Магистратура
Есептеу ғылымдары және статистика

Есептеу ғылымдары және статистика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON 1 Есептеу математикасының тиімді заманауи әдістерін қолдана отырып, есептеу зерттеулері мен эксперименттерінің алгоритмдерін құру және қолдану

ON 2 Ақырлы айырымдар, көлемдер және элементтер әдістерімен дифференциалдық теңдеулерді аппроксимациялау негізінде есептеу математикасының алгоритмдері мен әдістерін құру

ON 3 Есептеу әдістері мен айырымдық схемалардың жинақтылығы мен корректілігіне, сонымен қатар жоғары өнімді алгоритмдер жағдайында математикалық логика және есептеу теориясы элементтерін қолданып, фундаменталды талдау жүргізу

ON 4 Құрылымды, қисық сызықты, ұүрылымсыз есептеу торларын тұрғызу және қолдану арқылы күрделі геометриялы облысы бар есептерді шешу

ON 5 Нәтижелерді тиімді болжау мақсатында есептеу алгоритмінің адаптациясы үшін терең оқыту, нығайтылған оқыту негізінде деректерді интеллектуалды талдау әдістерін қолдану

ON 6 СӨЖ үшін әдістемелік ұсыныстар, лабораторялық, практикалық жұмыстар, дәріс курстары, оқулықтар, оқу құралдары, тәрбие жұмыстары жоспары және т.б. құра отырып, инновациялық технологиялар негізінде математикалық пәндер бойынша оффлайн және онлайн режимде сабақтар жүргізу

ON 7 Инженерлік есептер үшін параллельді есептеу алгоритмдерін құру және оларды жоғары өнімді жүйелерде жүзеге асыру, кванттық есептеу алгоритмдерін құру

ON 8 Стохастикалық анализ әдістерін және стохастикалық дифференциалдық теңдеулерді қолдана отырып, түрлі салалрдағы ықтималды үрдістердің есептеу симуляцияларын құру және жүргізу

ON 9 Шынайы эксперименттер негізінде есептеу жүйелерінің параметрлерін жинақтау, адаптациялау және тестілеу үшін экономика мен өндірістің түрлі салаларында математикалық статистика әдістерін пайдалану

ON 10 Заманауи өзекті есептерді шешіп, рейтингы жоғары журналдарға нәтижелерін басылымға шығарып, конференцияларда баяндама жасап, өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізу

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Есептеу ғылымдары және статистика
Мамандық шифры
7M05408
Факультеті
Механика-математика

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, ғылым мен қоғамның дамуы жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік принциптерін зерделеу. Пән талдау әдістері мен тәсілдерін, ақпараттық ғылыми ресурстарды пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу қабілетін дамытуға бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

Жоғары өнімді есептеу
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән білім, білік және дағдыларды қамтамасыз етуге бағытталған, ол белгілі математикалық есептеу әдістерін, анализ және мәліметтерді өңдеудің жоғары өнімді енгізулерін жасауға мүмкіндік береді. Пәнді игерген кезде магистрант алгоритмдерді параллельдеудің теориялық аспектілерін; кластерлерді және кластерлік есептеуді ұйымдастыру технологиялары; деректерді өңдеу алгоритмдерін аппараттық енгізу әдістерін біледі.

Кванттық есептеу алгоритмдері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курстың мақсаты - кванттық есептеу негіздерін, кванттық есептеу модельдерін және тиімді кванттық алгоритмдерді үйрену. Курс кванттық есептеудің пайда болу тарихын зерттейді, кванттық механиканың постулаттарына негізделген қажетті анықтамалар мен түсініктерді енгізеді, кванттық есептеу модельдерін зерттейді, кванттық есептеудің қуатын салыстыратын белгілі кванттық алгоритмдерді егжей-тегжейлі қарастырады.

Құрылымсыз торларды құру әдістері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курстың мақсаты - есептеу торларын одан әрі құру және салынған торлы құрылымдарда ақырғы көлемді және ақырлы элементтер әдістерін жүзеге асыру үшін Вороной бөлімдері және Делоне триангуляциясы сияқты кеңістікті триангуляциялау және бөлу кеңейтілген алгоритмдерін зерттеу.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Big Data аналитикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: үлкен деректерді жинау, сақтау, ортақ пайдалану, басқару және талдау сияқты Big Data негізгі ұғымдары мен есептерін зерттеу. Пәннің мазмұны: үлкен деректерге арналған заманауи технологияларды меңгеру, құпиялылық пен қауіпсіздік мәселелері, танымал үлкен деректер платформалары, үлкен деректермен жұмыс істеу принциптері, үлкен деректерді талдауға арналған әдістер мен құралдар.

Бір фазалы ағындар үшін Больцманның торлы теңдеулері әдісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Больцманның торлы теңдеулері әдісімен бір фазалы сұйық және газ ағындарын модельдеу. Пәннің мазмұны: бір фазалы ағындардың физикалық негіздері, бір фазалы ағындар үшін Больцманның торлы модельдерін талдау, Больцманның торлы теңдеулері әдісінің сандық алгоритмін жүзеге асыру.

Көп фазалы ағындар үшін Больцманның торлы теңдеулері әдісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Больцманның торлы теңдеулері әдісімен көп фазалы және көп компонентті сұйық пен газ ағындарын модельдеу. Пәннің мазмұны: көп фазалы және көп компонентті ағындардың физикалық негіздері, көп фазалы және көп компонентті ағындар үшін Больцманның торлы модельдерін талдау, көп компонентті диффузия теориясы, Больцманның торлы теңдеулері әдісінің сандық алгоритмін жүзеге асыру.

Параметрлік емес статистика және факторлық талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мүмкіндігі бойынша Гаусстық әдіспен салыстырылатын деректерді өңдеудің параметрлік емес (мүмкін үлестірім функциялары параметрлерден тәуелді емес) әдістері қарастырылады. Фактолық талдау бойынша, бақыланатын айнымалылар кейбір латентті (гипотетикалық немесе бақыланбайтын) факторлардың сызықты комбинациясы болып табылады.

Стохастикалық аппроксимация және басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Стахостикалық аппроксимацияның есептері шешіледі: стохастикалық аппроксимация әдісімен теңдеулерді шешу, экстремумдарды табу және қосымша басқарушы параметрі бар үлестірім тығыздығының белгісіз параметрін бағалау. Басқарылатын Марков тізбектері, облыстағы тиімді басқару, басқарылатын Марков тізбектерін тиімді тоқтату туралы есептер қарастырылады.

Стохастикалық дифференциалдық теңдеулер және олардың қосымшалары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Стохастикалық процестер мен кездейсоқ функциялар, процестердің стохастикалық анализы, үзіліссіздік және дискреттілік секілді стохастикалық процестердің негізгі қасиеттері қарастырылады. Стохастикалық процесс салдары ретінде Марков процестері қарастырылады. Интегро-дифференциалдық стохастикалық теңдеулер мен стохастикалық дифференциалдық теңдеулер (СДТ) Марков процестерінің анықтамасы болып табылады. СДТ үшін Коши есебі қарастырылады.

Терең оқыту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бірінші кезекте курс студенттердің терең нейрондық желілерді қолдану арқылы қолданбалы мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс нығайтылған оқытудың негіздері мен практикалық қосымшаларын қарастырады және әртүрлі күрделі мәселелерді шеше алатын агенттерді құруда қолданылатын соңғы әдістерді қарастырады.

Шешімдер қабылдаудың Марков процестері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Шешімдер қабылдаудың Марков процестері немесе басқарылатын Марков процестері қарастырылады. Шешімдер қабылдаудың Марков процестері операцияларды зерттеу, жүйелік талдау, сенімділік теориясы, диагностика, қорларды басқару, бұқаралық қызмет көрсету теориясы, болжау, күрделі техникалық жүйелерді профилактикалық күтудегі есептерді шешу үшін қолданылады. Марков процестерін басқарудың тиімді стратегияларын қолдану маңызды экономикалық эффект береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген