Магистратура
Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар

Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

нанотехнологияның ағымдағы жай-күйі мен даму үрдістері, сондай-ақ кәсіптік қызметтің пәнаралық салаларында терең білімдерін көрсету;
2. материалдарды нанозаттар және нанобөлшектермен технологиялық құрылымдау үдерісінің басқару принциптері туралы түсінігін көрсету;
3. заттардың және наноматериалдардың қасиеттерін зерттеу, талдау, диагностикалау және модельдеу әдістерімен жаңа және беймәлім контексттердегі технологиялық мәселелерді шешу;
4. физико-химиялық, кинетикалық және термодинамикалық параметрлерді ескере отырып, наноматериалдарды алудың қолданыстағы синтез әдістерін таңдау және қолданылуын негіздеу;
5. практикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, нанотехнологияда қолданылатын синтездің заманауи әдістерін салыстыру;
6. нанотехнология өнеркәсібіндегі жаңа пилоттық қондырғыларды, құрылғылар мен аппараттарды құру мәселелерін шешу үшін олардың құрылымын өзгертуге бағытталған материалдардың қасиеттерін басқарудың заманауи технологияларын қолдану;
7. нанотехнологиялар саласында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ғаламдық ақпараттық ресурстарын ғылыми-зерттеу және есептік-аналитикалық қызметте пайдалану;
8. нанотехнологиялар саласында жоғары білім беру үрдісінің практикасына ғылыми-кәсіби білімін енгізу;
9. түрлі наноматериалдарды өндіруге арналған қазіргі заманғы технологиялық үрдістерді, материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды өңдеу, технологиялық үрдістерді басқару жүйелерін әзірлеу;
10. нормативтік құжаттарға сәйкес нанотехнология саласындағы жобалық және техникалық жұмыс құжаттамаларын әзірлеу;
11. жаңа көміртегі бар материалдарды наноөлшемді құрылымдық компоненттермен синтездеу саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
12. нанотехнология саласындағы өз жетістіктерін объективті түрде бағалай білуге, жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігін түсінуге қабілетті болу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар
Мамандық шифры
7M07122
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және өткізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. Курс ғылыми зерттеу үдерісінің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән ғылыми әдістердің негіздерін, ғылыми жарияланымдарды және жобаларды дайындау мен шолу ережелерін зерттеуге бағытталған. Ғылыми эксперименттерді жоспарлауға, зерттеу нәтижелерін ұсынуға және коммерцияландыруға, ғылыми жобаларды дайындауға, ұсынуға ерекше назар аударылады.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Көміртекті наноматериалдардың қасиеттері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - наноматериалдардың қасиеттері мен құрылымы арасындағы байланысты анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Пән көміртекті наноматериалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеуде магистранттардың шеберлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: графит жазықтығының қасиеттері, атомдық орбитал гибридизациясы және көміртектің химиялық қосылыстары мен әртүрлі аллотроптық модификациялар. Алу әдісіне байланысты көміртекті наноматериалдарының қасиеттерін болжау. Көміртекті наноматериалдар негізінде материалдар мен композиттер.

Көміртекті нанотүтікшелер, графендер, фуллерендер және гидрофобты күйе
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - көміртектің оның құрылымына байланысты морфологиялық әртүрлілігін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән көміртекті нанотүтікшелер, графендер, фуллерендер және гидрофобты күйе синтезі бойынша дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: көміртекті наноматериалдарының құрылымы, номенклатурасы, синтезі, модификациясы, өсу механизмі, морфологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері (көміртекті нанотүтікшелер, графендер, фуллерендер және гидрофобты күйе) және олардың практикалық қолданысы.

Нанобөлшектердің құрылысы мен химиялық қасиеттері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - нанобөлшектердің қасиеттерін болжау және құрылымдық, химиялық ерекшеліктерін бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән нанобөлшектердің құрылымына байланысты ерекшеліктерін анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: нанобөлшектерді алу әдістері; синтез шарттарының нанобөлшектер құрылымы мен морфологиясына әсері; көміртекті және көміртекті емес наноматериалдардың негізгі түрлерін, олардың өлшемдері мен қасиеттерін жіктеу. Наноматериалдардың химиялық қасиеттерін егжей-тегжейлі игеру арқылы жаңа ықтимал қолданыстарын анықтау.

Наноматериалдардың химиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - наноқұрылымдар мен наноматериалдардың химиялық ерекшеліктерін түсіну және талдау қабілетін қалыптастыру. Пән нанообъектілер мен наножүйелердің негізгі түрлерін жасау бойынша магистранттардың түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: наноматериалдардың функционализациясы; газдар мен булардың адсорбциясы және хемосорбциясы; нанохимия объектілерінің классификациясы, сонымен қатар нанообъектілердің және наножүйелердің негізгі түрлері.

Нанотехнологияның іргелі негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - нанотехнологияның негізінде жатқан принциптерді, физика -химиялық және кванттық әсерлерді талдай білу қабілетін қалыптастыру. Пән нанотехнология негіздері, наноматериалдардың негізгі кластары мен сипаттамалары туралы магистранттардың түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Курста қарастырылады: нанотехнологияның дамуының тарихи кезеңдері, негізгі ұғымдар мен анықтамалар, наноматериалдарды анықтау критерийлері. Наноматериалдардың жіктелуі. Нанотүтікшелер және наножіпшелер. Өздік ұйымдасу және өздігінен жинақталу үрдістері.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Композициялық материалдарды 3D принтинг әдісімен алу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарды 3D принтингтің мүмкіндіктері туралы, 3D модельдеуге және әртүрлі салаларда кеңінен қолдануға арналған материалдар жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етулер туралы білімдерді қалыптастыру болып табылады. Пән магистранттардың 3D басып шығару арқылы композициялық материалдарды синтездеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Мыналар қарастырылады: 3D басып шығару процесін анықтайтын негізгі кезеңдері; наноқұрылымдар негізінде композициялық материалдардың әртүрлі формаларын синтездеу әдістері; композициялық материалдардың технологиялық параметрлері мен сипаттамаларын оңтайландыру.

Композициялық материалдарды механохимиялық алу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - композициялық материалдардың механохимиялық синтездеу принциптерін және оның нанотехнологияның дамуындағы рөлі туралы түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән механохимияны қолдану арқылы композициялық материалдарды алу дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: композициялық наноматериалдардың құрылымдары, номенклатурасы, синтезі, морфологиялық ерекшеліктері және қасиеттері; наноұнтақтардан нанокомпозиттер алу әдістері; нанокомпозициялық материалдардың механохимиялық синтезінің қазіргі заманғы процестері.

Композициялық материалдарды электроспиннинг әдісімен алу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты электроспиннинг әдісімен композициялық материалдарды синтездеуді ұйымдастыру, бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән магистранттардың композициялық материалдарды электроспиннинг әдісімен синтездеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегілер қарастырылады: электроспиннинг үрдісін анықтайтын негізгі кезеңдер; наноматериалдардың талшықты түрлерін синтездеу әдістері; сақтау мерзімі әртүрлі полимер ерітіндісінен электроформалау кезінде негізгі технологиялық параметрлерден талшықтардың технологиялық параметрлерін және сипаттамаларын оңтайландыру; үздіксіз наноөлшемді талшықтарға арналған өндірістік әдістер.

Көміртекті наноматериалдардың касиеттері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - наноматериалдардың қасиеттері мен құрылымы арасындағы байланысты анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Пән көміртекті наноматериалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеуде магистранттардың шеберлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: графит жазықтығының қасиеттері, атомдық орбитал гибридизациясы және көміртектің химиялық қосылыстары мен әртүрлі аллотроптық модификациялар. Алу әдісіне байланысты көміртекті наноматериалдарының қасиеттерін болжау

Көміртекті нанотүтікшелер, фуллерендер және гидрофобты күйе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - көміртектің оның құрылымына байланысты морфологиялық әртүрлілігін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән көміртекті нанотүтікше, фуллерен және гидрофобты күйе синтезі бойынша дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: көміртекті наноматериалдарының құрылымы, номенклатурасы, синтезі, модификациясы, өсу механизмі, морфологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері (көміртекті нанотүтікшелер, фуллерендер және гидрофобты күйе) және олардың практикалық қолданысы.

Көміртекті нанотүтікшелерді жалында алудың физика-химиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жалында нанокөміртекті материалдардың пайда болуына әкелетін физика-химиялық процесстерді талқылау қабілетін қалыптастыру. Пән көмірсутекті жалында көміртекті нанотүтікшелер синтезі саласында магистранттардың шеберлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Курста қарастырылады: жалында алынған нанотүтікшелердің қасиеттері; көміртекті нанотүтікшелерді тазарту және бөліп алудың физика-химиялық әдістері; көміртекті нанотүтікшелердің өсу механизмдері.

Нанобөлшектердің құрылысы мен химиялық қасиеттері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - нанобөлшектердің қасиеттерін болжау және құрылымдық, химиялық ерекшеліктерін бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән нанобөлшектердің құрылымына байланысты ерекшеліктерін анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: нанобөлшектерді алу әдістері; синтез шарттарының нанобөлшектер құрылымы мен морфологиясына әсері; көміртекті және көміртекті емес наноматериалдардың негізгі түрлері, олардың өлшемдері мен қасиеттері.

Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алудың заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - берілген сипаттары бар наноматериалдар мен наноқұрылымдарды синтездеу қабілетін қалыптастыру. Пән магистранттардың наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу бойынша түсініктер мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курста қарастырылады: нанотехнологиялық объектілердің жалпы сипаттамалары; наноматериалдарды алудың физика-химиялық негіздері; наноматериалдар құрудағы технологиялық үрдістер, наноқұрылымдарды синтездеудегі термодинамикалық заңдар.

Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алудың физика-химиялық әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - наноматериалдар мен наноқұрылымдарды берілген қасиеттермен синтездеуге қабілетін қалыптастыру. Пән магистранттардың наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу бойынша түсініктер мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курста қарастырылады: нанотехнологиялық объектілердің жалпы сипаттамалары; наноматериалдарды алудың физика-химиялық негіздері; наноматериалдар құрудағы технологиялық үрдістер, наноқұрылымдарды синтездеудегі термодинамикалық заңдар.

Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды тәжірибелік зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты наноқұрылымдарды бағалау үшін наноматериалдарды зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән материалдар мен нанообъектілер морфологиясын, химиялық құрамын талдау әдістерін таңдауда магистранттардың дағдылары мен қабілетін қалыптастыру. Курста қарастырылады: әдістерді жіктеу және қолдану; техника мен теорияның негіздері; наноматериалдарды диагностикалау құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету; эксперименталды зерттеулер әдістемесі.

Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды тәжірибелік зерттеудің заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты наноқұрылымдарды бағалау үшін наноматериалдарды зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән материалдар мен нанообъектілер морфологиясын, химиялық құрамын талдау әдістерін таңдауда магистранттардың дағдылары мен қабілетін қалыптастыру. Курста қарастырылады: әдістерді жіктеу және қолдану; техника мен теорияның негіздері; наноматериалдарды диагностикалау құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету; эксперименталды зерттеулер әдістемесі.

Наноматериалдардың химиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - наноқұрылымдар мен наноматериалдардың химиялық ерекшеліктерін түсіну және талдау қабілетін қалыптастыру. Пән нанообъектілер мен наножүйелердің негізгі түрлерін жасау бойынша магистранттардың түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: наноматериалдардың функционализациясы; газдар мен булардың адсорбциясы және хемосорбциясы; нанохимия объектілерінің классификациясы, сонымен қатар нанообъектілердің және наножүйелердің негізгі түрлері.

Нанотехнологиядағы көміртек құрамды металлорганикалық құрылымдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты көміртегі бар металлорганикалық құрылымдарды алу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру. Пән металл-органикалық құрылымдарды алу және оларды қолданудың практикалық аспектілері бойынша кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған. Қарастырылады: металл-органикалық құрылымдардың (МОF) жіктелуі; металл-органикалық құрылымдарды синтездеудің әмбебап стратегиялары; металл-органикалық құрылымдарды синтездеу әдістері (MOF); металл-органикалық құрылымдардың қолданылуы.

Нанохимияның даму бағыттары мен заманауи жағдайы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты нанохимияның қазіргі жай-күйін бағалау және оның болашағы мен дамуын талдау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пән магистранттарда нанохимияның даму тенденциясы саласындағы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Курста қарастырылады: нанохимияны дамытудағы қазіргі тенденциялар; наноматериалдарды талдау және синтездеудің озық әдістері; көміртегі наноматериалдарындағы соңғы жетістіктер және олардың нанохимиядағы орны

Өсімдік шикізаттары негізіндегі көміртекті наноқұрылымды материалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - өсімдік шикізаттары негізінде жаңа материалдарды алуға байланысты нанотехнологияны дамыту мәселелерін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән магистранттардың өсімдік шикізаты негізінде наноқұрылымды материалдарды алу саласындағы дағдыларын дамытуға бағытталған. Курста қарастырылады: өсімдік шикізаты негізінде көміртекті наноматериалдардың синтезі, морфологиялық ерекшеліктері және қасиеттері; нанокеуекті материалдардың түрлері, мембраналарды, сорбенттерді және катализаторларды дайындау әдістері.

Плазмoхимиялық реакторларда наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу үдерістерін компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - плазмохимиялық реакторларда наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алуды модельдеу қабілетін қалыптастыру. Пән плазмохимиялық реакторларда наноматериалдарды алу үрдістерін модельдеу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: Плазмохимиялық реакторлардың негізгі құрылымдық бөліктері; плазмохимиялық реакторлар жұмысының мониторинг әдістері; плазмохимиялық реакторларды пайдалана отырып технологиялық желілерді құрастыру мүмкіндігі; плазмохимиялық реакторларда нанообъектілерді құрастырудың негізгі механизмдері.

Плазмада наноматериалдар алуды компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты тепе-тең емес плазмадағы наноматериалдарды синтездеудің математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша мәселелерді шешу қабілетін қалыптастыру. Пән компьютерлік модельдеу арқылы шеберліктерін дамытуға бағытталған. Төмендегілер қарастырылады: наноқұрылымдар жинақтау бойынша математикалық модельдер; түрлі наноқұрылымдарды құрастыру процестерін модельдеу үшін танымал компьютерлік бағдарламалар; плазмохимиялық синтездің кинетикалық аспектілері; кванттық химиялық есептеу әдістері.

Төмен температуралы плазмада наноматериалдарды алу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты төмен температуралық плазма жағдайында наноматериалдарды алу әдісін таңдау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пән осы білімдерін төмен температуралық плазмада наноматериалдарды алу үшін қолдану дағдылары мен қабілетін дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: нанодисперсті материалдарды алу әдістері; химиялық реакциялардың кинетикалық аспектілері; төмен температуралық плазма режимінде көміртекті наноматериалдарды алу процестерінің термодинамикалық есептеулері.

Төмен температуралық плазмада көміртекті наноматериалдар алу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - төмен температуралық плазма шарттарында наноматериалдарды алу әдістерін жасау қабілетін қалыптастыру. Пән төмен температуралық плазмада наноматериалдарды алу дағдыларын дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: төмен температуралық плазма режимінде көміртекті наноматериалдарды синтездеу әдістемесі; плазмохимиялық реакция кинетикасы; көміртекті наноқұрылымдардың түзілуі кезінде аралық бөлшектердің өзара әрекеттесуінің қарапайым реакциялары, механизмдері; төмен температуралық плазманың макрокинетикасы.

Төмен температуралық плазмада наноматериалдар алудың физико-химиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты наноматериалдарды синтездеу үшін плазмохимиялық технологиялардың физика-химиялық принциптерін қолдану қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пән наноматериалдарды алуда кәсіби дағдыларын дамытуға, оларды қолданудың практикалық аспектілеріне бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: төмен температуралық плазмада наноматериалдарды алудың физика-химиялық заңдылықтары; төмен температуралық плазма агрегаттарының құрылымдық ерекшеліктері; плазмалық генератордың сипаттамалары; электрплазмалық қондырғылардың құрылыстары; тепе-тең емес процестерді бағалау әдістері.

Фуллерендерді жалында алу жолдары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - көмірсутекті жалындарда қатты фазаның пайда болуына әкелетін синтез тәсілдерін дамыту қабілетін қалыптастыру. Пән магистранттардың фуллерендер синтезінің оңтайлы шарттарын таңдау дағдылары мен шеберліктерін дамытуға бағытталған. Мыналар қарастырылады: фуллерендерді синтездеу әдістері; жалындағы синтез үрдістеріне сыртқы жергілікті әсер ету арқылы фуллерен құрылымдарының түзілу үрдістерін басқару әдістері.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу практикасы
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Исследовательская практика магистранта проводится с целью закрепления теоретических знаний, полученных в процессе обучения, приобретения практических навыков, компетенций и опыта профессиональной деятельности по обучаемой специальности, а также освоения передового опыта. Содержание исследовательской практики определяется темой диссертационного исследования.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген