Магистратура
Ғарыштық техника және технологиялар

Ғарыштық техника және технологиялар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.ON1 ғарыштық техника және технологиялардың қазіргі күйін көрсететін, заманауи мәселелердің даму үрдісі мен өзекті бағыттарын түсіндіру және олар туралы терең білімдерін жалпылау, сонымен қатар есептің пәнаралықтығын анықтауда бағдарлау;
2.ON2 GEO немесе LEO серіктерінде аналогты немесе сандық модуляция арқылы сөздік, бейне немесе деректер сигналдарын жіберу үшін пайдаланылатын серіктік байланыс жүйелерін жобалау;
3. ON3 Жер бетін бақылауға арналған ғарыштық технологияларды экономиканың маңызды есептерін, соның ішінде ауыл шаруашылығы, экология, қорғаныс, төтенше жағдайлар мониторингі мәселелерін шешу үшін пайдалану;
4. ON4 инженерлік бағдарламалық қамтама жасау, сонымен бірге оны талдау, жобалау, тестілеу және ендіру;
5. ON5 роботтандырылған ғарыштық жүйелердің құрылымын түсіну және ғарыштық техника және технологиялар саласында арнайы есептерді шешу үшін пайдаланылатын робототехникалық жүйелерді жобалау;
6. ON6 ғарыш аппаратының борттық жүйелерінің негізгі параметрлерін анықтау үшін есертеулер жүргізу, сонымен қатар математикалық модельдеу және CAD құралдарды қолдана отырып талдау жасау;
7. ON7 практикалық және кәсіби қызметте табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін шешу үшін қоршаған ортаны зерттеу және басқару мониторингі әдістерін қолдану;
8. ON8 ғарыштық жүйелер мен оның ішкі жүйелерін жобалаудың және сынаудың кезеңдерін және қағидаларын анықтау үшін жүйелік талдау әдістерін, параметрлерді анықтау және тиімділік әдістерін пайдалану;
9. ON9 инженерлік жағдайларда әдептік және кәсіби жауапкершілікті сыни бағалау, инженерлік шешімнің жаһандық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәнмәтіндегі әсерін ескере отырып, негізделген шешімдер қабылдау;
10. ON10 басқарудың заманауи тәсілдемесі негізінде құрылымды, сапаны, репутацияны жетілдіруге бағытталған білім беруді ұйымдастыру үдерістерін талдау және басқару;
11. ON11 басқару психологиясы тарапынан өмірлік және кәсіби жағдайларды сыни бағалауға; өзіндік және ұжым потенциалын дамыту үшін басқару психологиясы бойынша білімдерді тиімді пайдалану;
12. ON12 өздерінің ғылыми зерттеулеріне және заманауи ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер мен техникаларды анықтау, озінің қорытындыларын және оларды тұжырымдауға пайдаланған білімдерін жариялау, сонымен қатар, мамандар мен маман еместерге негіздеу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Ғарыштық техника және технологиялар
Мамандық шифры
7M07119
Факультеті
Механика-математика

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Ғарышқа ұшу динамикасының заманауи мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты ғарыштық ұшу динамикасының заманауи мәселелерімен таныстыру, заманауи математикалық әдістер мен тәсілдерін пайдаланып, ғарыштық ұшу динамикасының модельдерін құру және талдау дағдыларына ие болу. Қарастырылатын мәселелер: Ғарыштық ұшу динамикасының қазіргі жағдайы. Өзекті және Қазақстан экономикасына қызығушылық тудыратын ғарыштық ұшу динамикасының ғылыми мәселелері. Ғарыштық кеңістігін математикалық модельдеу. ҒА-ң ұйытқыған қозғалысы. ҒА планетаралық траекторияларын таңдау.

Ғарыштық факторлар және олардың ғарыш аппараттарына әсері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарды ғарыш аппараттарының үздіксіз тоқтаусыз жұмыс істеуінің теориялық негіздеріне және олардың конструкциялық материалдары мен борттық жабдық элементтерінің қоршаған ғарыш ортасының әсеріне төзімділігіне үйрету. Қарастырылатын тақырыптар: Күн белсенділігі мен ғарыш кеңістігінің факторлары, ғарыш радиациясының ҒА борттық аппаратурасына әсері, ҒА аспаптарының істен шығуы, Жердің радиациялық белдеулері, радиациялық белдеулердің ҒА-на әсері және т.б.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жерді бақылауға арналған ғарыштық технологиялар
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мемлекеттік экономиканың проблемаларын шешу үшін ғарыштық технологияларды қолдану принциптерін түсіну; Жердің бетін бақылау үшін ғарыштық технологияларды зерттеу. Пәнді оқыған кезде келесі мәселелер қарастырылады: Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйелерін құру принциптері, Жерді қашықтықтан зондтау үшін ғарыштық жүйелерді алдын-ала өңдеу, сандық ғарыштық кескінді тақырыптық өңдеу.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Инженерлік бағдарламалық қамтаманы жасау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бағдарламалық қамтаманы жобалау дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде, инженерлік бағдарламалық қамтаманы талдау, жобалау, жасау, тестілеу және ендіру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: бағдарламалық қамтаманы жобалау үдерісі және әдістемесі, жоспарлау, жобаларды басқару, құрылымы және дизайны, жүзеге асыру, тестілеу, бағдарламалық қамтама сапасы, ендіру және қызмет көрсету, реинженеринг.

Роботтандырылған ғарыштық жүйелер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – пән саласында арнайы тапсырмаларды шешу үшін қолданылатын, роботтандырылған ғарыштық жүйелердің құрылымы және негізгі элементтерімен таныстыру. Қарастырылатын мәселелер: роботтандырылған ғарыштық жүйелердің негіздері және олардың жұмыс қағидалары. Мехатронды және робототехникалық жүйелерді модельдеу және зерттеу. Мехатронды және робототехникалық жүйелерді басқарудың заманауи әдістері. Мобильді роботтар мен мехатронды жүйелердің ақпараттық технологиялары. Мехатронды және робототехникалық жүйелерді жобалау және өндіру.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ғарыш аппараттарының қозғалысын және навигациясын басқару жүйелерін жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарды ғарыш тақырыбында есептеулерді шешуде қолданылатын, ғарыш аппараттарының қозғалысын және навигациясын басқару жүйелерін жобалаудың теориялық және практикалық негізін үйрету. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: ғарыш аппараттарының қозғалысын және навигациясын басқару жүйелерін жобалау мәселелерін шешу үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануды зерттеу, физикалық және математикалық үлгілерді құрудың принциптері, олардың нақты процестер мен элементтерге қолданылуы, автоматтандырылған жобалау жүйесінің, ғарыш аппараттарының және ғарыш жүйелерінің негіздері.

Ғарыш аппараты жүйелерін пайдалану жағдайларын модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: магистранттарда ғарыш аппараттарының пайдалану шарттары туралы білімін қалыптастыру. Курс магистранттарға ғарыш объектілерін пайдаланудың әдіснамалық негіздерінің мазмұны туралы қажетті білім беруді, сондай-ақ техникалық кеңістікті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық және экономикалық-техникалық және экономикалық әдістерді жетілдіру және жетілдіру бойынша ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін практикалық дағдылар мен қабілеттерін алуды ұсынады.

Ғарыш аппаратының нысаналы аппаратурасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Магистранттарда ғарыш аппараттарының нысаналы аппаратурасы туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту магистранттарға қашықтықтан зондтау, байланыс, навигациялық және геодезиялық жер серіктерінің нысаналы аппаратурасын жобалау және әзірлеу саласындағы инженерлік (жобалық, ғылыми-зерттеу және дамыту) қызмет жүргізу үшін қажетті білім алуына бағытталған.

Ғарыштық жүйелер инжинирингі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - ғарыштық жүйелер инжинирингі саласындағы білімді қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі сұрақтар қарастырылады: Миссияны толық талдау. Орбитаны толық талдау. Ғарыш жүйесінің өмірлік циклы. Нано- және микросеріктердің баламалы құрылымдарын анықтау. Ғарыш аппаратын толық жылулық есептеу. Жобалау үрдісіне шолу жасау және пайдалы жүутеменің сипаттауыштарын анықтау. Ғарыш аппаратының құрылымы. Модельдеудің негізгі құралдары.

Ғарыштық құрылғыларды сынау жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - ракета және ғарыш технологиясының өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде, автономды, кешенді сынауды, бақылау және конструкторлық ұшу сынақтарын қоса алғанда, жүргізілетін тестілеудің әртүрлі типтері туралы білім беру, әр сынақ түріне қолданылатын типтік стендтік жабдықпен таныстыру. Қарастырылатын мәселелер: зымырандар мен ғарыш аппараттарын сынаудың заманауи әдістері және оларды өткізуге арналған стендтік жабдықтар, эксперименттік деректерді өңдеу және талдау әдістері.

Жер туралы қолданбалы ғылымдар және экологиялық менеджмент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - ғарыштық мониторинг деректері негізінде қоршаған ортаны басқару принциптерін, негізгі ережелерін меңгеру. Пәнді оқу кезінде келесі мәселелер қарастырылады: Жер туралы қолданбалы ғылымдар, экологиялық менеджменттің қолдану салалары, серіктік деректерді қолдану арқылы оларды дамыту; ғарыштық мониторинг деректері негізінде қоршаған ортаны басқару принциптерін зерттеу; ғарыштық бақылау нәтижелеріне негізделген өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жай-күйінің мониторингі.

Жерді қашықтықтан зондтау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты заманауи технологияларды қолдана отырып, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтаудың теориялық негіздері, модельдеу әдістері және құралдары туралы түсінік қалыптастыру. Магистранттар спутниктік суреттерді дешифрлеу бойынша практикалық дағдыларды меңгеруі, геокеңістіктік құралдар мен синтетикалық апертуралық радарлық суреттер технологиялары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс

Жерді қашықтықтан зондтау серіктерінің оптикалық және радарлық жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: магистранттарда Жерді қашықтан зондтау негіздері, ғарыштық фото- және радио суреттерді эксперименталды өңдеу туралы білім қалыптастыру. «Жерді қашықтықтан зондтау серіктерінің оптикалық және радарлық жүйелері» курсы магистранттарға қашықтан зондтау саласындағы кәсіби білім ұсынады, қашықтықтан зондтау деректерін алудың негізгі көздерін, оларды өңдеу негіздері мен әдістерін және оларға негізделген тақырыптық карталарды жасау тәсілдерімен таныстырады.

Заманауи гироскоптық жүйелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Магистранттарға әртүрлі мақсаттарға арналған гирострабилизаторларды құрудың негізгі принциптері мен гироскоптық бағдар жүйелерін құруды, сонымен қатар осы үдерісте орын алған құбылыстардың қателіктерін және физикалық мәнін талдауды түсіндіру. Пәнді оқытудың міндеттері - магистранттарды математикалық зерттеу әдістерімен және гироскопиялық жүйелерді құрудың және пайдаланудың негізгі принциптерімен таныстыру, сондай-ақ олардың практикада қолданылуы туралы негізгі ақпараттарымен таныстыру.

Инженерлік жүйелерге арналған тиімділік әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – инженерлік есептерді тиімділік әдістерін қолдана отырып қою және шешу үшін кәсіби біліктілікті қалыптастыру. Тақырыптар: тиімділік негіздері, тиімді басқару принциптері, дискреттік және үзіліссіз жүйелердің детерминирленген және стохастикалық мәселелері, шешу әдістері, сонымен қоса сандық алгоритмдер, предиктивтік басқару, динамикалық бағдарламалау, вариациялық есептеулер, Понтрягин принципі, инженерлік жүйелерді басқару үшін тиімді басқару теориясын қолдану және мысалдар.

Күрделі техникалық құралдарды компьютерлік басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ғарыш аппараттарын компьютерлік басқару жүйесі туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқу барысында магистрант техникалық жүйелердегі басқару есептерін шешу әдістері мен алгоритмдерін, автоматтандыру және басқарудың бағдарламалық-аппараттық құралдарын жобалау есептерін, жоба жұмыстарын орындаудағы техникалық тапсырманы дайындауды, заманауи ақпаратты өңдеу технологияларын, заманауи техникалық басқару жүйелерін, есептеу техникасын, автоматтандыру және басқару жүйелерін жобалауға арналған компьютерлік желілер және телекоммуникациялар технологияларын меңгереді.

Қолданбалы микроэлектроника
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттарға ғарыштық мәселелерді шешу үшін пайдаланылатын ғарыш аппараттарындағы микроэлектрониканың теориялық және практикалық негіздерін оқыту. Қарастырылатын мәселелер: микроэлектрониканың негізгі аспаптары және құрылғылары, олардың жұмыс істеу принципі, схемотехникалық және конструкторлық-технологиялық, электрлік параметрлері мен сипаттамалары, қолдану нысандары мен салалары; микроэлектрониканың элементтік базасын зерттеу; интегралды микросхемалар мен дискретті компоненттерде, компьютерлік үлгілерде функционалдық электронды құрылғыларды синтездеу.

Қоршаған ортаны математикалық модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - экологиялық және табиғи процестер мен құбылыстарды талдауда математикалық әдістерді қолдану және жалпы тәсілдерді зерттеу; экологиялық процестердің модельдерін құру кезеңдерін зерттеу; компьютерлік модельдеу принциптерін және экологиялық процестерді талдау құралдарын оқып үйрену. Пәнді оқыған кезде келесі мәселелер қарастырылады: модельдеу теориясының негізгі концепциялары, модельдеуді классификациялаудың негізгі ұғымдарын зерттеу және тб.

Қоршаған ортаның мониторингі үшін GEONETCast және ILWIS бағдарламаларын қолдану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтарда қоршаған ортасын бақылау үшін GEONETCast және ILWIS бағдарламаларымен жұмыс істеу принциптерін меңгеру. Пәнді оқыған кезде келесі мәселелер қарастырылады: GEONETCast ғаламдық желісімен ғаламдық пайдаланушыларға экологиялық деректерді беретін серіктік жүйелер туралы мәліметтерді таратумен танысу; осы желімен жұмыс істеу принциптерін оқу; берілген тапсырмалар үшін желіні пайдалануды үйрену.

Микросұлбалардағы жүйелерді жобалауға арналған CAD құралдары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - аналогты, аралас және цифрлық интегралды схемалар мен жүйелерді жобалау үшін CAD құралдарын көрсету және интегралды сұлбаларды жобалау, модельдеу және тексеру үшін сәйкес әдіснаманы ұсыну. Тақырыптар: CAD жүйелерінің ортасында өндірісті жобалау мен дайындау әдістері; NASTRAN интеграцияланған CAD жүйесінің қосымша пакетін зерттеу; үлгілерді инженерлік талдау бойынша кешенді жұмыстарды орындау, ақырлы элементтерді талдауды пайдалана отырып, жобаланған құрылғының физикалық-математикалық моделін құру.

Сандық фотограмметрикалық жүйелердің негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарды жерді қашықтықтан зондтау негіздері және сандық фотограмметриялық жүйелермен таныстыру. Пәнді оқыған кезде келесі мәселелер қарастырылады: қашықтан зондтау деректерін алдын-ала және тақырыптық өңдеу, қашықтан зондтау әдістерін қолдану, сандық фотограмметрия және ГИС үшін бағдарламалық құралдарды қолдану. Аэробақылау, ғарышты қамтитын әуе немесе ғарыштық ұшақтардан Жерді және ғарыш денелерін зерттеу әдістері.

Серіктік байланыстың заманауи принциптері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: курс магистранттарға толық серіктік байланыс жүйесін құрайтын әртүрлі ішкі жүйелердің түрлерін береді. Пәнді оқыған кезде келесі мәселелер қарастырылады: серіктік орбиталар және ұшыру процедурасы, көру бұрыштары; ғарыш аппараты: қуат, байланыс, қадағалау, телеметрия және басқару, антенна жүйелері; радиобюджет, сигналдың шуға қатынасын есептеу; аналогтық модуляция әдістері, сигналдың шуға қатынасын есептеу; сандық модуляция, берілім, биттік қателерді есептеу және тб.

Серіктік мәліметтерді өңдеудің заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттарды заманауи деректерді тіркеу, сақтау, өңдеу және ұсыну жүйелерінде жерсеріктік деректерді сандық өңдеу мен түрлендірудің негізгі әдістері мен техникалық тәсілдерімен таныстыру, ақпараттық жүйелер мен қазіргі заманғы дербес компьютерлерде жерсеріктік деректерді түрлендіру мен талдаудың тиімді алгоритмдерін іске асыру әдістерін зерттеу.

Серіктік навигацияның заманауи технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттарда ғарыш аппараттарын қоса алғанда, жылжымалы объектілердің серіктік навигациялық жүйелердің заманауи әдістері мен құралдары туралы білім қалыптастыру. Магистранттар бұл курста заманауи серіктік навигациялық жүйелер, оларды жүзеге асыру құралдары, жұмыс істеу принциптері мен өзара байланысы, оларды жобалаудың теориялық негіздерімен танысады.

Табиғи ресурстарды мониторингілеу және басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - табиғи ресурстарды басқару мен мониторинг жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын үйрену. Биосфераның компоненттерін бақылау құралдары мен әдістерін зерттеу. Қарастырылатын мәселелер: табиғи ресурстарды басқару мен бақылаудың белгіленуі, мақсаттары, мазмұны мен принциптері. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін шешу үшін түрлі табиғи ортаны бақылау және басқару. Табиғи ресурстарды басқару үшін серіктік деректерді өңдеу және талдау жүргізу.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген