Этнология және антропология

Этнология және антропология

БIЛIКТIЛIГІ

  • бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, далалық этнографиялық зерттеулер жүргізу: сипаттау, сұхбат, сауалнама, байқау, сауалнама жүргізу, салыстырмалы-функционалдық талдау;
2.далалық этнографиялық материалдарды тіркеу және өңдеу, оларды жіктеуді жүргізу, информатор туралы мәліметтерді зерттеу, есеп және есеп беру құжаттарын жасау;
3.этнографиялық зерттеу жүргізу үшін анкеталар мен сауалнамалар құру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, этнографиялық дереккөздердің деректер базасын құру;
4.ғылыми – оқу, тарихи-мәдени орталықтарда, үйірмелер, орта мектептерде қосымша пән ретінде әлем халықтарының этнографиясы, түркі халықтарының этнографиясы және қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын оқыту;
5.тарихи-мәдени орталықтарда, музей мекемелерінде ғылыми-білім беру, әдістемелік қызмет, экскурсиялар өткізу, экспозициялар құруды жүзеге асыру;
6.антропология және этнологияның түрлі салаларында талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
7.педагогикалық зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, тиісті әдістемелікті пайдалану;
8.көші-қон, этникалық және конфессиялық процестердің жай-күйіне мониторинг жүргізу;
9.еліміздің және адамзаттың этникалық және мәдени ерекшеліктерімен байланысты мәдени-ағарту қызметтерін жүргізу;
10.этнологиялық және антропологиялық жобаларды әзірлеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;
11.тарихи - мәдени және этномәдени мұраны насихаттау саласында зерделенген ғылымдардың ақпараттық-талдау базасын пайдалану;
12.әлемдік, ұлттық қоғамдастықтардың тарихи дамуының этно және әлеуметтік-мәдени, этносаяси, этноәлеуметтік факторларын талдау және түсіндіру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Этнология және антропология
Мамандық шифры
6B02211
Факультеті
Тарих

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Microsoft Office Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Электрондық оқыту. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар.

Алғашқы қоғам тарихы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты –студентерде гоминид эволюциясын, адамның бірі түрі ретіндегі адамзат қоғамының көп векторлық дамуының, оның іздеу лабороториялық зерттеуінің кіріспесі туралы ұғымды қалыптастыру.Бағдарламаның басты мазмұны археологиялық, этнографиялық (этнологиялық), антропологиялық деректер бойынша бұрынғы адамдардың адамзат дамуын зерттеу болып табылады. Алғашқы қоғам туралы деректерді қоғамның әртүрлі кезеңдеріндегі жазба деректердің аз болуы немесе тіптен болмауына байланысты археология, антропология, этнология салалары толықтырады.

Әлем халықтарының этнографиясы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: әлем халықтары этнографиясы және оның зерттелу тарихы туралы ой қалыптастыру.Пән әлем халықтарыынң ерекшеліктері, антропологиялық тип бойынша классификациялануы, тілдік ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі, олардың этнографиялық зерттелу деңгейі туралы түсініктер қалыптастырады. Сонымен қатар әр түрлі этникалық топтардың рухани және материалдық мәдениеттері қарастырылады.

Әлеуметтану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі ( Психология)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану/ Саясаттану/ Мәдениеттану/ Психология)
  • Кредит саны - 8
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі/ (Мәдениеттану)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.

Дүниежүзілік тарих
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың барысында маңызды мақсат әлем елдерінің тарихи дамуын оқыту болып табылады. Оқыту барысында басты тарихи оқиғалар олардың себептері мен жүргізулері қазіргі халықаралық системаның даму тенденцияларын маңызы оқытылады. - маңызды тарихи оқиғалар мен олардың себептерін білу, -әлеуметтік саяси ауысу кезіндегі тарихи шарттарды білу.

Көшпенді өркениет
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттердің көшпелі өркениеттің әлемдік өркениетке тигізген әсерін қарастыру, көшпелі халқының дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін оқыту. Көшпелі жұртшылығының шаруашылығы мен тұрмысы, өнері мен идеологиялық көзқарастары туралы білімді қалыптастырады.Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Еуразия көшпелілерінің мал шаруашылығы. Көшпелілер және отырықшы тайпалар. Көшпенділердің туыстық қатынастары.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақ диаспорасының тарихы мен мәдениеті
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлемдегі қазақ диаспорасының этникалық тарихын, шет жерлерге қоныстану себептерін, орналасуы мен саны жөніндегі мәліметтермен танысып, дәстүрлі мәдениетінің сақталуы мен өзгерісін айқындай білу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ диаспорасының теориялық және әдістемелік мәселелері. Өзбекістан қазақтарының этникалық тарихы. Қырғызстан қазақтары. Моңғолия қазақтары туралы зерттеулер.

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ халқы дүниетанымының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастыра отырып, студенттерге қазақ халқының мол рухани мұраларын танып-білуге, ата-бабаларымыздың таным-түсініктерін, ілім-білімдерін жан-жақты талдауға әрі оны қазіргі заман талабына сай қолдана білуге үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ халқының этногенезі және дүниетанымы. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының генезисі. Қазақ халқының космогониялық дүниетанымы.

Қазақ халқының дәстүрлі тіршілікқамы жүйесі
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: болашақ антропологтар мен этнологтарды материалдық мәдениет пен дәстүрлі шаруашылықтың тарихымен таныстыру. Курс ежелгі және ортағасырлық халықтың шаруашылығының қалыптасу тарихын және материалдық мәдениетінің даму ерекшеліктерін түсінуге, материалдық мәдениет элементтері туралы білімдерін олардың тарихи дамуында қолдануға, сондай-ақ мал шаруашылығының негізгі түрлері.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Күтілетін оқу нәтижелері: 1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету; 2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу; 3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру; 4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу; 5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).

Қазақстанның ежелгі және ортағасылар тарихы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты Қазақстан аумағындағы тарихи үдерістердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы көне заманнан кейінгі орта ғасырларға дейін толық түсінік беру.Пән Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының негізгі тарихи танымдарын қалыптастырады. Қазақстанның ежелгі кезеңіндегі этномәдени және этносаяси үдерістердің негізінде тарихи даму ерекшеліктері мен оның Қазақстан аумағындағы ерекшеліктері ежелгі мемлекеттердің пайда болуынан бастап моңғол шапқыншылығына дейін, көшпенділер өркениетінің генезисі. Ортағасырлық кезеңде Қазақстанның моңғол мемлекеттілігі жүйесіне кіруі (XIII ғ.), XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы моңғолдан кейінгі жаңа саяси құрылымның құрылуы XV ғ. ортасында Қазақ хандығының пайда болуымен аяқталды. XV ғ. ортасы мен XVIII ғ. басындағы қазақ хандығы-Орталық Азияда маңызды рөл атқарған орталықтандырылған мемлекет, біртұтас саяси жүйе. Курс Кіші жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына кіру уақытымен аяқталады.

Қазақстанның этникалық топтарының этнографиясы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерді Қазақстандағы этникалық топтардың этнографиясымен және оның қалыптасу тарихымен таныстыру. Этностардың материалдық және рухани мәдениеттері ерекшеліктері туралы ой қалыптастыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстан халықтарының полиэтникалық құрылу тарихы мен кезеңдері. Славян этностарының Қазақстан территориясына қоныстануы. Қазақстан территориясындағы балғарлар мен поляктар. Қазақстанның түрік халықтары мен дүнгендер.

Қазақтардың этногенезі және этникалық тарихы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастыра отырып, студенттерге этностың пайда болу, құрылу, даму заңдылықтары теориясын үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ халқының этногенезінің деректемелері мен тарихнамасы. Қола дәуірі тайпаларының этногенетикалық мәселелері. Қазақ халқы этногенезінде сақ кезеңі. Қазақ этногенезіндегі түркі кезеңі.

Мәдениеттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бакалавриат студенттерінде әлемдік мәдениет пен өркениет аясында отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігі түсінігін, өзінің жеке кәсіби қызметінде жылдам өзгермелі мультимәдени әлем мен қоғамда қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау стратегиясын жүргізе алуды қалыптастыру.

Психология
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – басқару психологиясының негізгі түсініктерін зерттеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми-негізделген даярлықпен қамтамасыз ету, таңдалған мамандық шеңберіндегі кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару аймағының маңызды мәселелерінің теориясын түсініп және практикада қолдану үшін қажетті алғышарттарды құру. Бұл курс психологиялық ғылым мен практика дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес ғылыми білімдермен таныстырады.

Саясаттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Саясаттану» оқу пәні ретінде әлем саясаты мен қазіргі саяси процесстерінің заңдары мен заңдылықтары туралы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұлттық мүдделерді жүзеге асыру негізінде білім қалыптастырып, ұлттық мемлекеттердің мәні мен мазмұнын түсіндіреді. Оқу барысында түрлі саяси жүйелердегі ішкі және сыртқы байланыстар, қарым-қатынастарды түсінуге, саясаттың әлеуметтік өлшемнің объективті критерийлерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Тарихи антропология
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің тарихи антропология туралы негізгі базалық білімдерін қалыптастыру. Сонымен қоса, тарихи антропологияның негізгі базалық ақпаратын танымдық-теоретикалық құрылғыларды игеру мен түсіну арқылы зерттеу жүргізуге икемдеу. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Эволюционизмдегі адамның пайда болу мәселесі. Адам бассүйегінің дамуы. Антропогенез. Адам нәсілдері. Орта Азияның ежелгі тұрғындарының антропологиялық зерттелуі. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиялық зерттелуі.

Философия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

Этноархеология
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – мәдени генезис және этногенез процестерін зерттеу мақсатында мәдени құбылыстардағы аналогтардың ерекшеліктерін қалыптастыру. Археологиялық және этнографиялық білімдерін біріктіре отырып, мәдениет пен қоғам туралы ғылыми білімнің ерекшеліктерін түсіну. Зерттеу барысында мыналар қарастырылады: археология ғылымының дамуы; археологиялық зерттеудің негізгі әдістерін; этнографиялық бақылаулар, кейінгі ескерткіштерді қазу, этнографиялық ақпаратты қазба материалдарымен салыстыру және байланыстарды ашу.

Этнологияға кіріспе
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: этнологияның ғылым саласы ретінде қалыптасып, мақсат, міндеттері туралы ой қалыптастыру. Пән этнологияның зерттелу деңгейі туралы, бұл саладағы бүгінгі мәселелер туралы түсінік береді. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: этникалық тарих пен этногенез; әлем халықтарының тұрмыстық-мәдени классификациясы; заманауи этникалық процестер.

Этнологиялық зерттеу әдістері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты - студенттерге этнологиялық аспаптардың теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру саласындағы базалық білімді беру, далалық этнологиялық материалдарды жинау әдістерін үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады:Этнологияның теориялық мәселелері. Әлем халықтарын классификациялау принциптері. Заманауи ғылымдағы этнос және этникалықтың негізі. Этносаралық байланыс. Этнологиялық зерттеудің теоретикалық әдістері.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Scientific Writing
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазақ/орыс/шет тілдерінде ғылыми жазу саласында мәтіндік құзыреттіліктерді дамыту. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер: ғылыми мақала мәтінінің тілдік аспектілері мен құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктерін түсіндіру; ғылыми ақпаратты талдау; ғылыми мәтін құру әдістерін қолдану, түпнұсқалыққа жету үшін аударма стратегияларын қолдану; ғылыми стильдің тілдік нормалары мен нормаларын ескере отырып, жазбаша сөйлеуді қалыптастыру; әртүрлі жанрдағы авторлық ғылыми мәтіндерді жасау.

Абай ілімі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ғылым саласындағы танымдық іс-әрекетте дағдылар қалыптастыру. Ақпаратты түсіну және игеру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Зерттеу нысанын сипаттай білу. Ғылыми білімнің объективті мазмұнын алу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу әдістерін меңгеру. Негіздеу, бекіту, бағалау үшін зерттеудің аналитикалық және практикалық әдістері мен дәлелдеу жүйелерін қолдану.

Далалық этнография
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді игерудің мақсаты студенттерді далалық зерттеулердің этикалық, моральдық нормалары мен негізгі алгоритмдерін қолдана отырып, далалық зерттеулердің ерекшеліктерімен таныстыру. Пән қолданбалы және жалпы ғылыми зерттеулерде қолдана отырып, этнологиялық материалды жинау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушы пәннің сандық және сапалық әдістерін қолдана отырып, далалық ізденістердің базалық қағидаттарын меңгереді, ұғымдық-категориялық аппаратты, антропологиялық және этнологиялық ақпаратты жинау әдіснамасы мен әдістерін меңгереді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, жеке өмірінде және жұмыс орнында, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

Кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

Қазақстан Республикасының этносаясаты
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты Қазақстан Республикасы этносаясатының негізгі бағыттары бойынша базалық білімді қалыптастыру. Елдегі этносаясаттың ерекшеліктерін білу: ұлттық келісім, әлеуметтік-саяси тұрақтылық, Интеграциялық саясат және ҚР-дағы мемлекеттік қауіпсіздік.Пәннің негізгі мазмұны саяси үдерістер мен қатынастарды зерттеу дағдыларына, ҚР-дағы саяси доктриналарды талдау және түсіндіру әдістеріне арналған.

Қала антропологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Курс мақсаты – қазіргі қаланың әлеуметтік-мәдени жіктелуі, өмір салты мен сәбмәдениетін талдау. Курс міндеттері: қаланың әлеуметтік мәдени топтарына жүргізілген заманауи зерттеулерін қарастыру. Мазмұны: курс барысыда студенттер қаладағы әр түрлі тап өкіолдерінің өзіндік салтымен мен коммуникативтілік стратегияларымен танысады. Модульді меңгеру барысында студенттер келесідей құзыреттіліктер түрін игереді: Қала антропологиясы бойынша алаңдық зерттеуді жүргізуге қажетті әдіснаманы білуі тиіс. Қаланың әлеуметтік, мәдени, антропологиялық шынайылығын зерттеуге қажетті негізгі теориялық үлгілерді меңгеруі тиіс. Кәсіби іс-әрекетінде социологиялық теория мен әдістерін қолдануға дағдылануы тиіс

Қолданбалы этнология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-студенттерде іргелі этнографиялық білім туралы түсінік қалыптастыру және практикалық мәселелерді шешудің өзіндік әдістерін жасау.Қолданбалы этнология-бұл іргелі этнографиялық, этнологиялық білімді және қолданбалы есептерді шешудің өзіндік әдістерін қолдануды қамтитын ғылыми бағыт. Материалды баяндау түрлі өзекті мәселелерге негізделген: ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы, этнотерриториялық құқық, этносаралық толеранттылық пен ынтымақтастықты тәрбиелеу және т.б.

Медиа этнография
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты-студенттерді ғылыми білім жүйесіндегі медиа этнографияның теориялық және практикалық маңыздылығымен таныстыру.Медиа этнография-этникалық топтар мәдениетінің әртүрлі аспектілерін зерттеу үшін қазіргі заманғы қызметтің принциптері мен әдістерін дамыту және аудиовизуалды ақпаратты әлеуметтік практикаға енгізу. Зерттеу барысында әртүрлі аудиовизуалды дереккөздерден алынған ақпарат қаралады, талданады және салыстырылады.

Музейтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттердің музейтану және музейлерді жіктеу саласындағы негізгі ұғымдары туралы білімдерін, музейдегі ғылыми жұмыс типтері мен негізгі түрлерін, құрылымын, музейлік экспозицияларды құру ерекшеліктерін және мазмұнын, музейлердің қызметіндегі мәдени-білім берудің мәні мен ерекшелігін қалыптастыру болып табылады.

Мұрағаттық этнография
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттердің мұрағат ісінің пайда болу тарихының негізгі кезеңдері, мұрағаттық этнографияның теориясы мен практикасы, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру.Пәннің негізгі мазмұны архив ісі мен этнография мәселелерін, негізгі ұғымдарды түсінуге, сондай-ақ этнографиялық архив материалын жіктеу мен талдауға, кәсіби міндеттерді анықтау және шешу үшін әдістер мен мәліметтерді пайдалану дағдыларына және т. б. арналған.

Тарихи демография
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-тарихи демографиядағы халықтардың қоныстануы туралы, қазіргі заманғы ұғымдар, теориялар, терминология туралы идеяларды қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттер әлемдік тарихпен өзара байланыста Қазақстан демографиясының негізгі үрдістері мен заңдылықтарын білетін болады. Дереккөздер арқылы халықтың қоныстануы туралы талдаулар алады және білімін практикада қолдана білу. Пән халықтың саны мен демографияның әлемдегі тарихи үрдістер әсерін зерттеуге бағытталған.

Тарихи өлкетану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты өлкетанудағы әр түрлі дерек көздерінің рөлін, мағлұматтарының маңызын ашып көрсете отырып, өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын айқындап, оның гуманитарлық ғылымдардың дамуына қалай әсер еткенін көрсету арқылы Қазақстандағы тарихи өлкетанудың тарихын және дамуын оқыту.

Тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру және сақтау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің мәдени мұраны – археологиялық және этнографиялық материалдарды сақтау, консервациялау мен реставрация негіздерін оқыту барысында білімдерін жетілдіру, реставрация қызметінің тарихын, пәнаралық сабақтастығы жүйесін және осы мәлелелер аясында қарастырылатын отандық және халқаралық нормативтік құжаттар топтамасымен жұмыс істеуге икемдеу.

Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – адамның табиғатпен, оның ішінде туристік-рекреациялық қызмет процесінде өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру принциптерін жүзеге асыратын қазіргі заманғы экологиялық менеджмент тұжырымдамалары негізінде бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру.Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, оның ішінде саяхат кезінде авариялардың, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

Этика антропологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде этика және мораль тарихы, антропологиядағы этикалық нормалардың мотивтері мен құндылықтарының рөлі туралы түсінік қалыптастыру.Этика антропологиясы-антропологияның өзіндік бағыты, оның негізгі мақсаттары антропологияның этикалық нормалары мен аспектілері туралы түсінік қалыптастыру болып табылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Диплом алды
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты - болашақ кәсіби қызметке байланысты практикалық мәселелерді шешу үшін технологиялық және химиялық пәндердің теориясы мен әдістемесін интеграциялау қабілетін қалыптастыру. Тәжірибе білім беру бағдарламасын игеру барысында алынған құзыреттіліктерді қолдана отырып, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы нақты мәселелердің тәуелсіз шешімін қалыптастыруға бағытталған.

Кәсіби (далалық археологиялық) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы -

Кәсіби (далалық этнографиялық) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы -

Кәсібі (мұражайлық) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы -

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген