Магистратура
Тұлға және ұйымдастырушылық психология

Тұлға және ұйымдастырушылық психология

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON 1. Психологияның теоретикалық-әдіснамалық негіздерін, ұйымдастырушылық психология саласындағы психологиялық диагностика, кеңес беру, коррекция, психологиялық алдын алу және ұйымдастырушылық-басқару жұмысының қағидаларын біртұтас елестетуді көрсету
ON 2. Психологияның концепциялары мен бағыттарын, кәсіби психологиялық іс-әрекеттің этикалық және нормативтік-құқықтық негіздерін біріктіру
ON 3. Психологиялық бағыттарды, психологиялық мектептерді, әдістер мен тәсілдерді психологияның заманауи психологиялық бағыттарының өзекті міндеттерімен және даму перспективаларымен ара қатынастыра пайдалану
ON 4. Ғылыми-педагогикалық және кәсіби іс-әрекет аясында қолданбалы сұрақтарды шешуде заманауи психологиялық білімдерді, әдістерді, тәсілдерді және технологияларды қолдану
ON 5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарында, өндірісте, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың кадрлық бөлімшелерінде, спорттық ұйымдарда психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру
ON 6. Психологиялық мәліметтерде жинау, психологиялық көмектің сәйкес тактикаларын анықтау, ғылыми психологиялық зерттеулер саласында өзіндік ерекше жобаларды құрастыру және жүзеге асыру
ON 7. Психология саласында талдау және сараптамалық іс-әрекетті жүзеге асыру
ON 8. Ғылыми-психологиялық ақпаратты өңдеу, талдау, жинақтау, интерпретациялау
ON 9. Ғылыми-зерттеу ісәрекетінің нәтижелерін диссертациялық зерттеу түрінде, сонымен қатар аудиторияларға және өзі қызмет ететін мақсаттарға сай форма мен стильдерде дәйекті таныстыру
ON 10. Мәселелердің шешімін табу, өзінің жұмысын және әріптестерінің жұмыстарын бағалау және объективті сипаттау
ON 11. Қандай да бір әдістердің, тәсілдердің, технологиялардың, психологиялық бағдарламалардың ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне, сонымен қатар клиенттердің (жеке адамдардың, бөлімшелердің, ұйымдардың) тапсырыстарына сай қолданылуын жүзеге асыру
ON 12. Әріптестермен тиімді кәсіби қарым-қатынас орнату, көп бейінді кәсіби командада жұмыс істей білу және супервизия жүргізу

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Тұлға және ұйымдастырушылық психология
Мамандық шифры
7M03118
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы болашақ маманның зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, филологияда қолданылатын заманауи әдістерді зерттеуге бағытталған.

Еңбек мотивациясы мен аттитюдтер
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: еңбек мотивациясы мен атитюдтерді қалыптастыру психологиясы туралы тұтас көзқарасты игеру; персоналды ынталандыру, аттитюдтерді өзгерту, кадрлық технологиялар саласындағы практикалық жұмыс құзыреттіліктерін қалыптастыру. Пән тарихи ретроспективада және әлеуметтік психологияның қазіргі даму кезеңінде мотивация мен атитюдтерді зерттеудің әртүрлі аспектілерімен таныстырады.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Қолданбалы ұйымдастыру психологиясы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кешенді ғылыми-қолданбалы пәні ретінде пәндік аймағы және пәнаралық мәртебесі туралы жалпы түсінік қалыптастыру; талдаудың үш деңгейінде - "адам және жұмыс", "маман және жұмыс тобы" және "қызметкер және ұйым" адамдардың бірлескен қызметін реттеудің заңдылықтары мен тетіктерін ашу; ұйымдағы психолог жұмысының негізгі бағыттарын белгілеу.

Топтық динамика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кәсіби контексте топтық жұмыс пен коммуникацияны тиімді құруға байланысты құзіреттіліктерді қалыптастыру. Пән топтық динамиканың негізгі тұжырымдамаларын, топтардың қалыптасуын, дамуын; топтық динамиканың мәні мен тетіктерін; топтық динамика теориясын кәсіби өзара әрекеттесудің топтық және командалық түрлерінде қолданудың практикалық аспектілерін зерттеуге негізделген.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Бизнес, білім беру және психикалық денсаулық саласындағы консалтинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: бизнес, білім беру және психикалық денсаулық саласындағы консалтинг теориясы мен практикасы туралы тұтас түсінікті; психологтың консалтингтік қызметінің құзыреттілігін қалыптастыру. Курс басқарушылық консалтинг, бизнес-консалтинг, психикалық аурулар, психикалық денсаулық және салауатты өмір салты; кәсіби өсу және тұлғалық даму, оқу процесі мен ғылыми зерттеулерді ресурстық қамтамасыз ету және т. б. консалтинг мәселелерді басшылыққа алады.

Конфликктерді және ұжым климатың басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: конфликттерді алдын алу, шешу және реттеу негізінде жанжалдарды және ұйымдастырушылық климатты басқару құзыреттілігін қалыптастыру; адамдар арасындағы конфликтсіз өзара іс-қимылды, мәдениетаралық ортадағы ұйымдастырушылық мәдениетті және психологиялық негізделген коммуникациялық менеджментті үйлестіру. Курс ұйымішілік, тұлғааралық, топаралық мәселелерді, оның ішінде мәдениетаралық ортада психологиялық шешуге бағытталған.

Көшбасшылық психологиясы және супервизия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қызметтік жағдайларда көшбасшылықты жүзеге асыруға дайындықпен байланысты кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және қызметкерлерге әсер ету тәсілдері мен нәтижелері үшін кәсіби және этикалық жауапкершілікті көтеру; көшбасшылықтың негізгі теориялары, функциялары, көшбасшылықты іске асыру тәсілдері туралы білім жүйесін; супервизияның қазіргі жай-күйі саласындағы пайымдауларды және тіисті дағдыларды қалыптастыру.

Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және даму тенденциясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық ой дамуының теориялық және практикалық негіздерін меңгеру үшін құзыреттілікті қалыптастыру. Курс психологияның пайда болу сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін тұтас бейнесін алуға мүмкіндік береді, студенттің жалпы психологиялық көкжиегін кеңейтеді, психологиялық мұраға дұрыс көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді, теория мен практикадағы психологиялық ойдың даму процесі туралы дұрыс түсінік береді.

Персоналды оқыту және дамыту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ұйымның кадрлық процестері саласындағы құзыреттілікті, ұйымда персоналды оқыту және дамыту стратегиясын әзірлеу мен іске асыруды психологиялық қолдау дағдыларын қалыптастыру. Пән оқыту мен дамытудың кадрлық процестерінің әдіснамасын, заманауи психологиялық әдістері мен технологияларын зерттеуге, ұйымдағы персоналдың мансабын басқаруға бағытталған.

Психодиагностика және қызметкерлерді іріктеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кәсіби психологиялық іріктеудің тұжырымдамалық негіздері, технологиялары, өлшемдері туралы құзыреттіліктер мен білім жүйесін; ұйымның кадрлық саясатын әзірлеу және персоналды әлеуметтік дамыту үшін қажетті персоналдың психодиагностикасы туралы кешенді ғылыми түсінік қалыптастыру. Пән психологиялық диагностиканың нақты пәндік салаларының - кәсіби таңдау мен ассесменттің белгілері мен көрсеткіштерін анықтау мен бағалаудың әдістемелік жүйесін игеруге бағытталған.

Психологиядағы әдіснама, әдістер және эксперимент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық әдіснаманы, теорияны, психологиялық зерттеуді және оның ішінде экспериментті зерттеу практикасының ерекше формасы ретінде ұйымдастыруды игеру. Курс психологиялық ғылымның әдіснамалық негіздерімен танысуға, психологиялық зерттеулерді жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға, эмпирикалық деректерді алуға және өңдеуге; эксперименттік деректерді алуға, түсіндіруге және ұсынуға бағытталған.

Психологиядағы компьютерлік модельдеу және статистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: компьютерлік модельдеу әдістерін және деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын игеру арқылы кәсіби психологиялық ойлауды қалыптастыру. Курс нәтижелерді тіркеу дәлдігін арттыру және бастапқы деректерді өңдеу қателерін болдырмау арқылы эксперименттің "тазалығын" арттыру әдістерін зерттеуді қамтиды.

Тренинг, коучинг және ұйымдардың әр түрлі түрлеріндегі практикалық психолог қызметінің заманауи психотехнологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: практикалық психолог қызметіндегі тренинг, коучинг және қазіргі заманғы психотехнологиялар бойынша теориялық негіздері, мақсаттары, қағидаттары, процедуралық аспектілері мен әдістері туралы түсініктерді, оларды әртүрлі ұйымдарда қолдану саласындағы құзыреттерді қалыптастыру. Пән кешенді деңгейде психологиялық қолдау көрсету негізінде ұйым қызметкерлерінің жеке және іскерлік мәселелерін шешуде тиімді делдал болуға көмектеседі.

Ұйымдарды зерттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ұйымдарды басқарудың қолданыстағы жүйелерін, ұйымдастырушылық мәдениетті, ұйымдастырушылық климатты, ұйымдастырушылық шешімдер мен өзгерістердің психологиялық ерекшеліктерін талдауға, диагностикалауға, бағалауға және эксперттауғе қабілетті маман-психологты даярлау. Кәсіби моббинг, манипуляция және басқа да ұйымдастырушылық-психологиялық мәселелерді зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика, психология, арнайы пәндер арқылы алынған педагогикалық қызметтегі ғылыми және теориялық білімдерді практика мақсатында лекциялар мен семинарлар өткізу үшін практикалық және білім беру дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды шығармашылық түрде қолдануға кабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - сабақтардың әртүрлі түрлерін (дәрістер, лабораториялар, семинарлар, СОӨЖ, МОӨЖ) ұйымдастыру бойынша қажетті білімдерді көрсету; - оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау және студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - педагогика, психология және кәсіптік білім саласында алынған теориялық білімдерді практикалық іске асыру әдістеріне және әдістеріне ие болу.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген