Магистратура
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - ғылым магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін диагностикалау, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу, табиғи және техногендік жүйелерде өтетін әртүрлі процестердің дамуын бағалау және модельдеу, болжау әдістерімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты дамуды қамтамасыз ету;
2. еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі қауіпті талдау және тәуекелдерді бағалау әдістерімен қауіпті жағдайларды іске асыру ықтималдығын (жиілігін) анықтау;
3. экологиялық тәуекелдерді қоса алғанда, әртүрлі өлшемдер бойынша адамға және мекендеу ортасына антропогендік әсердің қауіптілік дәрежесін талдау және бағалау; теріс әсерлердің пайда болуы мен дамуын болжау және олардың салдарын бағалау;
4. жүйелік талдауды қолдана отырып, "адам– машина-орта" жүйесінде техникалық қауіпсіздікті бағалау мен қамтамасыз етудің және тәуекелді азайтудың, сенімділігін бағалаудың қазіргі заманғы теориясын зерделеу; авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың ықтимал салдарларынан персонал мен халықты қорғау жөнінде шешімдер қабылдау; техносферадағы қауіпті процестерді моделдеу және құрылатын жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5. әдістемелік және нормативтік материалдарды, техникалық құжаттаманы әзірлеу, өндірісте еңбекті қорғауды басқару жүйесін моделдеу және тәуекелдерді басқару бойынша жұмыстарды жүргізу, белгіленген талаптарды, қолданыстағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
6. тәуекелді модельдеу, болжау, бағалау және алдын алу, тәуекелдерді басқару саласында қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді пайдалану; қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ақпараттық технологияларды теориялық және практикалық пайдалану, төтенше жағдайларда экологиялық, өндірістік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қауіпсіздік саласында ақпараттық технологиялардың нормативтік-құқықтық базалары саласында қажетті дағдыларды қалыптастыру;
7. қауіпсіздік жүйелері мен құрылғыларын, объектілердің қауіпсіздігін арттыру құралдарын жобалау және есептеу; тіршілік ету жағдайларын талдау негізінде олардың жұмысының тиімділігін бағалау; тіршілік ету ортасы үшін негізгі қауіптерді заңнамалық және құқықтық актілермен және тіршілік ету қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұғымдық-терминологиялық аппаратпен сәйкестендіру.
8. техносфералық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың инженерлік-экономикалық есебін жүргізу, жобалық құжаттаманы оқу және іс-шараларды жобалауға тапсырманы сауатты құру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Мамандық шифры
7M11201
Факультеті
География және табиғатты пайдалану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистратура студенттерін ғылым сферасындағы жұмысқа дайындау және оларды ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтердің ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеулердің жабдықтары және әдістерімен, шығармашылықтық еңбекті ұйымдастыру және оны жоспарлаумен таныстыру, теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау және қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін есептеу және жобалау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін жобалау қабілетін қалыптастыру. Курс оқытуға бағытталған: түрлі әдістемелерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін есептеу мен жобалаудың негізгі ұстанымдарын, техногенді нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің негізгі технологиялық параметрлерін есептеуді, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерін құрудың негізгі принциптерін.

Тәуекелдерді басқару және жүйелік талдау
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - техносфераның өндірістік объектілері мен үдерістерінің тәуекелдерін бағалау және басқару қабілетін қалыптастыру. Курс кәсіби тәуекелдерді моделдеуге, төмендетуге, оларды басқаруға, адамға антропогендік әсердің қауіптілік дәрежесін бағалауға, әр түрлі тәуекелдердің критерийлерін меңгеруге, тәуекелді бағалау және алдын алуға арналған қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді; күрделі жүйелердің қатерін көп факторлы талдау және бағалау әдістерін үйретеді.

Техникалық жүйелердің сенімділігін, өмірщеңдігін, қауіпсіздігін бағалау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – техникалық жүйелерді сипаттау және олардың сенімділігін, өміршеңдігін және қауіпсіздігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы техникалық жүйелердің істен шығу себептерінің табиғатын, олардың жиілігін, іркіліс қарқындылығын түсінудің теориялық-практикалық негізін қалыптастырады. Пән техникалық жүйелердің сенімділігін, өміршеңдігін, қауіпсіздігін бағалау әдістерін және олардың жұмысқа қабілеттілігін сақтауды; істен шығу ықтималдығын есептеу тәсілдерін зерделеуге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жарылу-өртену қаупі бар өндірістердің өрт қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жарылыс-өртке қауіпті өндірістерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жарылыс-өрт қауіпті өндіріс жағдайында өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсінік қалыптастырады. Пән өрт сөндірудің технологиялық жабдықтарын, жоғары техногенді қауіпті аймақтарды болжау және анықтау тәсілдерін, өрт-жарылыс қауіпті технологиялық процестердің қауіпсіздігін және қорғау объектісінде қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды зерттеуге бағытталған.

Кешенді қауіпсіздік саласындағы инновациялық техникалық шешімдерді талдау және әзірлеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты мақсаты инновациялық техникалық шешімдерді әзірлеу бойынша іскерлікті қалыптастыру; өтінім берілген техникалық шешімдердің негізгі элементтері мен қасиеттерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, салыстыруды орындаумен патенттік құжаттамаға талдау жүргізу; әзірленген инновациялық шешімдерді іс жүзінде енгізу және алынған оң әсерді бағалау бойынша іс жүзінде дағдылану мүмкіндігін беру.

Өндірістік объектілердің қауіпсіздігіне сараптама және аудит жүргізу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ұйымдағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің нормативтік құқықтық базасын талдау, сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, аудит жүргізу дағдыларын қалыптастыру; шаруашылық объектісінде, аумақта объектінің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес қадағалау және бақылау шараларын жүргізу мүмкіндігі.

Республикадағы және шет елдегі өндірісте еңбек қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – республикадағы және шет елдердегі еңбек жағдайын анықтайтын физикалық, физикалық-химиялық, биологиялық және әлеуметтік - экономикалық процестерді зерттеу қабілетін қалыптастыру. Курс өндірістік ортаның, қауіпті жағдайлар мен қауіпті аймақтардың жағдайын болжау тәсілдерін, аварияға ұшырау, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың әлеуметтік-экономикалық салдарын есепке алу, талдау және болжаудың ғылыми-негізделген әдістерін әзірлеуді зерттеуге бағытталған.

Табиғи және техногенді жүйелер мониторингісінің аспаптық және есептік тәсілдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда аспаптық және есептік әдістердің көмегімен табиғи және техногенді жүйелерге мониторинг жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу пәні мониторинг жүйесінің негізгі ұғымдары туралы түсінік береді. Пән мониторингтің түрлері мен тәсілдерін, қауіпті табиғи құбылыстар мен әлеуетті қаупі бар нысандарды автоматты бақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.

ТЖ кезінде тұрғындар мен нысандарды қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - төтенше жағдайда өндірістің тұрақтылығы, халық пен аумақты белгілі әдістермен қорғау негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Пән төтенше жағдайда адамның тіршілік әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар мен зілзалалардың салдарын ескерту және жою бойынша шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру, тәуекелдерді болжау, бағдарламалық өнімдермен үдерістерді модельдеу негіздерін үйретеді.

ТЖ кезіндегі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – адам мен табиғатқа радиациялық және химиялық әсерді нормалау, қолайсыз әсердің шекті деңгейлерін және оларды анықтау қабілеттерін қалыптастыру. Пән радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды болжаудың әдістемелік негіздерін үйретеді. Пән мазмұнына кіретіндер: атаулы қауіпті нысандардағы авариялар мен апаттардың салдарын жою, олардың алдын алу бойынша шаралар жүргізу, жетекші нормативті актілермен жұмыс.

Тіршілік қауіпсіздігіндегі ақпараттық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда ақпараттық жүйелер және технологиялар көмегімен тіршілік қауіпсіздігін басқаруға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған шешім шығару қабілеттерін қалыптастыру. Пән қауіптерді тудыратын көздер мен себептерді басқару жүйесі түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастырады. Пән автоматтандыру құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып алынатын ақпаратқа қатысты операциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылған бірізділігін зерделеуге бағытталған. Пәнді игеру кезінде келесі аспектілер қарастырылады: автоматтандыру құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып алынатын ақпаратқа қатысты операциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылған бірізділігі.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген