технологияларын меңгеру қабілетін қалыптастыру. Курс экологиялық ақпараттың негізгі түрлерін, жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және ұсынуды ұйымдастыруды; перспективалы компьютерлік технологиялар, оларды қолданудың мақсаттылығы табиғатты пайдалануда; экологиялық проблемаларды шешуге арналған заманауи бағдарламаларды оқытады

Табиғи экожүйелерді қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – экожүйенің бұзылуын болдырмау үшін қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірлеу үшін геожүйелерге негізгі антропогендік әсерлерді талдау қабілетін қалыптастыру. Курс қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін, табиғи құрамдастарды, олардың ресурстық және әлеуметтік-экономикалық қызметтерін, табиғи және антропогендік объектілерді талдау, ластаудың негізгі көздерін анықтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау принциптерін зерттейді

Табиғи-техногендік геожүйлерді болжау және модельдеу негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – табиғи және техногендік геожүйелерді бағалау, модельдеу және болжау үшін алған білімдерін негіздеу қабілетін тұжырымдау. Курс табиғи және техногендік жүйелердің қалыптасу және қызмет ету принциптерін, қауіп-қатерлерді модельдеу және болжау әдістерін; табиғатты табиғи және техногендік процестер мен қауіптерден қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау шараларын қабылдау бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуді зерттейді;

Табиғи-техногендік жүйелерді зерттеудің инновациялық әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - табиғи-техногендік жүйелерді зерттеу кезінде қазіргі замануи географиялық, физикалық, математикалық, ақпараттық, геологиялық және экологиялық әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курста табиғи-техногенді жүйелерді зерттеудің негізгі инновациялық әдістері; жүйелік тәсіл әдісі; табиғи-техногенді жүйелерді статистикалық және динамикалық талдау және ұйымдастыру; табиғи-техногенді жүйелердің мониторингі үшін ақпаратты өңдеу; түзету іс-шаралары мен бағдарламаларын әзірлеу оқытылады.

Табиғи-техногендік жүйесіндегі ГАЖ-технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – табиғи және техногендік жүйелерді зерттеуге арналған ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі принциптерін дәлелдеу қабілетін қалыптастыру. Курс ГАЖ құрылымының теориялық негіздерін, олардың құрамдас бөліктерін, жұмыс істеудің негізгі принциптері мен қазіргі замануи ГАЖ технологияларының мүмкіндіктерін, геодеректерді алу, сақтау, өңдеу тәсілдері, геоөңдеу құралдары мен құралдарын, деректерді талдау және практикалық қолдану үшін нәтижелерді ұсыну тәсілдерін зерттейді;

Техногендік жүйелер және техногендік қауіп-қатерлер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты техногендік қауіптің жаһандық салдарын анықтау үшін қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде техносфера туралы түсінік қалыптастыру. Курс табиғи ортаның сапасын, әлеуметтік және табиғи объектілерді, техногендік шыққан жағымсыз оқиғаларды, технологиялық процестерді пайдалану және жүзеге асыру кезінде авария немесе апат ықтималдығын, жалпы қатерлі мәселелерін, техногендік қауіпті төмендету бойынша басқару іс-әрекетін зерттейді.

Урбоаймақтардағы экологиялық қауіп-қатерлер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі қалалар мен қалалық агломерациялардағы экологиялық қауіптердің себептерін анықтау және қалалардың қоршаған ортасының жағдайына мониторингті ұйымдастыру үшін жеке экожүйе ретінде урбанизацияланған аумақтар туралы алынған теориялық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс урбандалған аумақтардың қалыптасуын; қалалар мен қалалық жүйелердің дамуын; қазіргі қалалар мен қалалық агломерациялардың сипаттамалары мен мәселелерін зерттейді.

Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – адамның табиғатпен, оның ішінде туристік-рекреациялық қызмет процесінде өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру принциптерін жүзеге асыратын қазіргі заманғы экологиялық менеджмент тұжырымдамалары негізінде бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру.Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, оның ішінде саяхат кезінде авариялардың, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Кәсіби (диплом алдындағы) тәжiрибе
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - студенттердің диплом жұмысын дайындауға бағытталған ақпараттық-талдамалық қызметі. Тәжірибе өту кезінде орындалады: диплом материалдарын жинақтау және қорыту; ұсынылатын қызметтер сапасын талдау, бағалық / ассортименттік саясаты, персоналды басқару жүйесі; белгілі бір мерзімде зерттеу объектісінің экономикалық талдауы жүргізіледі, кәсіпорын қызметінің талдауы мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу қорытындысы шығарылады.

Кәсіби (оқу) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - практикада «Геодезия» пәнін меңгеру барысында қалыптасқан білімдерін және дағдыларын жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу өндірістік жағдайларына барынша жақындату арқылы қолданып, сол жұмыстарды далалық жағдайда орындау арқылы тәжірибе алу мүмкіндігін қалыптастыру. Тәжірибе нәтижесінде студент орындай алады: 1. геодезиялық құралдарды қолдануды; 2. теодолиттерді, нивелирлерді, тахеометрлерді тексеру және оларды жұмыс орнында орнатуды; 3) жер пайдалану шекарасы бойымен теодолиттік жүріс салу және өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтауға және түзетпелер енгізуге; 4. өлшеу қателіктерінің өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтауға және түзетпелер енгізуге; 5. тахеометрикалық түсіру жүргізуге; 6. далалық өлшеуді камералық өңдеуге; 7. Жер пайдаланудың жоспарын жасауды, бойлық және көлденең профильдерді және басқа қажетті сызбаларды жасауға. Геодезия пәні бойынша тәжірибе білім беру процессының оқу практикасы циклына жатады. Оқу тәжірибесі барысында геодезиялық жұмыстардың мынадай түрлері орындалады: геодезиялық аспаптарды тексеру және жұмыс орнында орнату: центрлеу, горизонтальдау; теодолиттік жүріс жүргізу, нивелирлеу, тахеометрлік түсіріс жасау; жер пайдалану бойынша өлшеу қателіктерінің шет мәнін анықтау; рұқсат етілген мәндерден өлшеу қателіктерін асып кеткен жағдайда қайта өлшеу жүргізіледі; нивелирлеу бойынша өлшеу қателіктерін тексеру; жергілікті жерде түсіру жұмысын жасау және сол жердің жоспарын жасау.

Кәсіби (өндірістік) практика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты таңдаған мамандық саласында кәсіби білімді қалыптастыру, Бағдарламаның бағыттары мен арнайы пәндері бойынша алынған теориялық білімді бекіту, таңдаған мамандандырылған даярлық бағыты бойынша қажетті кәсіби құзыреттілікті меңгеру болып табылады. Өндірістік практикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға арналған.

Кәсіби (өндірістік) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты таңдаған мамандық саласында кәсіби білімді қалыптастыру, Бағдарламаның бағыттары мен арнайы пәндері бойынша алынған теориялық білімді бекіту, таңдаған мамандандырылған даярлық бағыты бойынша қажетті кәсіби құзыреттілікті меңгеру болып табылады. Өндірістік практикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға арналған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген