Магистратура
Химия (БелМУ)

Химия (БелМУ)

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

РО1 - іргелі және қолданбалы химияның тиісті мамандандырылған саласындағы ғылыми теориялар мен концепцияларды интерпретациялау;
РО2 - химия саласындағы ғылым мен тәжірибенің ең соңғы жетістіктерін зерттеуші-химик, химик-оқытушы кәсіби міндеттерін шешу үшін тәжірибелік қызметіне кең ауқымды пәнаралық контексте экологиялық, әлеуметтік, экономикалық бағыттарды енгізу;
РО3 - белгілі бір тақырып бойынша жүйелі ізденіс жүргізіп, заманауи ғылыми зерттеулердің күйіне ғылыми шолу жасау;
РО4 - өз зерттеулерінің шеңберінде ғылыми гипотезаларды қалыптастыру үшін ғылыми ақпараттардың талдауын жүргізу;
РО5 - ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ химияның зерттеу / бейіндік салаларында қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдамаларды, жетістіктерді және зерттеулерді сыни талдау және бағалау негізінде күтілетін нәтижені тұжырымдауды дербес жүзеге асыру;
РО6 - математикалық модельдеу мен есептеулер әдістерін, әдіснамаларың, компьютерлік бағдарламаларын және басқа қосымшаларын дұрыс таңдауға, процесті бақылауға, соның ішінде ғылыми эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу және жинақтау;
РО7 - алынған мәліметтерді (процестерді бақылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін) химия саласындағы заманауи тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде олардың сенімділігі мен құндылығын негіздеу үшін талдау жүргізу және түсіндіру;
РО8 - физико-химиялық зерттеулердің негізгі және қазіргі заманғы білімдерін және әдістерін жаңа сипаттамалары және белгілі бір сипаттамалары бар заттар мен материалдарды және процестерді, зерттеу әдістерін, технологиялық процестерді немесе олардың сатыларың жетілдіріп өндеу үшін қолдану;
РО9 - процестің механизмін, оның реттеу жолдарын белгілеу, оның сипаттамалары бар өнімді алу немесе оның өнімділігін арттыру, іске асыру мен басқарудың оңтайлы жағдайларын анықтау, процестің сапалық және сандық модельдеуін жүзеге асыру;
РО10 - химия пәні бойынша қазіргі заманғы жетістіктер мен жоғары білім беру педагогикасының талаптары бойынша химиялық пәндерді оқыту бойынша оқу бағдарламаны дайындау;
PO11 - химияның таңдаған саласында өзіңің ғылыми зерттеулеріңің нәтижелерін ғылыми жарияланымдар түрінде көрсету;
РО12 - шығармашылық өзін-өзі дамыту және жетілдіру үшін тәуелсіз және автономды білім алуын жалғастыру, барлық кәсіптік қызметтерде негізгі және пәндік құзыреттерді дамыту.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химия (БелМУ)
Мамандық шифры
7M05302
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми зерттеу процесінің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттарын, міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салаларын қалыптастырады. Пән ғылыми әдістеменің негіздерін, әдеби-эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістемесін, ғылыми жарияланымдар мен жобаларды дайындау және рецензиялау ережелерін зерттеуге бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Физикалық химияның теориясы және мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: диссертациялық зерттеу шеңберінде теориялық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін қазіргі физикалық химиядағы теорияларды, тәсілдер мен үрдістерді өз бетінше меңгеру, талдау және қолдану қабілетін қалыптастыру; зерттелетін физика-химиялық жүйелер мен процестердің термодинамикалық және кинетикалық параметрлерін модельді тәсілдермен болжау; ғылыми зерттеулер нәтижелерінің синтезі мен сыни талдауын жүзеге асыру. Курс химия саласындағы ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын қалыптастырады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Магистранттың реалды ерітінділерде бәсекелес үдерістер қатысуымен жүретін күрделі аналитикалық реакциялардың заңдылықтары жөніндегі теориялық білімдерін түсіндіру қабілеттіктерін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында қарастырылады: өте сұйылтылған және концентрленген электролит ерітінділерінің, күрделі құрамды тұздардың қышқылдығы, көп сатылы комплекстүзілу, қышқылды-негіздік тепе-теңдікті.

БАЗ-дардың полиэлектролиттермен ассоциациясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жоғары және төмен молекулалы беттік-активті заттардың композицияларын оларды практикалық қолдану мүмкіндіктері үшін дамыту қабілетін қалыптастыру. Пән оқуға бағытталған: құрамында полимерлі және беттік-активті зат бар жүйелердегі ассоциация туралы қазіргі заманғы ғылымының тенденциялары, компоненттердің өзара әрекеттесу механизмі, ассоциаттердің физико-химиялық қасиеттері мен құрамы, оларды тұрақтандырғыштар, эмульгаторлар, флокулянттар және құрылым құраушылар ретінде қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Бейорганикалық химияның қазіргі мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты бейорганикалық заттардың негізінде жаңа материалдарды алуды болжау мүмкіндігін қалыптастыру және оларды зерттеу әдістерін дұрыс таңдау.Пән бейорганикалық заттардың құрылымы мен қасиеттерінің физика-химиялық принциптері; бейорганикалық үйлесімді қосылыстар құрылымы теориясы; атомдық, иондық және молекулалық қатты заттардың құрылымы мен физико-химиялық қасиеттері туралы мәселелерді қарастырады.

Бейорганикалық химияның таңдамалы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – бейорганикалық химия саласында кәсіби құзіреттілікті арттыру қабілетін және жаңа бейорганикалық қосылыстар жайлы заманауи ақпаратты жиынтықтау, талқылау қабілетін, бейорганикалық химия саласында ғылыми зерттеулерді іске асыру және міндеттерді дұрыс қою қабілетін қалыптастыру. Периодты заң, гомоатомды қосылыстар ретінде жай заттар, радиобелсенді және синтезделген элементтер, металлохимия, күрделі химиялық қосылыстар қарастырылады.

Ғылым және білім берудегі компьютерлік технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистрлерге химия саласындағы зерттеулер мен практикалық қолдануға заманауи компьютерлік технологияларды қолдану теориясы мен практикасында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Пән химия саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, аппараттық құралдарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеуге бағытталған; кәсіби салада кәсіби проблемаларды шешуде ақпараттық технологияларды практикалық қолдануды үйрету; магистранттардың ақпараттық технология негіздерін игеру, оларды ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде пайдаланудың практикалық дағдыларын меңгеру.

Жетілдірілген аналитикалық химия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: аналитикалық химия әдістерін қолдану арқылы нақты проблемаларды шешу дағдыларын дамыту. Пәнді оқыған кезде әртүрлі үлгілерде органикалық және бейорганикалық заттарды анықтау мен сәйкестендірудің физикалық және физика-химиялық әдістерінің мүмкіндіктері қарастырылады. Мәселені шешудің тиімді әдісін таңдау процесін, сондай-ақ калибрлеу, іріктеу және үлгіні дайындау әдісін зерттеуге ерекше назар аударылады.

Заттарды бөлудің қазіргі заманғы әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Заттардың заманауи физика-химиялық жабдықтарға сапалық және сандық талдауын жүргізу үшін алынған әртүрлі заттардың, қоспалардың компоненттерін анықтау мен талдаудың қазіргі заманғы физикалық және физика-химиялық әдістерін таңдау және түсіну қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында қарастырылады: заттардың аналитикалық сапасын бақылауға қойылатын заманауи талаптар, сынама алу және үлгіні дайындау, эксперименттік деректерге негізделген химиялық есептер.

Қазіргі заманғы эксперименталды термодинамиканың негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - термометрия және калориметрия саласында заманауи тұжырымдамаларды қолдана отырып, магистранттардың термохимиялық эксперименттер жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: термохимиялық эксперимент жүргізудің заманауи әдістерінің негіздері; калориметрлік жабдықтарды салу принциптерін зерделеу, әртүрлі термометрлер мен калориметрлерді қолдану, ғылыми және практикалық мәселелерді шешу, калориметриялық эксперименттер әдістемесі және олардың нәтижелерін өңдеу.

Қатты фазалы реакциялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты бейорганикалық синтезді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды дамыту. Пән қатты фазалық реакциялар химиясының теориялық және қолданбалы негіздерін, қатты фазалық реакцияларды жүргізудің қазіргі кездегі әдістерін, қатты денелердегі химиялық байланыс, қатты денелерді талдаудың заманауи физико-химиялық әдістерін, фазалық диаграммаларды, қатты денелердің құрылым мен олардың физико-химиялық қасиеттері арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған.

Қоршаған орта нысандарын талдаудың заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарды қоршаған ортаның ластануын бақылау әдістерін бағалау және пайдалану, қоршаған ортаның ластануын талдаудың қазіргі заманғы жедел әдістері, экологиялық сараптамаға арналған нормативтік құжаттар. Пәнді оқу кезінде негізгі компоненттерді, сондай-ақ токсиканттарды анықтайтын қоршаған ортаны қорғаудың объектілерін талдаудың негізгі тәсілдері қарастырылады; қоршаған ортаны қорғаудағы қосылыстардың санитарлық-гигиеналық стандарттау; экологиялық сараптаманың заманауи әдістерінің аналитикалық сипаттамалары; қоршаған ортаны талдаудағы сынау әдістерінің сипаттамалары; экологиялық объектілерді аналитикалық бақылау әдістерін таңдау.

Қоршаған ортаны қорғаудың коллоидтық-химиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі коллоидтық химияның теориялық негіздерін экологиялық мәселелерді шешуде қолдана білу қабілетін дамыту. Пән ауаны, суды және топырақты тазартудың коллоидты-химиялық әдістерін зерттеуге бағытталған; органикалық заттардың сулы ерітінділерден адсорбциясы, өндірістік көміртегі адсорбенттері мен полисорбтарын алу әдістерін зерттеу; коагуляция мен флокуляцияның, көбікті бөлудің, кері осмос пен ультрафильтрацияның физикалық-химиялық негіздері қарастырылған.

Органикалық химияның қазіргі мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: химиялық реакциялардың механизмдері туралы оқу үрдісінде алынған теориялық және практикалық білімдерін түсіндіру, химиялық құрылым мен белсенділік арасындағы өзара қатынасты талдау және органикалық химиядағы күрделі мәселелерді шешу үшін білім беруді қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: циклдық құрылымдарды синтездеу кезінде пайда болатын мәселелер, функционалдық топтардың трансформациясы, изогипсикалық және изогипсикалық емес трансформациялар, органикалық реакциялардың селективтілік мәселелері.

Органикалық химияның таңдаулы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: органикалық молекулалардың химиялық қасиеттеріне электронды эффектілердің әсерін түсіну, кешенді органикалық жүйелердің синтезін құрудың дәйектілігін түсіну қабілетін қалыптастыру, білім одан әрі кәсіби даму үшін қажет.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: электронды эффектілерді зерттеу, реакция механизмдеріне әсер ету (қосымша, ауыстыру, жою), кеңістіктік изомерлерді синтездеу және оқшаулау.

Химиялық анализдегі капилярлық электрофорез
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - электрокинетикалық құбылыстарды, коллоидтық бөлшектердің электростатикалық әрекеттестігін нақты практикалық мақсаттарда зерттеу саласындағы заманауи жетістіктерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қос электрлі қабат (ҚЭҚ) құрлысының теориясын, электрокинетикалық кұбылыстардың пайда болу механизмы, термодинамикасы және электрокинетикалық потенциалмен байлануысын, ҚЭҚ-тың дисперстік жүйенің тұрақтылығындағы рөлін, оларды полимерлермен тұрақтындыру проблемаларын мазмұндап айту.

Хроматографияның заманауи мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - талдаудың хроматографиялық әдістерін тиімді қолдану үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. Пән хроматография саласындағы ең перспективалық ғылыми әзірлемелерді, жабдықтауды және газ және сұйық хроматография әдістерін әр түрлі анықтау нұсқаларымен қолдану саласын зерттеуге бағытталған.

Электрохимиядағы заманауи зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистрлерге электрохимиялық әдістердің қазіргі жай-күйін және даму үрдістерін бағалауды, сонымен қатар өндірістік және зерттеу мәселелерін шешудің тиімді әдісін дұрыс таңдау үшін зерттеу және талдауды үйрету. Пәнді оқу кезінде ғылыми және практикалық есептерді шешу жолдарын кеңейтуге мүмкіндік беретін электрохимиялық процестерді зерттеудің заманауи әдістерінің теориялық негіздері қарастырылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген