Магистратура
Халықаралық қатынастар

Халықаралық қатынастар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
1. Әлемдік саясаттың қазіргі оқиғалары мен локальды және жаһандық үдерістерінің даму түжырымдары мен ақуалы жөніндегі ұстанымдарды және жаңаша теорияларды сыни жігерлендіру және бағалау; ғылымның ілгерлілері мен тәжірибе сұраныстарына сай халықаралық зерттеулер өткізу әдіснамасы мен әдістерін ықшамдау;
2. Әлемдік саясаттағы қазіргі оқиғаларды талдау барысында оқыған тұжырымдар мен теорияларды қолдана алу; мемлекеттік қызмет және ғылыми-зерттеу белсенділігі ауқымындағы интеграциялық үдерістер, мәдениеттердің өзара әрекеттесуі, тұрақты даму мәселелерін қолданбалы талдау дағдыларын меңгеру.
3. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесінің интегративті, инновациялық үдерістерін, сценарийлі болжау және салыстырмалы сараптау, теориялы-әдіснамалық синтез, халықаралық оқиғаларды сараптаудың қолданбалы дағдыларын игеру.
4. Дара ғылыми зерттеу контестінде қазіргі жаһандық, аймақтық даму үдерістерінің жолын болжау, қолданбалы зерттеу дағдыларын игеру, сараптамалық және сынақ жұмыстарын жүргізу; ұжымды басқару, зерттеу мен жобалау жұмыстарын ұйымдастырудағы тәжірибеде қолдану.
5. Әртүрлі дәрежедегі қауіпсіздік қатері дерегін анықтаудағы стратегиялық сараптауды қауіпсіздік жаңа өлшемдері жағдайында қолдануда ұлттық, аймақтық және жаһандық дәрежедегі қауіпсіздік мәелелерінің өзара ара қатынасын бағамдау; аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі орталықазиаттық мемлекеттер ерекшелігін жіктей алу,
6. Еуразиялық интеграцияның негізгі бағыттарының дамуын, интеграциялық құрылымдар қызметі мен бағдарының сынм сараптамасының ғылыми амалдарын зерттеу; мемлекетаралық өзара әрекеттің сценарийлі-болжам сараптамасын және оларды шешудің әрт.рлі практикалық міндеттерін жүргізу.
7. Әлемдік саясаттың әртүрлі саласындағы жаһандық және аймақтық дәрежедегі оқиғаларды, мега трендтер, жаһандану рөлі, негізгі әлемдік акторлар қызметін, бағалауда ғылыми теориялар білімін, зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикалар, ғылыми мектептер білімін жігерлендіру.
8. Саяси шешімдерді қабылдаудағы экономикалық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау; кәсіби қызмет ауқымында жаһандық құрылымдар трансформациясы ақуалындағы жетекші әлемдік акторлар қызметі мен ерекшелігін, тұрақты дамудың негізгі тұжырымдарын бағалау.
9. Ғылыми-зерттеу мен білім беру қызметтері ауқымында ОА саяси және экономикалық тұжырымдарды зерттеу әдістерін қолдана көп жақты және екі жақты өзара әрекет саласындағы аймақтық және жаһандық дәрежедегі мәселелерді ауқымдау.
10. БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар қызметі, жаһандық құрылымдардың трансформациясы тетікті аспектілері жөніндегі білім негізінде, халықаралық ықпалдасудың басқа да алаңдарын болжау мен үлгілеу, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардағыы кәсіби қызмет барысында олардың практикалық міндеттерін анықтау.
11. Жаңа қауіпсіздік өлшемдерін ескере отырып, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті зерттеу міндеттерін құрастыру мен әзірлеу; оларға сәйкесінше әдістер қолдана шешу; кәсіби қызмет ауқымында олардың шешілу жолдарын болжау.
12. Қазіргі ХҚ теориялық амалдар негізінде ғылыми зерттеу қорытындыларын мақала көлемінде, сараптамалық баяндама, магистрлік дисертация ауқымында рәсімдеп, алынған білімді пайдалана, дара ғылыми зерттеу контекстінде ерекше ойларды қолдана отырың сыни сараптамалар жасау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Халықаралық қатынастар
Мамандық шифры
7M03112
Факультеті
Халықаралық қатынастар

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жаһандық қауіпсіздік және заманауи халықаралық қақтығыстар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандық қауіпсіздік мәселелерін және халықаралық жанжалдарды реттеу заманауи нысандарды болжау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: әлемдік қоғамдастықтың пен аймақтық ұйымдардың этносаяси жанжалдарға әскери, саяси, дипломатиялық және өзге де құралдарын қолдана отырып араласу әдістері; қақтығыстар және бітімгершілік операциялар туралы ақпаратпен жүйелі жұмыс істеу қабілеттілігі қалыптасуы

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Мегатрендтер және әлемдік саясаттың жаһандық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әлемдік шаруашылық байланыстар сипатында, мемлекетаралық қатынастар жаңа тұжырымдары мен дамуы мегатрендтерді түсіну. Пәнде оқытылады: халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерінің мәнін, экономикалық; әлеуметтік мәдени, идеологиялық қатынастар әрекетінің заңдылығың, әлемдік саясаттың қазіргі тұжырымдары дағдылары

Халықаралық қатынастар және жаһандану үрдісі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы жаһандық дамуға ықпал етуші факторлар, жаһандану ұғымы туралы бас түсініктемелер туралы білім береді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: жаһанданудың әлемдік саясаттың салаларына әсер ететін бағыттарын зерттеу, халықаралық қатынастардың дамуына жаһандық тенденциялардың енуін зерттеу

Халықаралық қатынастар теориясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХҚ теориясында қолданылатын арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде негізгі халықаралық қатынастар теориялар пайдалану; - теориялық ережелерды ескере отырып, халықаралық қатынастар және қазіргі заманғы мемлекеттердің сыртқы саяси қызметіне талдауды жүзеге асыру; - теориялық-әдіснамалық қағидалар негізінде халықаралық қатынастардағы қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды қолдану; - ХҚ теориясын жүйелі, кешенді нысаналау, стратегиялық негізін түсіну жөнінде білімді жүйелеу; - қолданбалы саяси зерттеудің сараптамалық-болжамалы бағытын бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Халықаралық қатынастар теориясының теориялық-әдіснамалық негізі (халықаралық қатынастарды ғылым ретінде зерттеу, ғылым болмысты ұғыну формасы ретінде, ғылым құрылымы). ХҚ шеңберіндегі теорияландыру мәселелерін методологиялық ұғыну (халықаралық қатынастарды ғылым ретінде зерттеу, халықаралық қатынастар теориясы: анықтамасы, компоненттері, қызметтері, халықаралық қатынастар теориясының тұрпаттамасы). Реалистік парадигма (классикалық реализм, неореализм). Идеалистік парадигма (классикалық идеализм, неолиберализм). Материалистік парадигма (марксизм, неомарксизм). Постпозитивисттік парадигмалар (постмодернизм, конструктивизм).

Халықаралық қатынастардың жаһандық құрылымының трансформациясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХҚ жаһандық құрылымының трансформациясы мен даму үдерісінің заңдылығы, қисынын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру, Пәнде оқытылады: курс шеңберінде оқылатын теориялар және концепциялардың түсінік, сәйкес халықаралық-құқықтық база, жаңа әлемдік тәртіпті құқықтық рәсімдеу әдістері, бейбіт келісімдер мен бітімге келу аяқталып, «жаңа әлемдік тәртіптің құрылу» кезеңінің басталуына байланысты мәселелер, аймақтық қауіпсіздіктің жаһандық және жергілікті факторлары арақатынасын бағалау.

Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: халықаралық саяси оқиғаларды болжау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: халықаралық оқиғалардың қазіргі сараптамасы ортақ теориялық-әдіснамалық негіздері, ХҚ мен сыртқы саясат меңгеру саласындағы жаңа үрдістермен байланысты негізгі мәселелерді шешу мүмкіндігі туралы аса маңызды ықтимал негізгі принциптерінің жалпы концептуалды пікірлер, экономикалық және әлеуметтік тәуекелдерді туралы саяси шешімдер қабылдау бағдары, сараптамалық бағалау өлшемдерін әзірлеу үдерісі

ХХІ ғасырдағы аймақтық ішкі жүйелер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХХІ ғасырдағы аймақтық, субаймақтық және басқада мемлекет аралық жүйелерге бірігу үдерісі дамуының негізгі кезеңдері жөніндегі түсінікті қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХХІ ғасырдағы ХҚ аймақтық ішкі жүйелерінің әрекет ету механизмдері, ХҚ қазіргі жүйесіндегі аймақтану мәселелерін терең сараптауды қалыптастыру; аймақтық және ішкі жүйелер ұйымдарының құрылуының тетікті тұстары, қазіргі әлемде болып жатқан саяси үдерістер

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

БҰҰ жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ рөлі, халықаралық ұйымдар қызметін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХҚ саласындағы жаңа зерттеулерді есепке ала отырып теориялық-әдістемелік қағидалардың негіздері, БҰҰ рөлін халықаралық тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу және сақтау негізгі механизмі ретінде қарастыру, БҰҰ реформалау жөнінде пікірталас түсінігі

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - саяси және аймақтық проблемаларды терең талдау үшін теориялық білім базасын қалыптастыру. Оқу курсы саяси аймақтанудың заманауи парадигмалары контексіндегі сыни талдау, бағалау және жаңа идеяларды синтездеу қабілетін қалыптастырады, зерттеудің негізгі категориялары мен бағыттарын игеру. Пән ғылыми білім мен зерттеу әдістемесі туралы білімді аймақтық проблемаларды талдау тәжірибесінде қолдануға, зерттеуді әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық аспектілерін жасауға бағытталған.

Еуразиялық интеграцияның концептуалды және тәжірибелік негіздері: Н.Назарбаев доктринасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: нақты интеграциялық бірлестіктер қызметі, кеңестік кеңістіктен кейінгі кеңістіктегі интеграциялық үдеріс, еуразиялық теория мен идеология негіздерін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: - классикалық еуразияшылдық пен қазіргі неоеуразияшылдық өзара байланысын құрастыру; - қазіргі таңдағы бірегей доктрина ретінде Н.А. Назарбаевтың доктринасын талдау; - еуразиялық интеграция негіздері жайлы Н.Назарбаев доктринасын шоғырландрылған түрде көрсету; - Еуразиялық доктринаның дамуын: ұлттық-мемлекеттік деңгей, аймақтық деңгей және жаһандық деңгейін салыстыру; - ҚР-дың әлемдік интеграция үдерістеріндегі рөлі мен орнын, сондай-ақ еуразиялық халықтарының өзара ортақ рухани байланысын талдау; Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Н.Назарбаевтың еуразиялық интеграция доктринасының теориялық-әдіснамалық негізі (еуразияшылдық, аймақ, интеграция, еурзиялық интеграция доктринасының қағидалары). Н.Назарбаевтың доктринасындағы Еуразия тарихын зерттеу және ұғынуға қатысты жаңа бағыт (интеграциялық үдерістер мәнмәтінінжде, тәжірибелік мүмкіндіктер, еуразиялық кеңістік тарихы мәселелерінің өзектілігі. Қазақстан мүддесі үшін жаһандық және аймақтық саяси үдерістер болашағы мен салдары (ЕурАзЭҚ, Ортақ экономикалық кеңістік, Кедендік Одақ). Қазіргі Қазақстан тарихында және оның халықаралық даму басымдықтарынында еуразиялық идеяның рөлі.

Жаһанданған әлемдегі мәдениеттердің өзара әрекеттесу мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мәдениеттердің өзара әрекеттесуін, олардың қазіргі ХҚ ықпалдылығын зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: мәдениетаралық өзара ic-қимыл талдау жасаудағы теория мен тәжірибе, ХҚ зерттеу үшін мәдениет феноменінің талдау әдістері, мультимәдениет, мәдениетаралық өзара қатынас ерекшеліктері, трансұлттық мәдени қауіпсіздіктің тетікті ережелері

Жаһандану дәуіріндегі қауіпсіздіктің жаңа өлшемдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін сипаттау, бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің қазіргі халықаралық жүйесінің жаңа өлшемдерін зерттеу барысында қолданылатын өзіндік түсініктері мен бағыттарының мазмұны, негізгі халықаралық мәселелерге қатысты ҚР ұстанымдары, жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік саласында болып жатқан үдерістер

Қазіргі халықаралық қатынастардағы тұрақты даму мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тұрақты даму теориясы, тәжірибесі, оның ХҚ ықпалы жөніндегі қазіргі түсініктерді зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: тұрақты даму тұжырымдамасының тарихи даму аспектілері, пайда болу алғышартын, оның мақсаттарына (адами қажеттіліктерді қамтамасыз ету), міндеттеріне және қағидаларына, талдау дағдыларына сай кәсіби қызметте, тұрақты дамудың сараптамалық, сыни салаларына сай құрылған инновациялық стратегиялар

Қазіргі ХҚ саяси және экономикалық тұжырымдарын зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі ХҚ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының және саяси зерттеу технологиялары мен әдістерінің инновациясын бағалау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: қазіргі хқ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының теориялық-әдіснамалық негізі, экономикалық ойлардың даму тарихындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерттеу әдіснамалары, шешім қабылдау үрдістерін талдау амалдары; әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қазргі үлгілерін салыстыру

Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ОА аймақтық қауіпсіздік мәселелерінің негізгі кешенді мәселелері мен қауіп қатерлерін зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: Орталық Азия аймағының геосаяси үдерістерінің динамикасы, аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен мемлекетаралық ынтымақтастық шеңберіндегі аймақтық ұйымдардың қызметі, аймақтағы жаңа қауіпсіздік қатерлері мен өзгермелі әлемдің тәртіп контекстіндегі ОА рөлі

Салыстырмалы интеграция
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі интеграциялық бірлестіктердің қызметін сараптауды, интеграциялық үдерістердің жалпы аймақтардың қатысушы елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ету тетігін түсінуді қалыптастыру. Курс шеңберінде интеграциялық модельдердің алуан түрлілігі, Еуропа мен Азия елдерін жақындастыру тәжірибесінің ерекшеліктері, интеграциялық өзара іс-қимылдың өңірлік нұсқаларын салыстырмалы талдауға арналған нұсқамалары қаралатын болады.

Халықаралық жағдайлардың қолданбалы талдау және үлгілеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХҚ саласында қолданбалы сараптама жүргізе алу, қазіргі жаһанданған әлемнің оқиғалар жөнінде білімді жүйелейді қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: халықаралық жағдайдың қазіргі талдауының жалпы теориялық-әдіснамалық негізі , халықаралық саяси жағдайларды талдау және болжамдау әдіснамасын анықтау және түсіндіру, кәсіби қызметте халықаралық жағдайлардың үлгілену нұсқалары жөніндегі мағлұматтарды қолдану.

Халықаралық қатынастар және жаһандану үдерісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын тәжірибеге сай түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ХҚ дамуындағы жаһандық түжырымдар, жаһанданудың әлемдік саясат саласына ықпалының негізгі бағыттары, ХҚ дамуына ықпал етуші жаһандық мәселелердің байланыс сараптамалары.

Халықаралық қатынастар теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ХҚ теориясында қолданылатын арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Курс бағамдайтын құзыреттіліктер: теориялық-әдіснамалық қағидалар негізінде хқ қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды қолдану, қазіргі және тарихи оқиғаларды талдау барысында зерттелудегі теорияларды зерттеудің сараптамалық-болжамалы бағытында бағалау.

Халықаралық қатынастардағы ойындар теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ойындар теориясындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер мазмұнын, халықаралық мәселелер мен жағдайлардың талдау үшін оны қолдану қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: ойындар теориясының негізгі ұйғарымдар, құралдар, әдістерін зерделеу, ХҚ саласындағы ойын моделін талдауға қабілеттілігін қалыптастыру, кәсіби міндеттерді шешу үшін осы әдістер пайдалану

Халықаралық қатынастарды зерттеудің әдіснамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: cаяси оқиғалар мен үдерістерді болжау қабілеттілігін қалыптастыру, үлгілеудің негізгі амалдарын үйрену. Пәнде оқытылады: ХҚ үдерістер сараптамасы дағдылары, ғылымның алдыңғы қатардағы трендтері мен тәжірибе сұранымдарына сәйкес халықаралық зерттеу жүргізу тәсілі мен әдіснамасы, халықаралық зерттеу жүргізу мақсатында ғылыми теориялар мен заңдарға сараптама, сараптамалық-болжамалы нәтижесі дәйектілігі дәлелдемелер жүйесі

Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - халықаралық саяси оқиғаларды болжау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы қойылымды-сараптамалы болжау әзірлеу, халықаралық мәселелер мен үдерістерді қолданбалы зерттеу дағдысы, әдіснамалық сараптау дағдылары жөнінде білімді жүйелейді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: халықаралық оқиғалардың қазіргі сараптамасы ортақ теориялық-әдіснамалық негіздерін, халықаралық-саяси ақпараттар сараптамасы, оларды іріктеу әдіснамасын игеруді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген