Магистратура
Химиялық физика

Химиялық физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ОН 1. Материалдардың және композициялық материалдардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыс, сондай-ақ жану процесі кезінде өтетін өзгерістер туралы заманауи идеяларды тұжырымдау;
ОН 2. Жалынның құрылымы мен түрлерін, сондай-ақ жану режимдерін түсіндіре отырып, жану теорияларын, жану процестерінің заңдылықтарын жүйелеу;
ОН 3. 3D-принтер әдісін және материалдарды, пиротехникалық құрамдарды, металл ұнтақтарын, композициялық материалдарды, наноматериалдардың алыну жолдарын, сондай-ақ олардың құрылымын зерттеу әдістерін таңдау мен қолданылуын негіздеу;
ОН 4. Құрылымды жүйелерді және наноматериалдарды құру және алу үшін 3D-принтер, жалында синтездеу және модификациялау әдістерін қолдану;
ОН 5. Материалдардың, оның ішінде наноматериалдардың құрылымы мен құрамын анықтауда физико-химиялық әдістерін қолдана отырып зерттеу жүргізу;
ОН 6. Жалында синтездеу нәтижесінде алынған материалдардың құрылымы мен қасиеттерін түсіндіру үшін жану теориясын қолдану;
ОН 7. Жану теориясын, жану процестерінің заңдылықтарын, сонымен қатар 3D-принтер, жалында синтездеу және модификациялау әдістерін қолдана отырып, құрылымдық жүйелерді, соның ішінде наноматериалдарды ғылыми, өндірістік және педагогикалық қызметте қолдану;
ОН 8. Заттардың құрылымы, химиялық қосылыстардың әр түрлі кластарындағы химиялық байланыстардың табиғаты туралы алған білімдерін қолдана отырып, белгілі қасиеттерге ие материалдарды әзірлеу және олардың қызмет ету мерзімін болжау;
ОН 9. Қоғамға, экономикаға және қоршаған ортаға тигізетін салдарын ескере отырып, перспективті материалдар алу және олардан жаңа өнім өндірудің технологиялық процестерін теориялық тұрғыдан негіздеуге және оңтайландыруға дайын екендігін көрсету;
ОН 10. Әр түрлі химиялық құрылымы мен құрылысты материалдар мен пиротехникалық құрамдар алудың неғұрлым ұтымды, экономикалық және экологиялық тұрғыда негізделген әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу;
ОН 11. Білімнің соңғы салаларында, кәсіби іс-әрекеттің және қоғамдық өмірдің маңызды бағыттарында өзін-өзі жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер беретін кәсіби және жеке қасиеттерді тәжірибеде қолдану;
ОН 12. Топтардың, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік және этикалық міндеттемелерді өз бетіңізше қабылдау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химиялық физика
Мамандық шифры
7M05320
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

Аддитивті өндіріс
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: 3D-объектілері мен материалдарды жасау үшін аддитивті және инновациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы 3D-объектілері мен материалдарды жасау принциптері бойынша теориялық және практикалық базаны құрайды. Пән заманауи әдістерді оның ішінде 3D-принтер әдістерің, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, қолданудың негізгі бағыттары, сонымен қатар объектінің 3D моделін құру және дайындау.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (Химфиз)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесін, тәсілдерін түсіндіру және жалпылау қабілеттерін қалыптастыру. Оқыту курсы ұйымның принциптерін, ерекшеліктерін түсінуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге негіз болады. Пән жалпы ғылыми зерттеу әдістерін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды, құрылымын және тиімділігін арттыруды, ақпарат көздерін табу мәселелерін, ғылыми мақалалардың, жобалардың мазмұнына, құрылымына, дизайнына қойылатын талаптарды зерттеуге бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жоғары оқу орындарында тиімді оқытудың педагогикалық теориялары мен практикалық стратегияларын қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауға және оқудағы табысқа тәрбиелеу. Курс оқыту әдістерін, оқу жоспарын жобалауды, бағалау әдістерін және мұғалімдерді инклюзивті және ынталандырушы оқу орталарын құруға дайындайтын сыныпты басқару стратегияларын зерттейді.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адсорбция және кеуекті құрылым
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кеуекті материалдар және олардың адсорбциядағы рөлі туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру. Оқу курсы кеуекті материалдардың құрылымы, түзілу ерекшеліктері туралы теориялық және әдістемелік негіз құрайды. Пән кеуекті материалдарды, адсорбцияны және оның кеуекті құрылыммен байланысын, материалдардың кеуекті құрылымының түзілу механизмдерін, кеуекті материалдарды адсорбенттер және катализаторлар ретінде пайдалануды зерттеуге бағытталған.

Жанудың физикасы мен химиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жанудың жылулық және тізбекті механизмдерін сипаттау және түсіндіру, кәсіби проблемаларды шешуде қазіргі заманғы жану теорияларын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы жанғыш заттарды қолданудың заманауи ғылыми-технологиялық мәселелерін шешуге қабілеттілікті қалыптастырады. Пән жану феноменологиясын, жану теорияларындағы жану фронтын, жану түрлері мен режимдерін зерттеуге бағытталған.

Заманауи әлемдік ғылымдағы және өндірістегі пиротехника
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: заманауи әлемдік ғылым мен өндірісте пиротехникалық құрамдардың рөлін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлемдік тәжірибені ескере отырып, пиротехникалық құрамдардың жаңа түрлерін жасаудың теориялық және практикалық негізін қалыптастырады. Пән қазіргі әлемдік ғылым мен практикада бар пиротехникалық құрамдар мен компоненттердің, жаңа пиротехникалық құралдардың жалпы қасиеттерін зерделеуге бағытталған.

Заманауи полимерлі композициялық материалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: полимерлік композициялық материалдарды алу процестерінің физика-химиялық мәнін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлік композициялық материалдарды жасаудың теориялық негізін құрайды. Пән құрамды материалдардың құрылымын, жіктелуін, алу қасиеттері мен технологиясын, полимерлік композициялық материалдарды құру принциптерін, толтырылған полимерлі композициялық материалдардың түрлерін: толтырылған полимерлер, полимер қоспалары, пенопласт полимерлерін зерттеуге бағытталған.

Заманауи химиялық физика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: заттардың құрамын, химиялық қосылыстардың құрылымын және химиялық өзгерістердің механизмін зерттеудегі химиялық физиканың рөлін бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы маңызды элементар процестердің теориялық сипаттаудағы мәселелерінің және заманауи деңгейінің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән химиялық реакцияларды зерттеу мен сипаттауға арналған физикалық әдістер мен физикалық теорияларды зерттеуге арналған.

Композициялық материалдар мен құрылымдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: композициялық материалдар алу технологиясы саласындағы теориялық білім мен кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Оқу курсы композициялық материалдар мен құрылымдардың теориялық және әдістемелік негіздерін құрайды. Пән композициялық материалдардың құрылымын, композиттерді кластарға жіктеуді (қабатты, талшықты, дисперсиямен нығайтылған, радиомөлдір және т.б.), композиттің физикалық қасиеттерін зерттеуге, сонымен қатар композициялық материалдардың практикалық қолданылуына бағытталған.

Көміртекті наноматериалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Көміртекті наноматериалдарды синтездеу мен зерттеудің негізгі физика -химиялық әдістері туралы біртұтас жүйелі түсінік қалыптастыру. Көміртекті наноқұрылымдарды алудың жіктелуі мен әдістері, көміртекті наноқұрылымдарды зерттеу әдістері (фуллерендер, графендер, күйелер, көміртекті нанотүтіктер): дифракциялық, микроскопиялық, спектроскопиялық.

Қатты дененің химиялық физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қатты дене химиясы саласындағы практикалық мәселелерді шешу қабілеттерін қалыптастыру. Курс қатты денелердің құрылымын, қасиеттерін және реактивтілігін сипаттауға арналған ғылыми тұжырымдамалардың теориялық және әдістемелік негіздерін құрайды. Пән жылу қозғалысын, диффузияны және қатты денелердегі химиялық реакциялар кинетикасының ерекшеліктерін және қатты денелерге физикалық әсерді зерттеуге арналған.

Материалтану және перспективті материалдар технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: микро- және нано-масштабтың материалдар қасиеттеріне әсерін талдауда материалтану ғылымының заманауи тұжырымдамаларын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Оқыту курсы жаңа материалдарды алудың заманауи мәселелерін шешу қабілетін қалыптастырады. Пән әртүрлі заманауи және перспективті материалдардың топтарының қасиеттерін, материалдардың әр түрлі топтарын өндірудің технологиялық әдістерін, жаңа материалдарды өңдеудің заманауи технологияларын зерттеуге арналған.

Металл ұнтақтарының жануы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: пиротехникалық құрамдарда және отынның жану тиімділігін арттыруда қолданылатын металл ұнтақтарының тұтануы мен жануын бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ұнтақ технологиясының теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән нано- және дисперсті металл ұнтақтарының, олардың қоспаларымен ауадағы және энергетикалық конденсатты жүйелеріндегі жану заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.

Нанобөлшектер мен наножүйелердің пайда болуының химиялық физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты нанобөлшектер мен наножүйелердің физика-химиялық үрдістерін түсіну және дәлелдеу қабілетін қалыптастыру, химиялық физиканың заңдары мен теорияларына сүйене отырып нанобъектілерді қалыптастыру процестерін түсіндіру. Пәнді табысты аяқтау барысында магистранттар қабілетті болу керек: 1. Нанобөлшектер мен наножүйелердің пайда болуына әкелетін физика-химиялық процестердің негіздерін түсіндіру; 2. Нанобөлшектер мен наножүйелерді қалыптастыру процесіне термодинамикалық және кинетикалық параметрлердің рөлі туралы жүйелі білімді қалыптастыру; 3. Химиялық физиканың негізгі заңдарын қолдана отырып наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу әдістерін практикада қолдану; 4. Химиялық физиканың қазіргі жетістіктерін қолдана отырып нанобөлшектер мен наножүйелердің пайда болу процесіне өлшемдік параметрлердің рөлі туралы тұжырым жасау. Бұл пәнде келесідей аспектілер қарастырылады: наноматериалдардың геометриялық, электрондық құрылымы және реакциялық қабілеті; наноқұрылымдардың өсу белсенділігі және наноқұрылымдардың құрамы, мөлшері, формасы және алу тәсіліне белсенділіктің тәуелділігі; наноқұрылымдар пайда болуына ықпал ететін матрицаның энергетикалық және геометриялық параметрлері, белгілі бір нысандағы наноқұрылымдардың қалыптасу жағдайын талдау; нанообъектілердегі зарядтардың электрлік қасиеттері және тасымалдануы; нанотермодинамика; нанобөлшектер мен наносистемаларды алудың плазмалық әдістері; отта иондану процестері, аралық жану өнімдерінің рөлі; ПЦАУ, күйе және фуллерендердің пайда болу механизмдері арасындағы байланыс; нанобөлшектер мен наножүйелердің пайда болу процестеріне сыртқы энергетикалық әсерлердің әсері.

Өсімдік шикізаттары негізіндегі көміртекті наноқұрылымды материалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - өсімдік шикізаттары негізінде жаңа материалдарды алуға байланысты нанотехнологияны дамыту мәселелерін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән магистранттардың өсімдік шикізаты негізінде наноқұрылымды материалдарды алу саласындағы дағдыларын дамытуға бағытталған. Курста қарастырылады: өсімдік шикізаты негізінде көміртекті наноматериалдардың синтезі, морфологиялық ерекшеліктері және қасиеттері; нанокеуекті материалдардың түрлері, мембраналарды, сорбенттерді және катализаторларды дайындау әдістері.

Пиротехникалық қоспаларда ұнтақ материалдарын жануы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - пиротехникалық композицияларда қолданылатын ұнтақты энергиямен қаныққан материалдарды алу әдістерін, құрылымын, қасиеттерін, жану заңдылықтарын және ерекшеліктерін зерттеу. Пәнді табысты аяқтау барысында магистранттар қабілетті болу керек; 1. Энергияға қаныққан ұнтақ материалдарының құрылысы мен қасиеттерін негіздейтін принциптер мен заңдылықтар туралы жүйелі білімді қалыптастыру; 2. Ұнтақты энергияға қаныққан материалдардың жану процесінің физика-химиялық негіздері мен заңдылықтарын түсіндіру; 3. Өнеркәсіптік өндірісте жоспарлаған қасиеттерге ие энергияға қаныққан ұнтақты материалдарды алудың заманауи технологияларын ғылыми талдау қабілетін қалыптастыру; 4. Пиротехникалық құрамдар мен бұйымдарда қолдану тиімділігін арттыру үшін энергияға қаныққан ұнтақ тәрізді материалдарды түрлендіру әдістерін қолдану. Ұнтақ материалдарын өндіру әдістері, ұнтақ материалдары модификациялау әдістері, ұнтақ материалдарының агломерациясы және коррозиясы, жану жарылыс процестерінің физикалық-химиялық негіздері, ұнтақ металдардың тұтану және жану механизмі, пиротехникалық композициялардың жану механизмдері, металл бөлшектерін тұтану және жану заңдылықтары, тұйықталған көлемде жану, белсенді температуралық ағындағы конденсацияланған бөлшектердің гетерогенді жануы, қазіргі заманғы унтақ материалдардың жануының зерттеу әдістері қарастырылады.

Пиротехникалық құралдардың технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: пиротехникалық заттардың қасиеттерін жіктеу және есептеу үшін жану теориясын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы жану заңдылықтарын пиротехника саласында қолдану бойынша теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастырады. Пән пиротехника теориясының негіздерін, пиротехникалық бұйымдар өндірісі үшін шикізат пен қосалқы материалдарды іріктеуді, пиротехникалық бұйымдар өндіру схемасына қойылатын жалпы талаптарды зерттеуге бағытталған.

Плазмoхимиялық реакторларда наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу үдерістерін компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - плазмохимиялық реакторларда наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алуды модельдеу қабілетін қалыптастыру. Пән плазмохимиялық реакторларда наноматериалдарды алу үрдістерін модельдеу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: Плазмохимиялық реакторлардың негізгі құрылымдық бөліктері; плазмохимиялық реакторлар жұмысының мониторинг әдістері; плазмохимиялық реакторларды пайдалана отырып технологиялық желілерді құрастыру мүмкіндігі; плазмохимиялық реакторларда нанообъектілерді құрастырудың негізгі механизмдері.

Плазмада наноматериалдар алуды компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты тепе-тең емес плазмадағы наноматериалдарды синтездеудің математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша мәселелерді шешу қабілетін қалыптастыру. Пән компьютерлік модельдеу арқылы шеберліктерін дамытуға бағытталған. Төмендегілер қарастырылады: наноқұрылымдар жинақтау бойынша математикалық модельдер; түрлі наноқұрылымдарды құрастыру процестерін модельдеу үшін танымал компьютерлік бағдарламалар; плазмохимиялық синтездің кинетикалық аспектілері; кванттық химиялық есептеу әдістері.

Тізбекті процестердің кинетикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жанғыш заттардың жануының пайда болуының теориялық негіздері, жану түрлері мен теориялары саласындағы теориялық білім мен кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Оқу курсы жану теориясы мен классификациясының теориялық және әдістемелік негіздерін құрайды. Пән жану процестерінің физикалық және химиялық негіздерін зерттеуге бағытталған.

Химиялық физика және кинетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: физиканың іргелі заңдары тұрғысынан химиялық құбылыстарды сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы химиялық заттардың құрылымы мен өзгерісін реттейтін физикалық заңдылықтардың теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пәнді оқу барысында магистранттар келесі аспектілерді оқиды: химиялық реакциялардың кванттық-механикалық әрекеті, спектроскопиялық әдістер, атом физикасының, молекулалық физиканың, конденсацияланған күй физикасының, кванттық механиканың заңдары, молекулалық процестерді модельдеу.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген