- Главная
- Новости
«Сұңқарымыз» самғай берсін
08.11.2010Қапы өткізбе сол кездің бір сағаты,
Өкініш қалмайды кетсе ағатың
Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артыңа адам атың,-
деп адамзат ақылманы, қазақ халқының данышпан ақыны Ш. Құдайбердіұлы жырлағандай, жарық дүние есігін ашып, өмір деген бір күндік сәулеге» іңгәләт келген әрбір адам бұл өмірде, толыққанды адам боп өтуге міндетті. Атыңа, ізбасар ұрпақтарына адам аты қалуы үшін еңбекпен ет ауғыртудан қашпай, ғылымының алтын кеніне бойлайды. Міне, біз де ос ұзынан-ұзақ жолға түсіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҰ-да оқып, білімнің биігіне қанат қағудамыз.
ҚазҰУ-қазіргі жаһандану заманында жалынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп жатқан қазақтың қарашаңырағы. Бұл киелі орыннан көптеген тұғырлы тұлғалар түлеп ұшқан. Білім беру жүйесі ерекше болғандықтан, мұнда тек қазақ жастарын ғана емес, сонымен қатар, шет елдік студенттер де «білім» атты кәусар бұлақтың мөлдір тұнығынан нәр алуда. Осы әр түрлі ұлт өкілдерінің бәрі болмаса да, кейбіреулерінің қазақ тілінде, яғни оқып жатқан елінің мемлекеттік тілінде тіл қатып, сол тілінде білімнің бар байлығын бойына дарытуға талпынып жатқанына көңілің шат болады. Демек, бұл дегеніңіз, өзге өркениетті елдер де Қазақстанның әлемдік сахнадағы орнын танып жатыр деген сөз. «Төрткүл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктес, қақысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді», - деп азаттықтың ашық аспанының астында өмір сүріп жатқан еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандй, күллі әлемге Шолпан жұлдызындай жарқ етіп көрініп жатқан еліміз алдағы уақытта дамып, қарыштаған 50 елдің керуен көшінің алдына түсетініне сенімдімін. Міне, осындай дәрежеге жету үшін біздің білім алу және білім беру деңгейіміз өте жоғары болу керек. Ал осы білім беру жүйесінің көшбасшысы ретінде ҚазҰУ-ды мақтанышпен атап өте аламыз. Бұл білім ордасында көптеген студенттік ұйымдар жұмыс жасайды. Солардың бірі, бірі емес бірегейі «СҰҢҚАР» Студенттер кәсіподағы. Негізі, бұл ұйымның негізгі міндеті-студенттердің жағдайларына көңіл бөліп, қаржылай көмек көрсету. Жақында тамақтандыру комбинатында ҚазҰУ-дың бой көтеріп, білімнің зәулім ғимаратына айналғанына 76 жыл толуына орай мың адамға 76 теңгелік түскі ас беріледі. Міне, осы түскі астың басы-қасында болып қаржылай дем беріп, түстенуші студенттерге қызмет көрсетіп жүргендер де – «Сұңқардың» мүшелері. Осындай акцияны ұйымдастырған сұңқарлықтарға студенттер тарапынан алғыстар жаңбырша жауды. Мұндағы сұңқарлықтар студенттерді қуана қарсы алып, жылы шырай танытқандары баршаға жайлы көңіл-күй сыйлады. Бұл шара екінші рет ұйымдастырылып отыр. 75 жылдағы дүркін той болып алғаш рет 75 жылдыққа орай 75 теңгелік түскі ас беріп, іске асырылып еді. Бұл жылы екінші рет өткізіліп отырған шараның бір қызығы - 76 нөмірлі боп кірген студентке арнайы сыйлығының болуы. Әрине, бұл жаңалық бірімізді «Бұл сыйлық кімнің қанжығасына байланды» дегізіп, таңдандырары анық. «Казгуград» кинотеатрының екі кісілік билеті 76-шы студент журналистика факультетінің 2 курс студенті Оқасов Олжастың еншісіне бұйырды. Сонда қуаныштан толқып, бақыттан басы айналған студенттің: «Сұңқар қанатын кеңге жайды»,- деген бір ауыз сөзіне «Сұңқарға» лайық барша пікір, барша алғыс, барша мақтау – бәрі де сыйып тұр.Осының бәрін көріп, еңбектерінің еш кетпегеніне көңілдеріне толған «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Өмірбекова Арайлым бұл шаралардың алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын сеніммен айтты. Біз де «Сұңқарға» жемісті еңбек тілейміз
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті салмақты
Мен жастарға сенемін,-
деп сыршыл ақын М. Жұмабаев өзінің келешек жастарға үкілі үмітін артып, ешқандай күмәнсіз, толықтай сенетін отты жырына арқау еткен. Шынымен де, ҚазҰУ-дың студенттеріндей күш-қайраты тасыған, біліммен шыңды алған жастары бар, «Қалың елі қазғымның» атағын көкте желбіретер азаматтары бар қазақ елінің келешегі кемел!
«Сұңқар» студенттер кәсіподағы