Магистратура
Химиялық материалтану (ММУ)

Химиялық материалтану (ММУ)

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін магистрлер қабілетті болады деп күтілуде:
1. Химиялық материалтанудың ғылыми білімнің жалпы жүйесіндегі (нысандар, қасиеттер, құрылымдар, алу және талдау әдістері, алу технологиялары, материалдардың қасиеттерін болжау және модельдеу әдістері) қазіргі жай-күйін көрсететін және осы саладағы білім беру технологиясына қатысты жаңа ғылыми теориялар мен концепцияларды түсіндіру;
2. Материалдардың қасиеттері, оларды алу технологиялары туралы мәліметтерді қазіргі заманғы алдыңғы қатардағы ғылыми әдебиеттердің, оның ішінде халақаралық библиографиялық, реферативтік, мерзімді ақпарат көздерінде индекстенетін мәліметтердің негізінде, ғылыми білім алудың методологиясы мен философиясына сәйкес жүйелендіру;
3. Заманауи материал тану, сынау құрылғыларын материалдарды талдау мен сынаудың күрделі мәселелерін шешу үшін, сонымен қатар компьютерлік технологияларды мәліметтерді талдау, модельдеу және өңдеу үшін қолдану;
4. Материалдардың химиялық құрамының, құрылымының және қажетті қасиеттерінің өзара байланысын жүйелей отырып, олардың қасиеттерін қолданбалы мақсатқа сәйкес реттеу мен өңдеу жолдарын ұсыну;
5. Химиялық материалтану саласындағы ғылымның жетістіктерін ескере отырып, материалдардың құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін талдау әдістерін жетілдіру;
6. Материалдарды, оларды өндіру үрдістерін, өңдеу және қолдану барысында жоспарлау мен кешенді сынақтардан өткізуді жоспарлау және іске асыру;
7. Қазіргі заманғы материалтанудың ғылым мен өндірістегі өзекті мәселелерін ғылымның, мәліметтер базаларының және ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы шешу;
8. Жаңа конструкциялық, бейорганикалық, биобейорганикалық, наноөлшемдік және басқа болашағы зор материалдарды алу жолдарын жетілдіру;
9. Жоғары және арнайы орта білім беру жүйесінде химиялық материалтану бойынша оқу үрдісін заманауи білім беру технологияларын,оқыту әдіснамаларын және басқару психологиясын қолдана отырып, іске асыру;
10. Химиялық материалдарды алу және зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерге, білім беру және өндірістік процестерге инновациялық технологияларды енгізуге ұсыныстар жасау;
11. Химиялық материалтану теориясы мен тәжірибесінің жаңа жетістіктерін өз әзірлемелеріне қолдану үшін сыни бағалау;
12. Адам және ұжым психологиясы бойынша білімді және ғылым мен білім туралы ҚР заңдарын пайдалана отырып, өзгермелі еңбек жағдайында командалар мен еңбек ұжымдарын құру және басқару.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химиялық материалтану (ММУ)
Мамандық шифры
7M05319
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі концепцияларын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби даму процесінде менеджмент саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Бұл пән басқару мен көшбасшылықтың психологиялық теорияларын оқытып, сонымен қатар топтық даму және ұжымдық қалыптасу динамикасын көрсетіп, және көпшілік пен тобыр психологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынастың психологиялық теорияларын және басқарушылық қарым-қатынас шеңберінде өзінің кәсіби қызметі үшін қажетті жанжалды шешудің стратегияларын объективті бағалау бойынша әлеуметтік-психологиялық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған болып табылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттардың бойында рационалды-теоретикалық ойлаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы терең түсінік қалыптастыру. Бұл пән магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Оқылатын болады: Ғылым тарихы мен философиясының пәні, ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар тарихы мен философиясы, Қазіргі жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми зерттеулердің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттары, міндеттері, іске асыру кезеңдері, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салалары болып табылады. Курсты меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - ғылыми әдістерді пайдалана отырып, жаңа білім алуға және мәселелерді шешуге; - әдебиетті зерттеуге; - ғылыми эксперименттерді жоспарлауға; - талаптарға сәйкес жазуға, шығаруға және ғылыми мақалалар мен диссертацияларға ұсынады; - зерттеу жобаларын дайындауға; - ауызша және постерлік таныстыру түрінде ғылыми жобалар мен зерттеулер нәтижелерін ұсынуға.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Кәсіптік қызметтегі шет тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты халықаралық стандарттарына сәйкес шетел тілініңдегі коммуникативтік құзыреттілікті арттыру және осы біліктілікті болашақ магистраннтың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде байланыс құралы ретінде пайдалануға үйрету. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. сәйкес профиль бойынша шет тіліндегі ғылыми және техникалық ақпаратты жүйелеу; 2. сауалнамаларда, оқуда, жұмыс және т.б. туындайтын әртүрлі тақырыпта әдеби тілде жасалған, нақты мәлімдемелердің негізгі ойларын сипаттау; 3. алынған ақпараттарды өзіне ыңғайлы аңдатпа, аударма, рефераттар және т.б. 4. әртүрлі жалпы және оқу-кәсіптік тақырыптарда, тілдесуді шет тілінде жүзеге асыру; 5. шет тілін оқытудың онлайн әдістерін бағалау. Шетел тілі (кәсіптік)» пәнінің оқу бағдарламасы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған. Болашақ магистр шетел тілі біліктілігін академиялық білімді, жаңа технологияларды және заманауи ақпаратты игеру жолында тиімді құралы ретінде қолдана алады және шетел тілі біліктілігі магистранттың мамандық және ғылыми қызметін табысты болуына үлес қосады.

Техникалық пәндерді оқыту әдістемесі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты: қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі кәсіптік техникалық оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне бағдарлану қабілетін қалыптастыру және техникалық пәндерді оқытудың ең тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын таңдау. Курсты меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - жоғары білім беру жүйесінде кәсіптік оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен әдістемесін меңгеруге; - жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін ғылыми ұйымдастыруды жетілдіруге; - жоғары мектеп оқытушысының оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлауға; - оқытудың мақсатын, міндеттері мен кезеңдерін ескере отырып, кәсіптік оқыту сабақтарының құрылымы мен құрылу принциптерін талдауға; - нормативтік құжаттар мен кәсіби білім беру стандарттарын қолдануға.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Арнайы функциялы перспективті бейорганикалық материалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі заманғы бейорганикалық химия саласындағы идеялар негізінде студенттердің арнайы максатта бейорганикалық материалдар алуға және бейорганикалық материалдардың қасиеттерін анықтауға қабілеттілігін қалыптастыру Пәндерді оқу нәтижесінде магистранттер қабілетті болады: - арнайы мақсатта бейорганикалық материалдардың алынуы туралы теориялық білімдерді қолдануға; - материалтанудың проблемалары мен қолданбалы аспектілерін бағалауға және талдауға; - химиялық элементтердің қосылыстарының қасиеттерін білуге; - қазіргі заманғы химия ғылымдарының алдыңғы қатарлы салаларын дамытудың практикалық мәселелерін анықтауға және шешгеу; - бейорганикалық материалдар алу бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде химиялық эксперименттің техникасын игеруге.

Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: химиялық байланыстардың түрлерін, валенттілігін, тотығу дәрежесін және химиялық реакцияларды активтендіру әдістерін сипаттау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар қабілетті болады: - темплатты синтездеу, эпитаксия, CVD плазмохимиялық синтездеу, криохимия "жұмсақ" химия әдістерін меңгеруге; - критикалық ортадағы синтез жағдайын оңтайландыруға; - экстремалды әсер ету жағдайында заттарды модификациялауды жүргізуге; - түрлі қарқындылықтағы электромагнитті сәулелену жағдайларында синтездеу шарттарын реттеуге; - материалдарды кластерлік қосылыстар мен нанобөлшектер негізінде пайдалануға.

Биобейорганикалық химия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – биобейорганикалық материалдардың қасиеттерін, металпротеинді биологиялық жүйелерде химиялық процестердің үлгілерін сипаттау, дәрілік заттар мен биоматериалдарды жасау үшін металл қосылыстарын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант қабілетті болады: - биобейорганикалық қосылыстардың физика-химиялық сипаттамаларын түсіндіруге және сипаттауға; - физиологиялық белсенді металл қосылыстарын жіктеуге; - биобейорганикалық және биоорганикалық химия саласындағы заманауи әдістерді пайдалана отырып есептеулер жүргізуге; - металл қосылыстарына негізделген металопротеиндердің және биоматериалдардың құрылымы, функциясы және механизмі туралы ақпараттарды талдауға; - металдар қатысуымен биохимиялық процестердің сипатын негіздеуге.

Ғылыми деректер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - білім алушыларда физика-химиялық үрдістердің жалпы заңдылықтарын анықтау үшін деректердің үлкен көлемін құрылымдау және талдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар қабілетті болады: - материалдардың қасиеттерінің өзгеруінде айқын емес заңдылықтарды болжау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолдануға; - ғылыми әдебиеттегі мәліметтер базасы негізінде химиялық материалдардың қасиеттерін жасау және жақсартуға; - сандық формадағы материалдардың қасиеттері туралы деректерді қолдануға; - деректер базасын талдау және одан құнды ақпарат алу үшін статистикалық әдістерді қолдануға; - ақпараттық деректер базасын жылдам өңдеу дағдыларының арқасында еңбек нарығында бәсекеге түсуге.

Заманауи компьютерлік технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу нәтижесінде магистранттар қабілетті болады: -химия ғылымында және білім беруде ақпараттық технологияларды қолдануға; - ғылыми ақпараттың желілік көздерінде талап етілетін деректерді табуға; -заманауи талаптарға сәйкес өзінің ғылыми жұмысының нәтижелерін өңдеуге, рәсімдеуге және ұсынуға; - электронды оқыту әдістері мен құралдарын қолдануға; - кәсіби өсу үшін қазіргі заманғы кәсіби әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалануға; - өзінің ғылыми және білім беру қызметінің жедел және стратегиялық мақсаттары үшін неғұрлым озық ақпараттық технологияларды таңдауға.

Конструкциялық материалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: күштік жүктемені қабылдайтын материалдардың механикалық қасиеттерін мақсатты түрде реттеу қабілетін қалыптастыру. Курсты меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - конструкциялық материалдарды пайдалану шарттарын оңтайландыруға; - конструкциялық материалдардың қасиеттері мен құрылымын зерттеудің ең тиімді әдісін таңдауға; - материалдардың механикалық қасиеттерін анықтау және алынған эксперименталды нәтижелерді өңдеуге; - материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы саласындағы техникалық ақпаратты талдауға. - конструкциялық материалдарды іс жүзінде пайдалануға байланысты тәуекелділікті бағалауға.

Координациялық химия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – координациялық қосылыстардың химиялық байланыстарын, қасиеттерін, геометриясын, стерохимия және тұрақтылығын, реактивтілігін түсіндіру, координациялық қосылыстардың химиялық қасиеттеріндегі өзгерістерді түсіндіру үшін жалпы заңдылықтарды қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант қабілетті болады: - координациялық қосылыстардағы химиялық байланыс модельдерін түсіндіру және сипаттауға; - координациялық қосылыстарды жіктеуге; - лиганд теориясы мен басқа теорияларды пайдалана отырып есептеулерді жүргізуге; - координациялық қосылыстарының қасиеттерін зерттеудің тәжірибелік нәтижелерін талдауға; - координациялық қосылыстар саласында зерттеулерді жүзеге асыруға қатысты көзқарастарды негіздеуге.

Қазіргі материалтанудың іргелі негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда материалдардың қасиеттерін химиялық құрамы және құрайтын молекулаларының құрылымы негізінде болжау қабілетін қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - арнайы қасиеттері бар перспективті материалдарды, наноматериалдар мен биоматериалдарды жіктеуге; - материалдардың беріктігі мен қаттылығын олардың құрылымы негізінде болжауға; - материалдарды алу және өңдеу шарттарының олардың сипаттамаларына әсерін талдауға; - берілген функционалдық сипаттамалары бар материалдардың дизайнын құруға; - қатты денедегі негізгі фазалық өзгерулерді есепке ала отырып, қатты фазалы материалдарды алу әдістерін қолдануға.

Қатты дене химиясына кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: химиялық үрдісті жүргізудің оңтайлы шарттарын таңдау мақсатында олардың айналу үдерістерін кинетикалық зерттеу және термодинамикалық сипаттау негізінде заттардың реакциялық қабілетін сапалы және сандық болжауды жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар қабілетті болады: - қатты заттардың (минералдардың) реакциялық қабілетін болжаудың дәстүрлі емес термодинамикалық тәсілін талдауға; - гетерогенді процестердің кинетикасын зерттеу мен сипаттаудың негізгі әдістерін қолдануға; - қатты заттардың реакциялық қабілетінің айырмашылығын болжау үшін термодинамикалық сипаттамаларды қолдануға; - күрделі эксперименттік ақпаратты салыстыруға, талдауға және интерпретациялауға.

Қатты фазалы түрлену заңдылықтары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қатты фазалы түрленудің термодинамикалық жағдайын талдау, түрленудің мүмкіндігі мен бағыты туралы қорытынды жасау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар қабілетті болады: - қатты денелерге айналғанда беттік және серпімді энергияның рөлін бағалауға; - изотермиялық жағдайларда формальды кинетикалар теңдеуін қолдануға; - термиялық емес жағдайларда қатты фазалы реакциялар мен өзгерулердің кинетикасын талдауға; - қатты фазалы реакциялардың термодинамикалық сипаттамаларын эмпирикалық және полуэмпирикалық әдістермен есептеуге; - кинетикалық талдау әдістерімен әртүрлі лимиттеу кезеңдерімен қатты фазалық реакцияларды ұштастыруға.

Материалдарды алу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: материалдардың құрамы мен құрылымы негізінде оларды алудың оңтайлы әдістерін таңдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студенттер қабілетті болады: - органикалық және бейорганикалық материалдарды синтездеудің оңтайлы әдісін жоспарлауға және таңдауға; - әр түрлі материалдардың құрылымы мен қасиеттерін бағалау бойынша эксперимент жүргізу техникасын меңгеруге; - монокристалды, поликристалды және аморфты материалдарды алу технологиясын сипаттауға; - наноматериалдардың беттік сипаттамаларын түрлендіруге; - нанодисперсті материалдарды алуда золь-гель технологиясын меңгеруге.

Материалдарды диагностикалауға арналған заманауи құрылғылар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – заманауи аналитикалық құралдарды пайдаланып материалдардың қасиеттерін сипаттау, материалдардың диагностикасы үшін арнайы құралдарды қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант қабілетті болады: - материалдардың физика-химиялық сипаттамаларын түсіндіруге және сипаттауға; - материалдарды диагностикалау үшін қолданатын заманауи құралдарды жіктеуге; - заманауи материалдарды зерттеу әдістерін қолданып есептеулер жүргізуге; - эксперименттік мәліметтерге негізделіп материалдардың құрылымы, қасиеттері, құрамы туралы алынған нәтижелерді талдауға; - студенттің ғылыми жұмыстары үшін материалды зерттеу әдісін негіздеуге.

Материалдарды талдау және диагностикалау әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда материал құрамын, құрылымын және қасиеттерін бағалау үшін физико-химиялық талдаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - Әр түрлі материалдарды талдау үшін ең оңтайлы әдістерді таңдауға және ұсынуға; - Физика-химиялық талдаудың қазіргі заманғы спектралды әдістерінің , электрондық микроскопия, хроматография деректерін материалдардың қасиеттерін диагностикалау үшін түсіндіруге; - Жаңа материалдарға талдау жүргізу үшін химиялық талдаудың әдіснамалық тәсілдерін қолдануға; - Материалдардың құрылымы мен қолданбалы сипаттамалары арасындағы өзара байланысты анықтауға; - Физика-химиялық талдау мәліметтері негізінде материалдардың қасиеттерін басқарудың жаңа жолдарын ұсынуға.

Материалтанудың физика-химиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – материалдың қасиеттерін сипаттау және материалдарды алу және өңдеу жағдайларының олардың қасиеттеріне әсер етуді түсіндіру, қатты фазалық материалдарды алу әдістерін қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Курсты оқу нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - материалдардың беріктігін, пластикалығын, деформациясын және бұзылуын түсіндіруге және сипаттауға; - материалдарды химиялық құрамы бойынша жіктеуге; - материалдар қалыптастырудың термодинамикасы мен кинетикасы бойынша есептерді жүргізуге; - материалдар құрылымы мен механикалық қасиеттерін зерттеудің эксперименталдық нәтижелерін талдауға; - қатты фазалық материалдарды алу әдісін таңдауды негіздеуге.

Мембраналық материалтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты –магистранттарда мембраналардың негізгі сипаттамаларын сипаттауға және нақты материалтану есептеріне байланысты мембраналарға қойылатын талаптарды қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - заттарды мембраналақ әдіспен бөлу ерекшелігін түсіндіруге және сипаттауға; - мембраналарды және бөлу әдістерін жіктеуге; - мембрана селективтілігіне сәйкес есептеулерді жүргізуге; - мембраналардың физика-химиялық сипаттамаларын талдауға; - әртүрлі технологияларға арналған мембраналық және бөлу әдістерін негіздеуге.

Нанохимия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – практикалық мәселелерді шешу үшін коллоидтық химия тұрғысынан наноқұрылымды жүйелердің химиясын қарастыру және талдау. Оқу курсы наноқұрылымдық және наноөлшемді дисперсті жүйелердің және нанохимияның теориялық және қолданбалы негіздерін түсіну үшін негіз болып табылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - нанодисперслі күйдегі материалдардың қасиеттерін талдауға; - нанодисперсті жүйелердің ерекшеліктерін, физикохимиялық қасиеттерін және тұрақтылығын түсіндіруге; - биология, медицина, электроника және экологияда нанобөлшектерді қолдану мүмкіндігін негіздеуге; - заманауи оптикалық әдістермен нанобөлшектердің өлшемдерін анықтауға; - түрлі электролиттердің қатысуымен коагуляцияның ең тиімді әдісін таңдап, жоғары молекулалық қосылыстардың қорғаныстық әсерін негіздеуге.

Супрамолекулалық химия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі заманғы технология мен технология үшін супромолекулалық химияны қолдануды болжау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Оқу курсы супрамолекулалық жүйелердің химиясын тереңдетіп зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - супрамолекулалық химия - супрамолекулярлық ансамбльдердің қосымша заттектерден өздігінен салынған объектілерін түсіндіруге және интерпетациялауға; - мұндай жүйелердің бағытталған құрылысы дағдыларын меңгеруге; - құрылымы мен қасиеттері жоғары реттелген супромолекулалық қосылыстарға талдау жасауға; - молекулярлық «құрылыс блоктарынан» супрамолекулалық құрылымдарды жасауды жобалауға; - супромолекулалық химияның мүмкіндіктері мен оның заманауи техника, технологияға және химияға әсер ететін рөлін бағалауға.

Электрохимиялық материалтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистрлерге материалдарды алудың, зерттеудің және талдаудың электрохимиялық әдістерінің қазіргі жай-күйін және даму тенденцияларын бағалауды үйрету. Пәнді сәтті аяқтау нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - электрохимиялық зерттеу әдістері саласындағы заманауи теориялардың негіздерін түсіну және олардың теориялық және практикалық міндеттерді шешу үшін қолданылуға; - электрохимиялық жүйелерде электрохимиялық эксперимент жүргізу міндетін өз бетінше қоюға; - заманауи жабдықтарда электрохимиялық өлшеулерді жүргізуге; -термоэлектрлік өлшеулер үшін материалдарды таңдауға; - электрохимиялық зерттеулердің нәтижелерін талдауға.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу практикасы
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу практиканың мақсаты - магистрлік диссертацияны аяқтау үшін зерттеу мәселелерін шешу қабілетін қалыптастыру. Зерттеу тәжірибесі зерттеу процестерінің негізін құрайтын процестерді түсініктер қалыптасады. Зерттеу практика нәтижесінде магистрант қабілетті болады: - магистрлік диссертацияны орындау үшін тақырып бойынша патенттік іздестіруге және әдеби көздерді іздеуге; - ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыс әдістерін және ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдалану ережелерін меңгеруге; - эксперименттік деректерді талдауға және өңдеу әдістерін меңгеруге; - ғылыми-техникалық құжаттаманы жобалауға қойылатын талаптарды оқуға; - зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты талдауға, жүйелеуге және қорытындылауға; - тапсырмалардың шеңберінде эксперименталды зерттеу жүргізуге; - нәтижелердің сенімділігін талдауға; - отандық және шетелдік әріптестермен даму объектісін зерттеу нәтижелерін салыстыруға; - зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығын және дамудың техникалық-экономикалық тиімділігін талдауға.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген