СМИ о КазНУ

СМИ о КазНУ


01.04.2011 “Егемен Қазақстан” Жалпыұлттық республикалық газет

1-сәуір, жұма, 2011 жыл

160 грант, 37 студентке – 25 пайыз жеңілдік

ҚазҰУ қазақстандықтарды президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Жолдауы аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы” тақырыбында оқытушылар мен студент жастардың активі өтті.

Жиынға университет студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы, куратор-эдвайзерлер мен Жастар ұйымдары және ҚазҰУ кәсіподағы, ақсақалдар алқасы қатысты.

ҚазҰУ ұстанып отырған басты бағыт – Елбасы жолдауында айтылғандай, - екі үздік университет әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орнындары қатарына кіру, бес пайызы инновациялық қызмет пен ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу. Осы орайда, активте ҚазҰУ-дың Корпоративтік мәдениет кодексі, ҚазҰУ Студентінің ар-намыс кодексі сияқты құжаттар қабылданды. “Мұндай Кодекстің қабылдануы жоғары оқу орындарында Жолдау жүктеген әлеуметтік жаңғыру бастамасын жүзеге асырып, корпоративті идеология мен корпоративті мәдениетті дамытуға негіз болады”, - дейді ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов. Сонымен қатар ректор бұл құжаттар өз кезегінде ҚазҰУ-дың жаңа ұстанымы – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу жолында биікке жетелейтіндігін, әлеуметтік жаңару идеологиясындаадам капиталын дамытудың басты құндылығы екендігін айтты.


01.04.2011 “Президент және халық” Республикалық қоғамдық саяси газет

1-сәуір, жұма, 2011 жыл

Әлеуметтік жаңғыру қадамдары – адам капиталын дамытудан басталады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Жолдауы аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы” тақырыбында оқытушылар мен студент жастардың активі өтті.

Жиынға университет студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы, куратор-эдвайзерлер мен Жастар ұйымдары және ҚазҰУ кәсіподағы, ақсақалдар алқасы қатысты.

Активта шара қатысушылары қазақстандық жоғары оқу орындарының ел модернизациядағы орны мен рөлін талқылды. Сондай-ақ, Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары, студент жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту мен әлеуметтік белсенділігі, студенттерге әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету мен әлеуметтік инновациядағы ҚазҰУ куратор-эдвайзер мектебінің үлесі сияқты өзекті тақырыптар да назарға алынды.


01.04.2011 "Ана тілі" газеті

Түркітілдестердің Біріккен (Ұйғыр) қағанаты

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қадір-қасиетіне жету үшін бірнеше ғасырлар бойы әртүрлі атпен өмір сүрген ежелгі түркілер қағанаттарының күйреу себептерін түсініп алуымыз керек. Түркі мемлекеттігінде мызғымас дәстүрге айналған Ашына әулетінен хан сайлау жүйесін ұйғырлардың Яғлақар тайпасының көсемі Құл-бойла (Л.Гумилевте – Пейло) келмеске жіберді. Ол 745 жылы тақта отырған Басмыл тайпасының ханының басын кесіп алып, Тан императорының астанасы Чананьға жіберді және өзін Құтлық Білге деген лауазыммен хан ретінде мойындауды ұсынды. Тақтан қуылған Ашына әулетіне ілескен түріктердің бір бөлігі қытайға қашып, ақыры сонда табғачтарға араласып, ассимиляцияға ұшырап, жо­йылып кетті. Яғлақар тайпасы бастаған Онұйғыр рулары тарихи сананы мүлде жойып жіберу үшін Ашына әулетінен қалған тарихи ескерткіштерді талқандауға кірісті. Осы зобалаңның барысында атақты Күлтегіннің де мүсіні талқандалып, оның басы денесінен бөлініп қалды. Осындай бүліншілікке басқа түрік ақсүйектерінің мүсіндері де ұшырады. Адамзат үшін аса құнды асыл мұралар осылайша надандықтың құрбандығына айналды. Яғлақар ақсүйектері кезінде өздері бағынышты болып бас иген және өздеріне бауырлас түркітілдес халықтарды қудалауға түсірді. Енді мемлекет атауы болып келген «Түрік» этнонимін «Ұйғыр» этнонимі ауыстырды.


01.04.2011 "Казинформ" Национальное информационное агентство

Әлем халықтарының 90 пайызы дінге деген сенімін білдірген - профессор А. Құлсариева

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Мемлекет пен дін қарым-қатынасы модельдерін жасау жолындағы ізденіс» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өтіп жатыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Ақтолқын Құлсариева әлем халықтарының 90 пайызы дінге деген сенімінің бар екендігін және ол өмірінде өте маңызды рол атқаратындығын білдірген дейді. «Біз зайырлы мемлекетпіз, бұл дін қажет емес деген сөз емес. Өйткені дін бұрында болған және бола береді. Олай болатын болса діндегі болып жатқан үрдістерді, дінге жастардың ағылу үрдісін және тағы басқа да болып жатқан құбылыстарды сараптап оның психологиялық, рухани негіздерін, ұлтық қауіпсіздігімізге тигізетін әсерін жан-жақты қарамай қоғамды, ұлтты жаңғырту жолында дұрыс бағытты көрсете алмаймыз», -деп атап өтті А.Құлсариева.


29.03.2011 "Казинформ" Национальное информационное агентство

ҚазҰУ-да "Студенттік көктем - 2011" көркемөнерпаздар байқауы басталды

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Студенттік көктем - 2011" көркемөнерпаздар байқауы басталды,деп хабарлайды ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі.


29.03.2011 "Казинформ" Национальное информационное агентство

ҚазҰУ ректоры 160 студентке ақысыз білім беру сертификатын табыстады

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше ҚазҰУ ректоры мемлекеттік білім беру гранты байқауынан өткен 160 студентке және университетте ақылы негізде үздік оқып жүрген 37 студентке төлемақысына 25 пайызжеңілдік беретін сертификаттар табыс етті.


26.03.2011 "Казинформ" Национальное информационное агентство

ҚазҰУ құрамасы мен Алматы қаласының құрамасы арасында бокстан жолдастық кездесу өтуде

АЛМАТЫ. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Отан» ХДП Бостандық аудандық филиалы, ҚазҰУ спорт клубы және «Достар» қайырымдылық ұйымының жүлдесі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрамасы мен Алматы қаласының құрамасы арасында бокстан жолдастық кездесу өткізуде.


18.03.2011 "Литер" Республиканская ежедневная газета

Язык до Токио доведет

Победительница республиканского конкурсаораторского искусства на японском языке получила грант на поездку в Японию
Несмотря на природные катаклизмы, которые беспощадным образом обрушились на Страну восходящего солнца, посольство Японии в РК не отменило проведение ежегодного ХІІІ Республиканского конкурсаораторского искусства на японском языке.

По мнению организаторов – посольства Японии в РК, Казахстанской ассоциация преподавателей японского языка и кафедры японоведения КазНУ им. Аль-Фараби – все большую распространенность приобретают конкурсы ораторского искусства среди молодежи. Состязания в способностях ярко и доходчиво доносить свои мысли до любой аудитории стали чрезвычайно актуальными. Воспитание патриотизма у казахстанской молодежи, проблемы отцов и детей, языковая политика в нашей стране, выбор профессии, проблемы экологии – вот тематика выступлений конкурсантов. Кстати, в конкурсе принимали участие 13 студентов из КазНУ им. Аль-Фараби, КазУМО и МЯ им. Абылай хана и Казахстанско-японского центра развития человеческих ресурсов (Астана).


18.03.2011 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

Дербес экономикалық құрылым ретінде зерттеу университеті мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы тиіс

Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА, саяси ғылымдар докторы:

– Гүлмира Серікбайқызы, еліміздің жоғары мектебі бүгінде зерттеу университетін құруға бағытталған реформалық қадамдарға бет алды. Зерттеу университетінің бастауы қайдан шықты, тарихи сипаты неде?

– Жаңалыққа, жаңаға елеңдер жастар да, соған ден қояр зиялы қауым да осы аталған зерттеу университетінің мәні, құрылымы, академиялық әрі ғылыми тиімділігі жайлы қызу дебатты бастап кеткені рас. Дегенмен жетекші университеттеріміз серпінмен даярлықты бастаған «зерттеу» статусын алудың елдің рухани өміріне, әлеуметтік жетілуіне, саяси ахуа­лына, экономикалық дамуына ықпалы қаншалықты деген қоғамдық пікір қалып­тасып үлгере қоймады.


17.03.2011 “Айқын” Республикалық қоғамдық саяси газет

17.03.2011.

Ізденістердің алғы шебінде

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысының қойған талаптарын жүзеге асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жемісті жұмыс істеп келеді.

ҚазҰУ – отандық кадрлардың басты ұстаханасы. Біздің университеттің басты мақсаты – Қазақстанның зияткерлер элитасын, көпшілік құрметтейтін тұлғалар дайындау, заман талабына лайық білім беру және жаңаша дағды қалыптастыру. Алға қойған мұндай межеге оқу мен ғылымдағы ізденістер арқылы қол жеткізуге болатыны түсінікті.

Қазіргі таңда университетте «Ғылым әлемі» атты халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің конгресі өмірге келді. Бұған дейін оның орнында студенттік ғылыми конференциялар жұмыс істеп келген болатын. Конгресс аясында түрлі бағыттар, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің түр-түрлері біріктірілген. Жүзден астам секциялар жұмыс істейді, факультетерде «дөңгелек үстелдер» және танымал ғалымдармен, саясаткерлермен кездесулер, олимпиадалар, байқаулар, диспуттар мен сайыстар, интеллект-шоу ойындары ұйымдастырылады, газеттер, жас баспагерлердің тырнақалды кітаптары, бюллетеньдер шығарылады.