Магистратура
Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар

Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - педагогика ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

заманауи тұлғалық-бағдарлы білім беру парадигмасын меңгеру негізінде инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық білімдерін меңгеру;
2. инклюзивті білім беруде инновациялар бойынша ұсыныстар мен құндылықтарды анықтау және жобалау үшін мемлекеттік құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде инклюзивті білім беру саласындағы Қазақстан мен әлем елдерінің білім беру саясатының негізгі принциптерін салыстыру және бағалау;
3. оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында жоғары мектептің тәрбие теориясы мен дидактикасы негізінде ЖОО-дағы педагогикалық процесті жоспарлау, жобалау және жүзеге асыру, инклюзивті ортада оқыту мен тәрбие беру саласында кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа тәсілдер мен әдістерді іздестіруді жүзеге асыру;
4. ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тұлғалық дамуы үшін инклюзивті білім беруде инновациялық технологияларды креативті қолдану;
5. инклюзивті білім беру жағдайында оңалту қызметінің инновациялық стратегияларын, әдістері мен технологияларын пайдалану;
6. қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теорияларды терең білу негізінде инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық интеграциялаудың бағдарламалық-әдістемелік құралдарын әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және құқықтық қолдау қызметтерімен өзара әрекетті ұйымдастыру;
7. инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолайлы білім беру-дамыту ортасын жобалау;
8. мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыста әлеуметтік бейімделу технологиясын және тұлғааралық коммуникация дағдыларын пайдалану;
9. жеке-психологиялық ерекшеліктерін білу негізінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту технологияларын талдау және қолдану;
10. ғылыми зерттеудің жаңа әдістерін, инклюзивті білім беру мәселелерін психологиялық-педагогикалық зерттеулерде әдіснамалық қағидаттар мен әдістемелік тәсілдер жүйесін зерделеу және қолдану, алынған ғылыми негізделген нәтижелерді тәжірибеге енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
11. инклюзивті білім берудің жаңа тұжырымдамаларын, үлгілерін жасау, оларды ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу стратегиясын әзірлеу
12. әлемдік білім беру үдерісін жаһандандыру жағдайында инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін өздігінен жетілдірудің өзіндік бағдарламасын құру және ҚР инклюзивті білім беруді дамыту бойынша халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар
Мамандық шифры
7M01103
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылым тарихы мен философиясының даму заңдылықтары мен үрдістерін зерттеу. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің мәселелерін ашуға, ғылымның даму заңдылықтарын және ғылыми білім құрылымын, мамандық және әлеуметтік институт ретінде ғылымды, қазіргі заманғы теория мен практиканың шындығын, ғылыми зерттеу жүргізудегі әдіснамалық және әдістемелік білімді зерттеуге бағытталған.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы болашақ маманның зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, филологияда қолданылатын заманауи әдістерді зерттеуге бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Оқытушы мен оқушы арасындағы пәндік өзара әрекеттесу: түрлері, типтері, тәрбие беру үлгісі, заңдар, заңдылықтар мен қағидалар. Экология - ағзаның қоршаған ортаға байланысы. Тәрбие беру экологиясы. Рухани өмір мен өскелең ұрпақтың экологиясы.

Инклюзивті білім беру жүйесі үшін кәсіби дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар адамдармен инклюзивті білім беру жүйесінде мамандардың кәсіби қызметі туралы білімді қалыптастыру. Курс Қазақстанда, шетелде инклюзивті білім беру саласындағы мамандар қызметінің тәжірибесін зерделеуге, сондай-ақ инклюзивті білім беру жүйесіндегі кәсіби міндеттерді шешуге ықпал ететін кәсіби құзыреттерді дайындау мен дамытуға бағытталған.

Инклюзивті білім берудегі диагностика және клиникалық зерттеулер
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық диагностика саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру және психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу. Курс ерекше қажеттіліктері бар балалардың проблемаларын, олардың пайда болу негіздері мен факторларынанықтайтын әртүрлі психологиялық диагностиканы зерттеуге бағытталған. Диагностикалық әдістерді, эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, оларды өңдеу және нәтижелерді түсіндіру

Инклюзивті білім беруді іске асыруға дайындаудың халықаралық тәжірибесі
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті білім берудің заманауи әлемдік тенденцияларын білуге дайындығын және оны халықаралық деңгейде жүзеге асыру үшін мамандарды даярлау тәжірибесін қалыптастыру. Курс инклюзивті білім берудің ұлттық жүйелерінің қалыптасу және даму тарихын және оны жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды, инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың шетелдік үлгілерін, кемсітушілікке қарсы саясатты ілгерілетудің ұлттық бағдарламаларын зерделеуге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Инклюзивті білім беру жағдайындағы оңалту жұмысы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ерекше қажеттілігі бар балалармен және жасөспірімдермен инклюзивті білім беру жағдайында оңалту жұмысында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Курс оңалту жұмысының теориялары мен тәсілдерін, оңалту көмегінің бағыттарын, жеке ерекшеліктер туралы мәліметтерді жинаудың стандартты әдістері мен әдіснамасы, жеке тұлғаның психологиялық әлеуметтену шаралары және оңалту құралдарын, оңалту бағдарламаларын зерттеуге бағытталған.

Инклюзивті білім беру контекстіндегі мониторинг және сараптама
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті практиканы енгізу және дамыту процесін тиімді басқару үшін білім беру мекемесінің инклюзивті тәсілді іске асыруға дайындығын бағалау құзыреттілігін қалыптастыру. Курс инклюзивті мектептерді сараптамалық қолдау жүйесін, әл-ауқат мониторингінің кешенді жүйесін, инклюзивті білім беруді бағалау индикаторлары мен сараптама критерийлерін, ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін зерттеуге бағытталған.

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға дайындықтағы Арт-әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті білім беруде арт-әдістерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Курс ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиімді әсер етуіне, олардың шығармашылық әлеуетін дамытудың перспективалық бағыттарына байланысты заманауи арт- әдістерін пайдалана отырып инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға бағытталған.

Инклюзивті білім берудің заманауи технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті білім беруде және инклюзивті мектептің тәрбие үдерісінде заманауи технологияларды қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Курс ерекше қажеттіліктері бар балалармен, олардың жас ерекшеліктерін, психофизиологиялық бұзылыстарын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін түсіне отырып, оқу, түзету және дамыту жұмыстарында қолданылатын заманауи технологияларды зерттеуге бағытталған.

Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздерін қолданудағы құзыреттілікті қалыптастыру. Курс білім туралы заңдарды және шетелде және ҚР-да қабылданған инклюзивті білім туралы заңдарды; Дамуында ерекшеліктері бар балалардың құқықтарын қорғау туралы халықаралық құжаттарды және ҚР аумағында инклюзивті білім беруді реттейтін құжаттарды зерделеуге бағытталған.

Инклюзивті білім берудің теориялары мен тұжырымдамалары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: концептуалды, теориялық білімді және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша әдіснамалық тексерілген түсінік пен кәсіби мәселелерді шешудегі құзыреттіліктерін қалыптастыру. Курс ғылыми әдебиеттердегі инклюзия ұғымдары мен категорияларының этимологиясын, инклюзияның әдіснамалық негіздерін, инклюзивті білім беру тұжырымдамасын құрудың негізі ретіндегі әдістемелік ұстанымдарды, шындықты танудың жалпы және жеке әдістерін зерттеуге бағытталған.

Инклюзивті ортада оқыту стратегиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті білім беруде оқыту процесінің заманауи стратегияларын іске асыру ерекшелігіне дайындықты қалыптастыру. Курс инклюзивті мектепте оқытудың тиімді тәсілдері мен стратегияларын, соның ішінде саралап оқытуды, тұлғағабағытталған және дамыта оқытуды, оқыту процесінде тьюторды сүйемелдеуді, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды бейімдеу мен әлеуметтендіру кезінде қолдауды зерделеуге және қолдануға бағытталған

Инклюзивті тәжірибедегі кеңес беру және консалтинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, олардың ата-аналарына және инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға консультациялық және консалтингтік көмек көрсету бойынша құзыреттерді қалыптастыру. Курс балалар мен жасөспірімдердің қалыпты және патологиядағы психофизикалық даму ерекшеліктерін, инклюзивті білім беру ортасында кеңес беру мен консалтингтің әртүрлі әдістерін қолдану ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген