Магистратура
IT Архивтану және құжаттану

IT Архивтану және құжаттану

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы бағдарламаны аяқтағанан кейін магистранттардың қабілеттері қалыптасады:
ON1. Пәнаралық (информатика, юриспруденция және т.б.) қиылысындағы заманауи ғылыми архивтанулық және құжаттанулық бағыттар шеңберінде ғылыми теорияларды ұсыну;
ON2. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде АТ-ны іске асырудың мәнін түсіндіру. АТ жұмысының мазмұнын сипаттау. Архивтерді ақпараттандырудың негізгі үрдістерін анықтау. Ақпараттық технологияларды енгізудің әдіснамалық шарттарын ашу.
ON3. Ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығындағы жағдайды талдау, электронды құжаттайналымы жүйелерін және электронды архивті пайдалану мүмкіндігін бағалау.
ON4. Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету және архив ісі саласында қолданылатын қолданбалы бағдарламаларды, оны іріктеу өлшемдерін, бағдарламалық қамсыздандыру негіздерін әзірлеу; Архив құжаттарының электронды мәліметтер базасын жасау кезінде IT әдістерін қолдану.
ON5. Ұйымдарда электронды архивтерді құру бойынша жобаларға сараптамалық қорытынды жасау, жақсарту жолдарын ұсыну.
ON6. Құжаттарды басқаруды қамтамасыз ету және архив ісінде қолданылатын ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын пайдалану.
ON7. Әртүрлі деңгейдегі архивтерді электронды құжаттармен толықтыруды жүзеге асыру; электронды құжаттардың құндылығын сараптаудың жалпы және нақты өлшемдер жүйесін қолдану; электронды архивтердің есептік және ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін құру.
ON8. Кәсіпорынның (мекеменің) электронды архивін қазіргі заңнамалар мен әдістемелік негізде ұйымдастыру; электронды архивтер қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
ON9. Электронды құжаттық басылымдарды дайындау, құжаттарды археографиялық өңдеу, мәтінмен жұмыс істеу және электронды форматтағы басылымдардың ғылыми-анықтамалық аппараттын құрастыру үшін теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қолдану.
ON10. Архив құжаттарын цифрлаудың заманауи құралдарымен жұмыс істеу; архив құжаттарының мәтінің тану және сканерлеу; танылған мәтінді тексеру және анықтау; архив құжаттарын цифрлаудың техникалық құралдарының таңдау әдістемесін меңгеру.
ON11. Алынған ғылыми білімдерін IT-архивтану және құжаттану бойынша өз ғылыми зерттеулерінде тұжырымдау, ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру, оған сәйкес әдіснаманы таңдау, зерттеу кезеңдерін анықтау.
ON 12. Өткізілетін сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және әдістемемен қамтамасыз ету. Әріптестер және басшылармен кәсіби қарым-қатынас орнату.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
IT Архивтану және құжаттану
Мамандық шифры
7M03207
Факультеті
Тарих

пәндер

Археографияның теориялық-методологиялық мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.

Архивтанудың теориялық мәселелері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Құжаттанудың теориялық мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Архив құжаттарына қол жеткізудің сандық технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: архив ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз етудің заманауи нысандары мен жолдары, ғылыми айналымға архив құжаттарын енгізу, Қазақстан архивтерінің ақпараттық қызметі, «Архив 2025» бағдарламасы және оның құжаттық мұраны насихаттаудағы рөлі туралы кешенді түсінік беру. Курсты оқыту барысында архив ісі үрдісінде нормативтік-методикалық базаны қолдану, компьютерлендіру формасы, әдісі және әдістемесі қарастырылады.

Архив мекемелерін басқару үдерістерін жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттардың архив ісін басқару және архив жұмысын жобалау туралы теориялық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Архив ісін басқару. Қазақстанның арив мекемелерін басқарудың әдістері мен формалары. Шет елдердегі архив ісінің экономикасы. Архив ісін басқарудың нормативтік-құқықтық және әдістемелік негізі және т.б. қарастырылады

Басқарудағы ақпараттық жүйелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдаланудың практикалық мәселелерін шешуде теориялық білім мен оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық жүйе түсінігі. Басқарудың ақпараттық жүйелерінің құрамы, құрылымы, жіктелуі, сипаттамалары. ҚБҚ АЖ автоматтандырудың негізгі кезеңдері. ЭҚЖ негізгі бағдарламалық өнімдері. Құжатталған ақпаратты басқарудың автоматтандыру теориясы мен тәжірибесі қарастырылады.

Құжаттамалық база мәліметтерінің жобалау методологиясы мен технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: компьютерлік ортадағы құжаттық мәліметтер базасын жобалау және жасау, каталогтық МБ мен электрондық МБ айырмашылықтары, ерекшеліктері, кемшіліктері мен артықшылықтарын ажырата білу. Мәліметтер банкі, құжаттық ақпараттар мәліметтер базасының типологиясы, ақпараттық сақтау қоймалары, нысанға негізделген мәліметтер базалары, құжаттық мәліметтер базасының ерекшеліктері, мазмұнды басқару, танымал құжаттық мәліметтер базалары қарастырылады.

Құжаттарды сақтау және пайдаланудын «бұлтты қызметтері»
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - магистранттардың архивтерде жұмыс жасау үшін «бұлтты сервистер» туралы түсініктерін қалыптастыру, электрондық мемлекеттік басқару саласында білім беру және оларды ЭҮ құжаттық коммуникацияларды басқарудың практикалық міндеттерін шешуде қолдану. Деректерді «бұлтты» сақтау мәліметтерінің сипаттамасы. Бұлтты технологиялардың пайда болуы. Бұлтты сақтау қоймаларына шолу. «Бұлтта» файлдарды сақтау қауіпсіздігі. Қолжетімді сервистерді салыстырмалы талдау қарастырылады.

Тарихи құжаттың құнын бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: магистранттардың экономика тұрғысынан тарихи құжат тарихи мүлік объектісі ретінде, тарихи мүліктің нарықтық құны туралык, сақтандыру, сатып алу, сату мақсаттары үшін мүлік объектісі ретінде бағалау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру. Тарихи құжатты бағалаудың теориялық және пракикалық негіздері. Бағалау әдіснамасы және әдістері. Құжаттардың физикалық жай-күйіне бағалау жүргізу қарастырылады.

Ұйымдарда құжаттарды басқару технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: магистранттардың базалық (желілік / компьютерлік) құжаттарды басқару технологияларын модельдеудің негізгі принциптерін сипаттау және бағалау мүмкіндігін, сондай-ақ оларды қазіргі заманғы ҚБҚ-да сұранысқа ие ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуде қолдануға қабілетін қалыптастыру. Ұйымда құжаттарды басқару әдістері мен технологиялары, құжаттардың құрамын ретке келтіру қағидалары; басқарудың ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудің даму үрдісі және т.б. қарастырылады.

Электронды құжаттардың құндылығын сараптау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттардың электрондық құжаттарды сараптау және оларды мемлекеттік сақтауға іріктеу кезінде жұмыс істеу дағдылары мен теориялық білімін қалыптастыру. ЭҚ сараптау ерекшеліктер. Ақпараттық жүйелердегі сараптамалық жұмыстарды автоматтандыру үдерістері, мүмкіндіктері, кемшіліктері, перспективалары. Архивердегі электрондық құжаттардың құндылығын сараптау принциптері мен өлшемдері. Сараптамалық қорытынды және т.б. қарастырылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген