Магистратура
Мәдениеттану

Мәдениеттану

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

12. Қазіргі кезеңде мәдениеттанулық мәселелерді (постмодерн, салыстырмалы, семиотикалық және т.б.) зерттеу үшін басым бағыттардағы ғылыми теорияларды ұсыну; жергілікті халықтың мәдени мұрасын қорғаумен байланысты заманауи мәселелерді түсінуде пәнаралық білімді сыни бағалау
13. Мәдени зерттеулер және мәдени антрпология саласында ғылыми білімді дамытудағы заманауи тенденциялар мен үрдістер контекстінде байырғы халықтардың дәстүрлі мәдениетін зерделеудің жай-күйін, келешегін терең түсінуді сыни бағалау;
14. Мәдени зерттеулер әдістемесін, мәдени, семиотикалық, компаративистикалық зерттеу ұйымдастыру ұстанымдары мен жүргізу әдістерін қолдану;
15. Ғылыми зерттеулердің мәселелері мен міндеттерін қалыптастыру, сәйкес әдіснаманы таңдау, зерттеу сатысын анықтау, коммуникациялық мәселелерді зерттеу нәтижелерін бағалау және түсіндіру;
16. Мәдени зерттеулердің түрлі салалары аясында бұқаралық коммуникацияны зерттеуде тұжырымдамалық және әдістемелік тәсілдерді қолдану;
17. Адамзат тарихында қалалық ортада мәдениетаралық коммуникацияларды зерттеуге қатысты қолданыстағы талдау әдістерін сыни бағалау;
18. Жаңа мәдени құбылыстар, мінез-құлық үлгілері мен коммуникацияларының жаңа шешімдерін табу, оларды түсіндіру және талдау үшін мәдени зерттеу әдістерін дербес және тиімді қолдану;
19. Қазіргі кезеңде постмодерн мәдениеті саласында тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу;
20. Мәдениеттің өзекті мәселелерін жоспарлау және ұйымдастыру бағдарламасын, жоғары оқу орындарында мәдениеттанулық пәндер бойынша білім беру қызметін практикалық іске асыруды жүйелі түрде ұсыну;
21. Медиа-мәдениеттің қазіргі заманғы мәдени мәселелерін өзектендіру үшін сандық порталдарды құрудың жаңа әдістерін табу;
22. Әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі өзгерістерге байланысты әр түрлі мәдени құбылыстар туралы ғылыми зерттеулерді мәдени зерттеулер мен мәдени антропологияның өзекті бағыттары бойынша өздерінің ғылыми зерттеулерінде қалыптастыру;
Топта белсенді жұмыс жасау және ғылыми мәселені шешуге шығармашылық көзқараспен қарау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Мәдениеттану
Мамандық шифры
7M03106
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мамандарды сапалы даярлау жоспарлау және ұйымдастыру барысында негізгі қағидаларды, әдістерді қолдану, сонымен қатар әдістемелік құралдарды игеру, ғылыми жобалармен жұмыс жасау, қажетті талдамалық материалдар дайындау негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастырудан тұрады., ғылыми мақалалар, диссертациялар жазу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қорытындылау және жүйелеу, жүргізілген ғылыми жұмыстардың тиімділігін сыни тұрғыдан бағалау

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Лингво мәдениеттану
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Білікті маман даярлау әлемнің лингвистикалық картасын құрудағы мәдениеттің орны, рөлін, тілдің әлеуметтік-мәдени ақпаратты беру, сақтаудағы рөлін сыни тұрғыдан бағалау қабілетін қалыптастырудан тұрады. әлемнің этникалық картинасы, мәдениетіндегі, лингвистикалық, этникалық, мәдени бірегейлікті сақтаудағы, қазіргі мәдени лингвистиканың теориялық ережелерін тілдік тәжірибені зерттеуде қолданудағы рөлі, заманауи әдістерді қолдана білу, аударма жұмысындағы мәдени лингвистика әдістемесі

Мәдениетаралық коммуникация
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мамандарды сапалы даярлау, магистранттардың әр түрлі мәдениетаралық қарым-қатынас түрлерін зерттеу, оның заңдылықтары, көріну ерекшеліктерін, әртүрлі мәдениеттердің, халықтардың, адамдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтай алу қабілетін қалыптастырудан тұрады, мәдениетаралық коммуникация әдістерін, коммуникативті актінің орны, рөлін, дүниетанымның, менталитеттің өзара байланысына әсерін зерттеуде тұжырымдамалық қағидалар, әдіснамалық тәсілдерді қолдану, бейімдеу қабілеттері, әр түрлі мәдениеттер

Постмодернизмнің мәдениет философиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың қазіргі жағдайын, постмодернизм мәдениеті философиясының негізгі даму тенденцияларын, мәдениетті зерттеудегі концептуалды тәсілдердің ерекшеліктерін, негізгі теориялық принциптері мен идеяларын объективті бағалау қабілеттерін қалыптастыру. постмодернизм мәдениеті философиясының өкілдері, постмодернизм мәдениетінің негізгі ұғымдарына, теориялық ережелеріне, оның теориялық және практикалық маңыздылығына, негізгі мәтіндерді сыни тұрғыдан талдай білуге сыни бағалауды қалыптастыру

Тарихи-мәдени мұраның мәдени сараптамасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи-мәдени маңыздылығы, сақтау дәрежесін анықтау, белгілеудің негізгі қағидаларын, әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру, объективті стандарттарды қолдана отырып мәдени мұра объектілерінің мәдени құндылығын анықтау, Қазақстан Республикасының, заңдары негізінде мәдени ескерткіштерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу, жүзеге асырудың заманауи тәсілдеріне, технологияларына, әдістері, әдістеріне қатысты нормативтік ережелерді қолдану.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Антология және гендерлік зерттеу методологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - заманауи қоғамның гендерлік аспектілерін аналитикалық түсіндіруде әдіснамалық принциптер мен тұжырымдамалық тәсілдерді қолдану қабілеттерін дамыту. Пән қазіргі заманғы қоғамдағы гендерлік қатынастарды, гендерлік айырмашылықтар проблемасын, гендерлік стратегияларды, гендерлік теңдік, гендерлік толеранттылық, интолерантылық мәдени зерттеулерде қолданылатын төзбеушілікті талдауға қолданылатын теориялық және әдістемелік тәсілдердің айрықша ерекшеліктерін объективті бағалау қабілетін дамытуға бағытталған.

Антропологиядағы заманау теориялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі қоғамдардың мәдени әртүрлілігін, олардың гендерлік, этникалық, әлеуметтік-экономикалық саралануын зерттеудің негізгі әдістерін, қағидаларын мәдениеттегі реттеуші формацияларды, адамдардың өзара әрекеттесу механизмдерін, жолдарын қарастыру арқылы қолдану қабілетін дамыту. мәдени тәжірибені, мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың өзара байланысын, әлеуметтендіру және жеке тұлғаны аккультуралау барысында әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру механизмдері туралы ақпарат беру.

Жергілікті халық мәдениеті, мұра және интеллектуалды меншік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - байырғы халықтардың дәстүрлі мәдениетін зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру, мәдени жәдігерлер, құндылықтар жүйесін, олардың мәдени мұраларын сақтау, рационалды іздеу формаларын объективті бағалау. олардың мәдени, географиялық, интеллектуалдық меншігін, олардың аймақтарын, тіршілік ету ортасын, олардың мәдениетінің бірегейлігін, байырғы халықтардың өмір салтын сақтаудың объективті жолдарын бағалау, құқықтық қорғау тәсілдері.

Жергілікті халық мәдениетін зерттеу: арнайы тақырыптар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жергілікті халықтардың мәдениеті, бірлігі, көптүрлілігі және ұлттық ерекшелігі туралы білімді меңгеру, мәдени сұхбат шеңберінде түрлі құбылыстарды зерттеу. Курсты оқығанда алған дағдыларды, білімдерді жалпылау, осының негізінде белгілі мәселелерді шешу, байырғы халықтардың этномәдени айырмашылықтарының ерекшеліктерін зерттеу; материалды мәдениеттің, әлеуметтік институттардың, идеологиялардың, халықтық өнердің тұрмыстық формаларына, олардың табиғи ортаға бейімдеушілік контекстінде сараптама жасау

Қазіргі заманғы мәдениет зерттеулері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - әр түрлі антропологиялық теориялар мен сыни талдау дағдыларын қолдана отырып, әлеуметтік-мәдени шындық бойынша зерттеулер жүргізу, мәдени анализ, далалық зерттеу әдістерін, негізгі антропологиялық теориялардың категориялық, әдістемелік аппараттарын салыстырмалы талдау үшін қолдану қабілетін дамыту, қоғамдағы және мәдениеттегі тұлғаның рөлін анықтайтын адам мінез-құлқының биологиялық және әлеуметтік, мәдени аспектілерің талдау

Мәдени антропологияға кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың категориялық аппараттарды, мәдени антропологияның негізгі теориялық, әдіснамалық қағидаларын түрлі мәдени жәдігерлерді талдауға қолдану, теориялық ұстанымдарды, отандық, шетелдік мәдени антропология идеяларын сыни тұрғыдан бағалау, салыстырмалы талдау әдістерін, историзм әдісін, мәдениет әдіснамасын қолдану қабілетін қалыптастыру.Әр түрлі мәдениеттер, мәдени қауымдастықтардың релятивизмі, қазіргі мәдени процестерге қатысты мәдени әртүрлілік принципін қолдану

Мәдениет экологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - мәдениеттің әр түрлі салаларының байлығы мен мәдениет ұғымдарының мағыналарының әртүрлілігін талдау қабілеттерін дамыту, әр түрлі ұлттық-мәдени платформаларды сыни тұрғыдан бағалау қабілеттерін дамыту, табиғи байлықты сақтауда әр түрлі мәдениеттер өкілдері арасындағы өнімді байланыс; әлемнің этникалық картинасындағы экологиялық бағдарлар.

Медиа, тарих, қоғам
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Маманды жаңа форматта сапалы даярлау, магистранттардың ақпараттық қоғам құбылысын, ақпараттық мәдениеттің қалыптасу тарихын, оның адам өміріндегі рөлін, медиа ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін талдау, бағалау қабілетін қалыптастырудан тұрады. Мәдениеттанушының жұмысында осы алынған нәтижелерді оң тұрғыдан қолдану, интерпретацияны жасау, мәдени мұра сақтау, ақпараттық мәдениеттің, цифровизациялаудың инкультурация, әлеуметтену, адамның интеграциясы процестеріне әсері.

Миф және өмір
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың мифтің әр түрлі формаларын, мифтерді жүйелеуді негіздеу принциптерін, мифтер теориясының негізгі түсініктерін объективті бағалауды, жалпылауды, зерттеу бойынша аналитикалық жұмыстарды өз бетінше жүргізу қабілеттерін қалыптастыру, мәдени құбылыстар туралы философиялық мәселелерді түсіндіру, мифтердің қалыптасуына өмірдің әсері, қазіргі жағдайдағы мифтер жасау әдістері, олардың мінез-құлық модельдеріне, адамның қарым-қатынас стратегияларына әсері

Постмодернизм және бейнелеу өнерінің тәжірибесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - постмодернизм бейнелеу өнерінің сюжеттік аспектілерін талдау, түсіндіру қабілеттерін қалыптастыру; постмодерндік өнердің қазіргі мәдениеттегі орны, рөлін, қоршаған шындықты қабылдауға, құндылықтар жүйесіне, адамдардың мінез-құлқы, қарым-қатынасына постмодерндік өнердің әсерін бағалау әдістері, принциптерін қолдану, постмодерндік көркем шығармаларды талдау, түсіндіру; бейнелеу өнері, көркем мәдениеті туындыларының эстетикалық, жалпы мәдени құндылығын анықтау әдістерін қолдану

Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениетінің жетістіктері, құндылықтарын, музыкалық тәжірибенің жаңа формаларын, орындау техникасын, стильдерін, бағыттарын, халық орындаушыларын, дәстүрлі ерекшеліктерін талдау қабілеттерін қалыптастыру негізінде білікті мамандарды даярлау, түркі халықтарының музыкалық мәдениеті, олардың қазіргі қоғамдағы өзгерістердің күрделілігі мен жылдамдығымен байланысты айырмашылықтары мен мағыналары. Әлемнің музыкалық картинасын қалыптастыру, ондағы түріктердің дүниетанымының ерекшеліктерін көрсету.

Электронды мәдениет және әлеуметтік желі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-магистранттардың визуалды тәжірибені, олардың институттарын, аудиторияларын, технологиялары, мәдени нысандарын электрондық мәдениеттің , әлеуметтік желілердің қазіргі заманғы даму тенденцияларын сыни бағалау арқылы талдау қабілеттерін, нәтижелерін жүйелеу қабілетін қалыптастыру болып табылады. ақпараттық қоғамның әртүрлі аспектілері, қазіргі мәдениеттің негізгі ақпараттық ресурстарының жай-күйі туралы зерттеулер, мәдениеттанушы жұмысында медиа ресурстарды қолдану мүмкіндіктерін сыни бағалау

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген