Магистратура
Ақпараттық жүйелер

Ақпараттық жүйелер

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.ақпараттық жүйелер жобаларының сипаттамаларын пәндік аймақтың терминологиясын пайдалана отырып тұжырымдау;
2. ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін талдау негізінде АТ ресурстарын басқарудың, АТ шешімдерді жобалау және құрудың барынша сәйкес келетін технологияларын таңдау және пайдалану;
3. АЖ жобаларын басқару қағидаларын кәсіпорында пайдалану;
4. ұйымның бизнес-процестерін модельдеу және ақпараттық жүйелердің қызмет ету алгоритмдерін қалыптастыру мақсатында математикалық әдістерді пайдалану;
5. ақпараттық жүйелерді жобалау, жеткізу және пайдаланудан келетін артықшылықтарды барынша арттыруға бағытталған әрекеттерді жоспарлау мақсатында ақпараттық жүйелердің қызмет саласына және кәсіпорынға тигізетін әсерін талдау;
6. пәндік аймақты талдау негізінде АЖ қосымшаларын жобалау және құру, АЖ модульдерінің жұмыс істеу алгоритмдерін құру;
7. кәсіпорынның бизнес-процестеріне талдау жасау және талдау негізінде кәсіпорын архитектурасын жобалау / қайта ұйымдастыру;
8. бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді, сенімділік пен қауіпсіздікті басқару процедуралары мен технологияларын жоспарлау және енгізу;
9. кәсіпорын архитектурасына талдау жасау негізінде АЖ инфраструктурасы мен архитектурасын жобалау;
10. ақпараттық жүйелерді жобалау және құру аясында ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы ақпараттық жүйелер саласының дамуына өзіндік жаңашыл үлес қосу; орындалған зерттеулер негізінде жарияланымдар, ғылыми-техникалық есептер, пікірлер дайындау;
11. ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізу, «Ақпараттық технологиялар» бағытындағы пәндерден сабақ беруге арналған оқу-әдістемелік материалдарды дайындауға қатысу;
12. ақпараттық жүйелер саласындағы зерттеулерге негізделген мәселелердің шешімін жаңа және пәнаралық аймақтардан білімдерді жинақтау арқылы және әлеуметтік, этикалық, тілдік және ғылыми тұжырымдарды ескере отырып қалыптастыру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Ақпараттық жүйелер
Мамандық шифры
7M06102
Факультеті
Ақпараттық технологиялар

пәндер

Ақпараттық жүйелерді стратегиялық басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – кәсіпорындардың іскерлік мақсаттарына қол жеткізуге және жаңа бәсекелік артықшылықтарға ие болуға бағытталған шешімдер қабылдау үшін ақпараттық жүйелерді дамытуды басқару әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Ақпараттық ресурстарды стратегиялық пайдалану. Ақпараттық жүйелерді стратегиялық талдау модельдері. АЖ стратегиялық талдау модельдерін зерттеу. Ақпараттық жүйелердің стратегиялық үшбұрышы. АЖ-дің ұйымдық құрылымы мен процестерге әсері. Бәсекелестікті анықтаудағы және қалыптастырудағы АЖ-дің рөлі. Ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер мен тенденцияларды зерттеу. Стратегиялық ақпараттық жүйелерді басқару. Стратегиялық ақпараттық технологиялар аудиты. Ақпараттық технологиялар саласындағы инвестициялар мен операцияларды қаржыландыру және тиімділігін бағалау. Ақпараттық технологияның ресурстары мен мүмкіндіктерін игеру. Инфрақұрылымның мүмкіндіктерін иемдену. Ақпараттық жүйелер қызметтері. Ақпараттық жүйелерді сатып алу. Ақпараттық технологияларды басқару шекараларын қолдану. Тәуекелдерді басқару. Бизнестің үздіксіздігін басқару. Қауіпсіздік және құпиялылықты басқару.

Ақпараттық жүйелерді талдау, модельдеу және жобалау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ақпараттық жүйелерді талдау, модельдеу және жобалау әдістері мен технологияларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Жүйелер теориясының негізгі ережелері. Жүйелік талдау және жүйелік тәсіл. Ақпараттық жүйелерді жобалауға арналған технологиялар. Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің процестері мен модельдері. Мәліметтер ағынын модельдеу. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістемесі. CASE технологиясы негізінде ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған жобалау. CASE-құралдардың құрамы мен жіктелуі. CASE-құралдарды енгізу технологиясы. UML бірыңғай модельдеу тілінің негізінде жобалау. Жобалау процесін құжаттау.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Бизнес талдау жүйелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мәліметтер арасындағы жасырын қатынасты анықтау мақсатында мәліметтерді өңдеу құралдарымен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Бизнес талдау жүйелері концепциясы. Бизнес талдаудың архитектуралық стегі, негізгі функциялары. Бизнес талдаудың бағалау критерийлері және нақты анықтамалар, Бизнес талдау архитектурасы және нарықтағы компоненттері. Мәліметтерді интеллектуалды талдау алгоритмдерін зерттеу. Кәсіпкерлік есеп беру жүйелерінің компоненттері және құрылымы. Деректерді визуализациялау, диаграмма түрлері және бақылау тақталары. Бизнес талдаудың өмірлік циклы. Бизнес талдау құралдары. Жетілдірілген / дамып келе жатқан бизнес талдау технологиялары, бизнес талдаудың болашағы.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – зерттеулерді, тәжірибелерді және дәлелді мәліметтерді жинауды жоспарлау және жүргізу қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Ғылыми зерттеу және оның кезеңдері. Ғылыми зерттеудің теориялық және тәжірибелік әдістері. Ғылыми зерттеу принциптері. Теориялық және тәжірибелік зерттеулерді талдау және қорытынды тұжырымдау. Ғылыми ақпарат: іздеу, жинақтау және өңдеу. Ғылыми ақпарат көздері. Патенттік зерттеулер. Техникалық және зияткерлік шығармашылық және оны құқықтық қорғау. Инновациялар туралы заң. Ғылыми зерттеу кезеңдері. Зерттеу жұмыстарын орындау үшін құжаттаманы әзірлеу технологиялары. Ғылыми-зерттеу құжаттамасын жүргізу бойынша стандарттар мен талаптар.

Жобалар мен өзгерістерді басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жүйелер құру үшін АЖ жобасының сапасын, тәуекелдерін және өзгерістерін басқару қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Жобаның өмірлік циклі. Жобаның мүдделі тараптары. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымы. Ақпараттық технологиялар (АТ) жобаларын басқарудың стандарттары мен әдістері. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі. Қарым-қатынасты басқару стандарттары мен әдістері. Тәуекелді бағалау әдістері. Тәуекелдерді басқару. Тәуекелдерді басқарудың стандарттары мен әдістері. Өзгерістерді басқару құралдары. Өзгеру процесі. Өзгерістерге ынталандыру және кедергілер. Өзгерістерді басқару көрсеткіштері. Өзгерістердің диагностикасы және тұжырымдамасы. Жобаның бюджеті. АТ жобасын құжаттау. Ғылыми жобаларды басқарудың ерекшеліктері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

АЖ ақпараттық-талдау жүйелерін құру технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ақпараттық-аналитикалық кешендер мен жүйелерді құру және енгізу дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында келесі аспектілер қарастырылады: ақпараттық-аналитикалық және интеллектуалды жүйелердің негізгі түсініктері. Ақпараттық кеңістік (АК) туралы түсінік, оның құрылымы мен элементтері. Мәліметтерді жинау, сақтау және жедел талдау технологиялары. Ақпараттық қойма концепциясы. Ақпараттық қойма жасанды интеллекттің аналитикалық құралдары мен жүйелерінің платформасы ретінде. OLAP жүйелерінің белгілері. Мәліметтерді интеллектуалды талдау технологиясын құру. Ақпараттық-аналитикалық жүйенің (ААЖ) мәліметтерді интеллектуалды талдаудың ішкі жүйесі орындайтын міндеттер. Зияткерлік талдау әдістерін жүзеге асыру және ААЖ сәйкес ішкі жүйесін кешендендіру құралдарын әзірлеу. Жасанды интеллект жүйелерін құру. Ақпараттық-аналитикалық және интеллектуалды жүйелерді пайдалану, басқару, жобалау жәнеқұру. Ақпараттық-аналитикалық және интеллектуалды жүйелерді басқару мен құрудың мәні.

АЖ шешім қабылдауды қолдаудың модельдері мен әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әртүрлі қызмет салаларында шешім қабылдау жүйелерін талдау, жобалау және жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Шешім қабылдау модельдері мен теориясы. Шешім қабылдау есебінің формалды қойылымы. Шешім қабылдау кезеңдері. Іскерлік шешімдер қабылдау процесін талдау. Көп мақсаттар жағдайында шешім қабылдауды модельдеу. Тәуекел және белгісіздік жағдайында шешім қабылдауды модельдеу. Шешім қабылдауды қолдау үшін компьютерді қолданудың әдістемелік қиындықтары. Шешімді қолдау жүйелері: мүмкіндіктері, негізгі элементтері, пайдалану мысалдары. Шешімдерді қолдау жүйелерінің қосымшалары. Шешімдерді қолдау жүйесін жобалау, әзірлеу және енгізу.

Ақпараттық жүйелер архитектурасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ұйымның бизнес-процестерін формалды түрде сипаттау және ақпараттық жүйелердің (АЖ) архитектурасын құру қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Бизнес-талдау негіздері және жүйелік талдау әдістері. Ұйымның бизнес-процестерін қалыптастыру принциптері. Ұйымның бизнес-процестерін талдау және модельдеу. Кәсіпорын архитектурасының үлгілерін зерттеу. Қолданыстағы АЖ архитектурасын талдау. АЖ талаптарын анықтауға арналған техникалық процестер. АЖ архитектурасы концепциялары. Архитектураны құрудың әдістері мен модельдері. Архитектуралардың жіктелуі. Архитектуралық шаблондар, стильдер, шектеулер. Архитектуралық жобалау процесі. Архитектура компоненттері. Архитектураның техникалық-экономикалық негіздемесі. Ақпараттық жүйелерді жобалау және дамыту, ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы стандарттар, салалық заңдар. Архитектура компоненттерінің сенімділігін бағалау. АЖ архитектурасына қойылатын талаптарды әзірлеу. Кәсіпорындардың архитектуралық тәсілі. Архитектура компоненттерінің жұмыс өнімділігін қамтамасыз ететін модельдер. Жүктемелерді теңестіру. Архитектура компоненттерінің өзара әрекеттесуіне арналған хаттамалар. Архитектураны жүзеге асыру технологияларын таңдау. Архитектураны құру процесі. Архитектураны құру процесін құжаттандыру. АЖ нормативтік-құқықтық құжаттамасы. АЖ архитектурасын жобалаудың сәтті тәжірибелерін зерттеу.

Ақпараттық жүйелердегі жасанды интеллект әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білімге негізделген жүйелерді жобалау, жасанды интеллект жүйелерінде білімді бейнелеу және өңдеу әдістері мен құралдарын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән аясында келесі аспектілер қарастырылады: Жасанды интеллект және интеллектуалды ақпараттық жүйе туралы түсінік. Жасанды интеллекттің даму тарихы және программалық жабдықтаманы әзірлеуде қолдану. Деректер мен білімдерді бейнелеуге арналған модельдер. Жасанды интеллект әдістері. Сараптамалық жүйелер және олардың құрылымы. Білімдерді бейнелейтін анық емес логикалық модельдер. Жасанды нейрондық желілер. Гибридті нейрондық желілер. Байес желілері. Жасанды интеллекттің перспективалық әдістемелері. Жасанды интеллект әдістерін зерттеу.

Ақпараттық жүйелердің инфрақұрылымы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – бизнестің ақпараттық қажеттіліктеріне және бизнесті дамыту стратегиясына сәйкес ақпараттық жүйелердің (АЖ) инфрақұрылымын жобалау және дамыту қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Кәсіпорынның АЖ инфрақұрылымы: түсінігі, мақсаттары, бизнеске әсері, процестік тәсіл. АЖ инфрақұрылымын құру процесі: аппараттық-программалық платформаны таңдау, өнімділігін бағалау, желіні жобалау, жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтаманы, ДҚБЖ таңдау, корпоративті қосымшаларды таңдау / құру, корпоративтік ақпаратты қорғау, біріктірілген басқару жүйесін құру, жаңа технологияларды енгізу кезеңдері мен тәсілдерін жоспарлау. Кәсіпорын инфрақұрылымын басқару туралы түсінік. ITIL кітапханасы. Инциденттер мен проблемаларды басқару процестері. CobiT стандарты. Кәсіпорынның АЖ инфрақұрылымын басқару жүйелері: MOF (Microsoft), ITSM (HP). Кәсіпорынның АЖ стратегиясы: түсінік, бизнес стратегиясымен байланысы. АЖ-ді техникалық қолдау: міндеттері, іркіліс уақыты мен құны, техникалық қызмет көрсетудегі қателер, АЖ ресурстарын оңтайландыру, интеграциялық мәселелерді шешу, құжаттандыру, серверлік кешеннің жабдықтары мен программалық жабдықтамасын оңтайландыру, күй мониторингі, персоналды техникалық қызмет көрсету, қызмет көрсетудің орталықтандырылған сұлбасы, қашықтықтан бақылау және диагностика, қызметті қалпына келтіру. Аутсорсинг. Корпоративті немесе салалық стандарттар: жұмыс орындарына, деректерді сақтауға, электрондық поштаға, құжаттармен алмасуға, ішкі техникалық қолдауға (HelpDesk) арналған. Инфрақұрылымды құжаттандыру.

Ақпараттық жүйелердің корпоративті модельдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – кәсіпорын ресурстарын тиімді басқару мақсатында ақпараттық жүйелерді пайдалану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Процестерге стратегиялық көзқарас: тиімділік және нәтижелілік тұжырымдамалары. Ұйымның функционалды бағыттарын интеграциялау. Процестердің компанияның қаржылық, клиенттік және өнімдік мақсаттарына сәйкестігі. Бизнес-процестерді автоматтандыру. Автоматтандырудың жұмыс тәжірибесіне әсерін зерттеу. Корпоративтік ақпараттық жүйелердің архитектурасы. Кластерлік жүйелер. Электрондық құжат айналымы жүйелері. Корпоративтік пошта қызметтері. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау. Белсенділік диаграммалары мен бизнес-процестерді модельдеу (BPMN) нотациясын қолдану. Бизнес-процестерді модельдеу құралдары. Қауіпсіздік пен процестерге сәйкестікке қол жеткізу. Жеткізілім тізбегін басқару (SCM). Клиенттермен қарым-қатынасты басқару (CRM). Кәсіпорындарды басқару жүйелері (ERP). Процестердің үздіксіздігі: құрылымдалған және құрылымдалмаған процестер. Корпоративтік деңгейдегі ақпараттық жүйелерді жобалау, интеграциялау және енгізу әдістері мен тәжірибесін зерттеу.

Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікті басқару жүйелерімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында төмендегі мәселелер қарастырады: Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігінің міндеттері. Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ішкі және халықаралық стандарттар, нормативтік құжаттар. Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан бизнес-процестерді талдау. Ақпараттық қауіпсіздіктің түсінігі мен модельдері. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік саясатының модельдері. Ақпараттық қауіпсіздік процедураларын құжаттандыру. Кіруді басқару және сәйкестікті басқару. Аутентификация, авторизация және есеп (AAA). Қауіпсіздік саясаты. Құпиялылық саясаты (BLP үлгісі). Адалдық саясаты. Қауіпсіздік саясаты. Гибридтік саясат. NIST модельдері, Қауіпсіздік сәулетінің дизайны, Үздіксіздікті жоспарлау. Деректерді қорғау. Қауіпсіз дизайн принциптері.

Ақпараттық жүйелердің мәліметтерін басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың шешім қабылдауға және қосымшалар арасында мәліметтер алмасуды тиімді ұйымдастыруға қолдау көрсету үшін АЖ мәліметтерін басқару қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Критериалды таңдаудың міндеттері мен әдістері. Тиімділеу есебі. Толық, статистикалық және анық емес белгісіздік жағдайында шешім қабылдау. Белгісіздік жағдайында көпкритерийлі есептердегі басымдалақтар: көпөлшемді жағдай. Мультипликативті, аддитивті, пайдалылық функциялар. Скаляр көбейтінді, Евклид кеңістігі. Блоктық матрицалар. Нұсқаларды дәйекті талдауға негізделген тиімділеу әдістері. Динамикалық программалау. Басқарудың ойындық әдістері. Дискретті басқарудың оңтайлы проблемаларына жалпы көзқарастар. Мінсіз түзетудің жобалық тапсырмасы. Бағалау және бақылау қателері жағдайындағы түзету тапсырмасы. Байланыс желілеріндегі ақпараттық ағындарды басқару әдістері. Басқару сапасының көрсеткіштері және осы көрсеткіштерді анықтаудың жалпы әдістемесі. Деректерді басқару жүйелерін зерттеу әдістері. Параметрлерді сызықтандыру арқылы басқару жүйелерін талдау. Деректерді басқарудың интеллектуалды жүйесін құрудың негізгі тәсілдері. Деректерді басқару процесін зияткерлеудің негізгі бағыттары.

Ақпараттық технологиялар аудиты
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқу барысында магистранттар АЖ техникалық мүмкіндіктерін қоса алғанда, компанияның процестеріне кешенді аудит жүргізу және ұйымдастырудың әдістері мен құралдарын игереді. АКТ сапа саясатын меңгереді. Ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық және ішкі стандарттарын қарастырады. Аудиторлық тексерулерге негізделген нормативтік құқықтық актілер. IT технологиясының тенденциялары. АКТ тәуекелдерін басқару. Аудиторлық қорытынды жасау

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерді талдау және ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың қолданушы профильдерін құрастыру үшін әлеуметтік желілерде деректерді талдау құралдарымен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру. Пәнде келесі аспектілер қарастырылады: Желілік талдауға кіріспе. Әлеуметтік желілердің түрлері. Әлеуметтік желілерден мәліметтер жинау. Желінің негізгі өлшемдері мен параметрлері. Мәтінді талдау. Мәтіндік мәліметтермен жұмыс. Ашық көздерден мәліметтер жинау. Мәтіндік мәліметтерді өңдеу. Мәтінді талдау. Құрылымдалған, әлсіз құрылымдалған және құрылымдалмаған үлкен мәліметтерді өңдеу. Машиналық оқытуға кіріспе. sklearn модулі. Жіктеу есептері және сызықтық модельдер. Word2vector модельдерін қолдану. Әлеуметтік желілердің ақпараттары негізінде мәліметтерді интеллектуалды талдау есептері. Кластерлік есептерді шешу. Қашықтық өлшемдері. Кластерлік алгоритмдерге шолу. Нейрондық желі арқылы модельдеу және терең оқыту. Әлеуметтік мәліметтердегі ауытқуларды анықтау.

Веб іздеу технологиялары және жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – әртүрлі веб-іздеу технологияларының мүмкіндіктерін талдау және бағалау, веб-іздеу жүйесін жобалау үшін мәліметтер алу модельдерін пайдалану қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Ақпаратты іздеуге кіріспе. Жалпы мақсаты іздеу жүйесінің архитектурасы. Веб-іздеу технологиялары: веб-роботтар, белгілеу технологиялары, сілтемелерді талдау технологиялары, қолданушы профилін талдау технологиялары. Мәтіндік файлдарды сөздер бойынша индекстеу және шығару. Мәліметтерді алу модельдерін зерттеу. Мәліметтер базасының құрылымы. Сұраныс үшін мәтіннің маңыздылығын өлшеу. Мәтінді кодтау: токенизация, стеблирлеу, лемматизация, шулы сөздер, тіркестер. Векторлық кеңістікті іздеу моделі. Құжаттарды санау. Косинус өлшемі. Мәліметтерді кластерлеуге кіріспе. Мәтінді жіктеуге кіріспе. Naive Bayes модельдері. Электрондық поштаны фильтрлеу. Веб-граф құрылымы. Зипф және Парето заңдары. Көрінбейтін және арнайы веб-іздеу жүйелері. Мультимедианы анықтау. Веб-іздеу жүйесін жобалау.

Кәсіпорын ресурстарын жоспарлау жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ұйымның бизнес-процестерін жетілдіру және бәсекелестік артықшылықтарға ие болу мақсатында кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау жүйелерімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау жүйесінің тұжырымдамалары. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау. Кәсіпорынның бизнес-талаптарына шолу. ERP эволюциясы. ERP және онымен байланысты технологиялар. ERP-жүйелерін енгізу: проблемалар мен сәтті тәжірибе. Интеграцияланған басқару ақпаратының ERP моделі. Интеграцияланған деректер моделі. Бәсекелік артықшылыққа қол жеткізудегі ERP рөлі. Бизнес-процестер реинжинирингі. ERP модульдері. ERP жүйелерін енгізудің артықшылықтарын болжау әдістерін зерттеу. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау әдістері мен технологияларын зерттеу.

Корпоративтік желілерді басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – корпоративтік деңгейдегі желілерді дамыту және олардың қауіпсіз жұмысын басқару қабілеттерін дамыту. Пәннің аясында келесі тақырыптар қарастырылады: Корпоративті желілердің құрылымы мен архитектурасы. Желіні иерархиялық жобалау. Корпоративтік желілерді құру технологиялары. Желілік жабдыққа қойылатын талаптар. Желілік жабдықты орналастыру. Желілік жабдықтың күйін диагностикалық тексеру. Қателіктер мен өзгерістерді басқару. Желілік деңгей қызметтері. Желілік қауіпсіздік қағидалары. Корпоративті желі қауіпсіздігін басқару. Жүйелік тапсырмаларды автоматтандыру. Деректерді ұйымдастыру. Деректердің тұтастығы. Қолданбалы қызметтер. Желіні басқару. Желінің өнімділігін талдау. Корпоративтік желіні жаңартуды жоспарлау. Корпоративтік желінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша отандық және шетелдік авторлар еңбектерін талдау.

Машина мен адамзат арасындағы байланыс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қолданушылық интерфейсті жобалау және құру технологияларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Қолданушылық интерфейстің модельдері. Тиімді интерфейс критерийлері. Қолданушылық интерфейстің стильдері Қолданушылық интерфейсті жобалау ережелері. Интерфейсті жобалау стандарттары мен принциптері. Пайдаланудың оңтайлылығы туралы түсінік. Мақсатты аудиторияны зерттеу. Қолданушылық интерфейсті жобалаудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу. Қолданушылық интерфейсті құру кезеңдері. Қызмет ету ортасы және программалық жабдықтама үйлесімділігі. Адам мен машинаның өзара әрекеттесу сапасының атрибуттары. Көрнекі дизайн. Интерфейсті тестілеу. Қолданушылық интерфейсті құру процесін құжаттау.

Машиналық оқыту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мәліметтерді талдау үшін машиналық оқытудың алгоритмдері мен құралдарын қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Машиналық оқытудың негізгі түсініктері. Оқыту түрлері. Машиналық оқыту алгоритмдері. Машиналық оқыту үшін мәліметтерді өңдеу және дайындау. Мәліметтерді жіктеу және кластерлеу. Машиналық оқыту моделін құру. Машиналық оқыту модельдерінің сапасын бағалау әдістері. Машиналық оқыту технологиясы енгізілген жүйелер. Мәліметтерді талдау және өңдеуге арналған программалау тілдері.

Мәліметтер қоймасын жобалау және талдау әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мәліметтерді тиімді сақтау мен ұйымдастырудың зерттелген әдістерін қолдана отырып, мәліметтер қоймаларын жобалау және талдау қабілеттерін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Мәліметтер архитектуралары. Мәліметтер қоймасы және мәліметтерді өңдеуге арналған OLAP технологиясы: мәліметтер қоймасы, көпөлшемді мәліметтер моделі, мәліметтер қоймасының архитектурасы. Реляциялық және гибридтік қоймалар. Мәліметтер қоймасын жобалау тәсілдері мен әдістемесі. Бастапқы мәліметтерді талдау және түрлендіру. Мәліметтерді интеграциялау мәселесі. Мәліметтерді интеграциялау концепциялары, процестері және әдістері. Мәліметтерді түрлендіру, жинақтау және тазарту. Мәліметтер қоймасын талдау әдістерін зерттеу. Виртуалды мәліметтер қоймалары. Мәліметтер текшесінің дамуы: мәліметтер қоймасынан мәліметтерді интеллектуалдық қалдауға дейін. Мәліметтер текшесін есептеу және мәліметтерді жалпылау: мәліметтер текшесін есептеудің тиімді әдістері.

Нейрондық желілердің модельдері мен әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – мәліметтерді өңдеудің күрделі есептерін шешуде нейрондық желі модельдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылатын тақырыптар: Нейрондық желілердің модельдері. Нейрондық желінің шығыс параметрлері бойынша кластерлік деректерді талдау. Нейрондық желінің есептеу процестері. Мәліметтерді алудың модельдері мен әдістері. Нысандарды атаулы тану. Қарым-қатынасты танудың модельдері мен әдістері. Уақыт пен оқиғаны анықтайтын модельдер мен әдістер. Ақпаратты іздеудің модельдері мен әдістері. Сұрақтарға жауап беру жүйесінің құрылымы мен бөліктері. Жалпылаудың модельдері мен әдістері. Нейрондық желілерді құру және оқыту. Нейрондық желіні терең оқыту әдісі. Нейрондық желі технологиясын енгізетін заманауи құралдар. Нейрондық желілердің архитектурасы. Нейрондық желілердің алгоритмдері. Мәліметтерді өңдеуге арналған дайын кітапханалар. Нейрондық желілері бар жүйелерді практикалық жүзеге асыру.

Үлкен мәліметтерді ұйымдастыру және талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді меңгерудің мақсаты – магистранттарда жасырын білімді табу мақсатында үлкен мәліметтерді ұйымдастыру және талдау қабілеттерін қалыптастыру. Пән аясында келесі аспектілер қарастырылады: магистранттарды үлкен мәліметтер жиынтығын талдау әдістері саласындағы қазіргі жетістіктермен таныстыру. Hadoop жүйесі және оның компоненттері (HDFS файлдық жүйесі, HBASE МҚБЖ, Pig мәліметтер ағымдарын сипаттау тілі, Hive сұраныстарын құру құралы, MapReduce есептеу моделі) және Apache Spark таратылған есептеулер жүйесі.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген