Магистратура
Кеден ісі

Кеден ісі

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - заң ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар:
РО-1. Халықаралық стандарттарды, ЕАЭО және ҚР заңнамаларын инкорпорациялауды қолдану мәселелері мен мазмұнына ғылыми талдау жүргізу. Бірыңғай құжаттарды әзірлеу кезінде Қазақстанның ұлттық мүдделерін қамтамасыз етуге талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының кеден қызметін ұсыну, кеден ісі саласындағы құжаттарды жасау, ЕАЭО құжат айналымына кәсіби бағдар беру, ұлттық және халықаралық кеден және оған ілеспе заңнамамен байланысты құқықтық жағдайларды шешу. Ұлттық және халықаралық кеден құқығы саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.
РО-2. ҚР кеден органдарының бөлімшелерін басқару арқылы мемлекеттік кеден саясатын қалыптастыру, мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің кеден заңнамасын іске асыруын бақылауды жүзеге асыру, уәкілетті экономикалық операторларды басқаруды жүзеге асыру, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының кеден шекарасын басқару саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.
РО-3. Кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне ғылыми талдау жасау, мемлекеттік бақылау шараларын қолданудың тиімділігін талдау, мәжбүрлеу, ынталандыру және т. б. енгізу қажеттілігін негіздеу, оларға уәкілетті мемлекеттік органдардың алдында бастамашылық ету, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды заңдық сүйемелдеуді жүзеге асыру, кедендік құқық және кедендік әкімшілендіру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын негіздеу және әзірлеу.
РО-4. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық жағдайларды жіктеуге, қылмыстардың алдын алу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге, кедендік құқық бұзушылықтардың алдын алу нысаны ретінде әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану, сондай-ақ кеден заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту проблемаларын кешенді талдауды жүзеге асыруға, кедендік бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға.
РО-5. СЭҚ кедендік ресімдеудің тауарлық номенклатурасы мен рәсімдерін түсіну, тауарлардың шығарылған елінің әдіснамасын талдау және түсіндіру, жүктерді ресімдеу тәртібінің, кедендік төлемдер мен баждарды есептеу жүйесін сыни тұрғыдан түсіну, көрсетілген мәселелерде кедендік ережелер мен заңнамаға мониторинг жүргізу, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік және халықаралық стандарттар мен өзге де нормаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу.
РО-6. Елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігіне ғылыми талдау жасау, әлемдік экономикадағы Қазақстанның орны мен рөлі, әлемдік экономикадағы елдерді ажырату және жіктеу, сыртқы сауда қызметінде Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғауды жетілдіру жолдарын әзірлеу, сыртқы сауда, кедендік, валюталық-кредиттік және қаржылық қызметті дамыту жолдарын әзірлеу, нормативтік актілер жобаларында және бағдарламалық құжаттар жобаларында өз ұсыныстарын көрсету.
РО-7. Халықаралық сауда саласында болып жатқан үдерістердің Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуына әсерін бағалау, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерін түсіну және қорғау, Қазақстанның және оның Шаруашылық субъектілерінің Халықаралық экономикалық және сауда ұйымдарына қатысуының шығындары мен пайдасын бағалау, ЕАЭО Кеден одағын құрудың мақсаттары мен міндеттерін түсіну, ДСҰ шеңберінде кедендік және сауда саясатын қалыптастырудың қазіргі заманғы технологиялары жұмысындағы проблемаларды анықтау және оны іске асыру тетіктері, ЕАЭО және ДСҰ Кеден одағында дауларды шешу, халықаралық соттарда субъектілердің мүдделерін білдіру, сыртқы экономикалық қызмет саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
РО-8. Кеден органдарындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін бағалау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсыныстар ұсыну, ҚР және ЕАЭО қатысушы-елдерінің кеден қызметтерінің өзара іс-қимыл жүйесін бағалау, кеден органдарындағы кадр саясатының мәселелерін анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар ұсыну, кеден органдарындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің кедендік бұзушылықтары үшін саладағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
РО-9. Кедендегі Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар жұмысындағы проблемаларды анықтау, оларды қолданудың тиімділігін талдау, ақпараттық және талдау жүйелерінің жұмысын жетілдіру бойынша заңды және өзге де сүйемелдеуді ұсыну және жүзеге асыру, басқа елдермен ұлттық мүдделерді ескере отырып, ақпарат алмасудың қажеттілігі мен мүмкіндігін талдау, ақпараттық алмасу талаптарының сақталуын зерттеу, электрондық сот ісін жүргізу жұмысының дағдысы болу.
РО-10. Кеден ісі саласындағы ақпаратты жинау, талдау, жүйелеу және қорыту, кәсіби қызмет мәселелері бойынша анықтамалар мен талдамалық шолуларды дайындау, мәтіндерді рефераттау, кеден ісі саласында құжат айналымын жүргізу жүйелерін зерттеу, кәсіби қызметте ақпараттық кедендік технологияларды пайдалану, кедендік құжаттану және құжат айналымы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
РО-11. Халықаралық кедендік құқықтық қатынастарды талдау, Қазақстан Республикасы кеден органдарының, ЕАЭО Кеден одағының және Дүниежүзілік кеден ұйымының ұйымдастыру жүйесінде еркін бағдарлану және білу, олардың өзара іс-қимылын жүргізу және қамтамасыз ету, СЭҚ операциялары бойынша келіссөз қызметін жүзеге асыру, шарттарды жасасу және орындау тәртібі мен шарттарын сақтау.
РО-12. Көрсетілетін кедендік қызметтердің деңгейі мен сапасын талдау, ҚР және ЕАЭО қатысушы-елдердің кедендік қызметтер нарығын зерттеу, кедендік қызметтердің сапасын бағалаудың теориялық-әдістемелік аспектілерін зерттеу, еңбек сапасын қамтамасыз етудің уәждемелік механизмін зерттеу, кедендік қызметтерді жүйелеу, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың кеден органдарымен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынасы, кеден қызметтерінің сапасын арттыруды құқықтық және ұйымдық-экономикалық жетілдіру саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Кеден ісі
Мамандық шифры
7M04214
Факультеті
Заң

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Кеден саласындағы құқықтық талдаудың әдіснамасы
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – магистранттарда кеден аясындағы құқықтық талдаудыңәдіснамасын қолданудың түсінігі мен машықтарын, кеден заңнамасын жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру қабілеттерін қалыптастыруПән қамтиды: кеден аясындағы құқықтық талдаудың түсінігі мен әдістерін; кеден аясындағы әрбір әдістің қолданылу ерекшеліктері, кеден аясындағы құқытық талдауды қолданудың машықтарын жасау.

Кедендік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің масаты – мемлекеттік билік органдарының, саяси және қоғамдық ұйымдардың жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы қызметтерін талдау қабілеттілігін қалыптастыру. Курс тәуекелдерді басқару жүйесінің түсінігін, құрылымын, мазмұнын; мәліметтерді өңдеу мен тәуекелдер профилін; тәуекел объектілерін, тәуекел-менеджементі, жеткізу қауіпсіздігін және т.б. қамтиды.

Халықаралық экономикалық дауларды шешу
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – халықаралық экономикалық дауларды шешу рәсімінің түсінігі мен интерпретациясын қалыптастыру. Пән қамтиды: дауларды халықаралық экономикалық ұйымдар шеңберінде шешудің тәртібі мен процедуралы; халықаралық арбитраж; халықаралық экономикалық дауларды шешудің ерекшеліктері.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Арнайы экономикалық аймақтардың құқықтық мәртебесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - Арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі негізгі ережелердің түсінігін қалыптастыру, сәйкес білімді тәжірибе қолдана алу. Элективтік пән арнайы экономикалық аймақтар туалы теориялық және нормативтік ережелерді, АЭА қызметінің мәселелерін, АЭА тауарларды және көлік құралдарын орналастыру мен қолданудың тәжірибелік аспектілерін қамтиды.

Бизнес қызметін кедендік және салықтық тексеру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән бизнесті кедендік және салықтық тексерудің тәртібі мен интерпретацисын түсінуді, кедендік және салықтық тексеру жүргізудіжоспарлау мен атқаруды игеруді қалыптастырады. Пән қамтиды: кедендік және салықтық тексерулерді жүргізудің түсінігін, нысандарын, әдістері, процессуалдық тәртіптерін, тексеруші мен тексерілушінің құқықтары мен міндеттерін, кедендік және салықтық тексерулердің салдарларын; мемлекеттік фискалдық саясатты.

Жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жеткізу тізбегіндегі тәуекелдері мен айқынсыздықтарын төмендету механизмдерін қолдану, түсініктері мен интерпретациясын қалыптастыру. Оқытылады: ДСҰ-ның жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін реттейтін қауіпсіздік стандарттары және өзге де актілері; жеткізу тізбегіндегі тәуекелдерді азайтатын кедендік ресімдеу мен бақылау технологиялары; кеден органдарының функциялары мен өкілеттіліктері.

Кеден ісі саласындағы ақпаратты басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кеден ісі аясындағы қажетті ақпараттарды басқаруға және оларды кедендік мақсаттарға тиімді қолдануға қажетті машықтар мен білімдерді қалыптастыру, болып табылады. Целью дисциплины является Оқытылып игеріледі: ақпараттарды басқарудың түсінгі, нысандары, әдістері; кеден аясындағы ақпараттық технологиялар; ақпараттандыру туралы заңнама; ақпараттандыру туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауакершілік.

Контрактілер және сыртқы сауда құжаттамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – сауда құқығы теориясының, шарттық құқық институттарын, келісім шарттарды жасасу тәртіптерін және сыртқысауда құжаттарын жасаудың түсініктерін қалыптастыру. Оқытылады: шарттық құқықтың түсінігі мен қағидалары; сыртқы сауда құжаттарын жасау; шарттық міндеттемелердің әртүрлі түрлерін жасаудың және орындаудың тәртіптері; шарттарды өзгерту мен тоқтатудың негіздері мен тәртіптері; азаматтық-құқықтық шарттар мен сыртқы сауда құжаттарының ерекшеліктері.

Сыртқы экономикалық қызмет құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті реттейтін заңнамасының, сондай-ақ сыртқы сауданы реттеудің қыралдары мен механизмдерінің түсінігі мен интерпретациясын қалыптастыру. Оқып игеріледі: сыртқы экономикалық қызметтің түсінігі мен субъектілері, объектілері; СЭҚ мемлекеттік реттеу саясаты мен құқықтық реттеу механизмдері; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жауапкершілігі.

Экономикалық қауіпсіздік құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерін құқықтық қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі теориялық ережелерді зерттей алу қабілетін қалыптастыру. Оқытылады: экономикалық қауіпсіздіктің құқытық қамтамасыз етілуі және экономикалық қауіпсіздік технологиялары; интеграциялық процестер жағдайында экономикалық қауіптерді анықтау әдіснамасы; еліміздің экономикалық мүдделерін ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғаудың нысандары мен құралдары.

Электрондық декларациялау және құжат айналымы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – электрондық декларациялауды жүргізудің және кеден саласындағы құжат айналымын жүргізудің машықтары мен тәжірибелік білімдерін қалыптастыру. Пән қамтиды: тауарларды декларациялаудың түсінігі, нысандары, түрлері; декларацияның түрлері және нысандары, оларды толтыру тәртібі; электрондық декларациялауға байланысты бағдарламалық өнімдер; кеден саласындағы есептік ресімдеулер мен құжаттарды ресімдеу.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген