СМИ о КазНУ
02.12.2010 "Заң" республикалық күнделікті газет
26.11.2010
академик А.Пионтковскийдің шәкірті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымының кандидаты Ғалирашит Баймурзин бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Ғалекең осы өмірінде талай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткізді. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кездерінде орта мектепті өте жақсы оқып бітірді. Кейін Ленинград Мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, оны үздік аяқтады. Қазақстан аумағында бірнеше жыл облыстық соттың судьясы болып, жұртшылық құрметіне бөленді. Судьялық мол тәжірибені өз бойына жинақтаған Ғалекең өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында КСРО Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспирантурасына түсіп, ғылыми жұмыспен айналысады. Осы институтта үш жылдың ішінде заң ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін ойдағыдай қорғап шықты. Қазақстанға келіп, сол кездегі Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институтында қылмыстық-құқықтық секторда аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. 1967 жылы КазҰУ-дың заң факультетін бітіріп, жолдамамен осы институтқа келген кезімде Ғ.Баймурзин ағамен танысып, жақсы қарым-қатынаста болдым. Содан кейін 1970 жылы мен КСРО Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтына аспирантураға жіберілдім. Жетекшім КСРО Ғылым академиясының кореспендент-мүшесі Петр Ромашкин болды. П.Ромашкин ол кезде осы институттың қылмыстық құқық секторының меңгерушісі еді. Институттың осы секторында атақты академик, профессор А.Пионтковский, профессорлар С.Келина, Г.Кригер, О.Шишов сияқты ғұлама ғалымдар еңбек етуші еді. Бірде ғылыми жетекшім Петр Семенович мені бір шұғыл қағазбен таныстырып, қол қойғызып келу үшін Андрей Пионтковскийдің үйіне барып келуге тапсырма берді. Көрсетілген мекенжайға дәл уақытында барып, А.Пионтковскийге беріп жіберген құжаттарды ұсындым.
02.12.2010 "Казахстанская правда" общенациональная ежедневная газета
25.11.2010
Настроенность на диалог
Председательство Казахстана в ОБСЕ – это почетная миссия, ставшая результатом реальных шагов нашей страны не только в области укрепления верховенства закона, повышения демократии и развития гражданского общества, но и продвижения науки, образования.
Великий гуманист европейского Возрождения Данте Алигьери в своей бессмертной «Божественной комедии» заметил, что земная цель и земное предназначение человека реализуются в земном государстве и гражданском обществе на пути философских наставлений. Философское осмысление жизни приобретает особую актуальность в наши дни, учитывая современные процессы глобализации, рост терроризма, проблемы человеческой безопасности и культурного разнообразия. Все эти вопросы в качестве гуманитарной составляющей решаются и под эгидой ОБСЕ. Не случайно глобальные цели и миссия философии видится в том, чтобы служить лабораторией идей и катализатором международного сотрудничества, побудителем формирования поколения знания, стремления к глубоко обоснованным исследованиям, возрождения культа знания. В системе образования целесообразно соблюдать паритет между развитием под действием философии свобод граждан, их способности судить о себе и других, аргументировать свою позицию и одновременно подчиняться власти разума, критически мыслить. Это может стать одним из приоритетных направлений борьбы с терроризмом, с расшатыванием его предпосылок. Эту идею четко и афористично выразил известный французский писатель Фредерик Бегбедер, осмысливая трагические события 11 сентября: «Америка забыла Декарта».
Философскую культуру необходимо транслировать через живой диалог и общение с выдающимися философами нашей современности, через преодоление скорлупы элитарности философии и выход в народ. Образовательная политика нашего государства реализуется в соответствии со стратегическими установками ОБСЕ. Ключевыми понятиями стратегии Казахстана на современном этапе являются «умная экономика» (экономика знаний), «человеческий капитал», «интеллектуальная нация». Реализация каждой из программ базируется на трех основаниях: образовании, развитии науки, инновационном мышлении. Мировоззренческой и методологической платформой данных оснований была и остается философия как мудрость, как гуманитарное знание, как искусство и культура мышления. Известный французский мыслитель Жак Деррида очень точно заметил, что у любой нации, осмысливающей свое бытие, есть своя национальная философия, являющаяся частью мировой. Казахстанская философская школа была и остается признанной научной школой в ближнем и дальнем зарубежье.
02.12.2010 газета "Мегаполис"
22.11.2010
Мир нуждается в спокойствии
Каримжан ШАКИРОВ
В последнее десятилетие вопросы безопасности стали актуальны как никогда, особенно на фоне продолжающегося разделения стран по принципу Запад – Восток. В этой связи проведение саммита ОБСЕ в Астане для поиска диалога по разрешению имеющихся проблем является острой необходимостью. Такова официальная позиция казахстанской стороны. Так ли это на самом деле и что даёт саммит простому человеку и нашей стране – с этим вопросом мы обратились к декану факультета международных отношений КазНУ им. Аль-Фараби доктору юридических наук Каримжану ШАКИРОВУ.
– ОБСЕ – это международная структура, и вопрос здесь должен в первую очередь стоять о том, что даст саммит Казахстану как председателю, а уже с этой позиции давать оценку его пользы для конкретного казахстанца.
Чтобы реально оценить предстоящий саммит, давайте вспомним, что представлял Казахстан с приобретением независимости? Один из осколков советской империи, о котором мировое сообщество не имело никакого представления. Любая страна, народ которой хочет думать о ней как о достойной признания и уважения, должна проводить прежде всего миролюбивую политику. Свои первые шаги Казахстан сделал именно в этом направлении: это и закрытие Семипалатинского полигона, и отказ от ядерного оружия. С того самого периода Казахстан – единственная страна на постсоветском пространстве, которая выдвинула так много инициатив мирного характера. Вспомним СВМДА, ОДКБ, ШОС, ЕвроАзЭС. Нужно ли было это делать? Ответ напрашивается сам собой, если вспомнить, что проблемы Приднестровья, Нагорного Карабаха, Косово, Южной Осетии разделяют весь мир на противостоящие стороны. Что сейчас происходит в Афганистане? Это уже другая составляющая современного мира. Признаём мы это или нет, но в Афганистане происходит не только трагедия национального масштаба. Вопрос урегулирования противостояния в Афганистане – это уже вопрос безопасности не только прилегающего региона, но и всей Европы. Мы уже сейчас не задумываемся, во что бы мог превратиться Кыргызстан, не прояви своевременно свою позицию Казахстан и Россия, а следом и западный мир. Это страна могла бы повторить путь Афганистана.
02.12.2010 "Дала мен қала" қоғамдық-саяси апталық
22 қараша 2010 жыл
КӨРКЕМ ҚЫЗ, СЫРЛЫ ЖIГIТ БӘРI СОНДА…
Көкшетау қаласында Білім және ғылым, Байланыс және ақпарат министрліктері, Ақмола облысының әкімдігі, «Қазақ газеттері» ЖШС және «Жас Отан» Жастар қанаты «Заңғар» жастар шығармашылық бірлестігі «Ана тілі» аруы» және «Ана тілі» сұлтаны» республикалық байқауын ұйымдастырды.
Жалындаған жігіттер мен ақылына көркі сай арулар білім, ақыл-парасат, тәлім-тәрбие бойынша бақ сынасқан байқаудың «жүзден жүйрікті» анықтаған ақтық мәресі Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау қалалық «Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өскелең ұрпаққа тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрді насихаттау. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарға жастар арасында сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру. Айта кетейік, көпшіліктің қолдауына ие болып үлгерген республикалық «Ана тілі» аруы» және «Ана тілі» сұлтаны» байқаулары биыл 7-ші мәрте өткізіліп отыр. «Ана тілі» аруы» байқауына республиканың жоғары оқу орындарының 31 студент-қыздар қатысса, «Ана тілі» сұлтаны» байқауында 36 студент-жігіт бақ сынасты. «Мыңнан тұлпар» дегендей, байқаудың 1 кезеңінің нәтижесі бойынша 9 ару мен 9 сұлтан іріктеліп финалға шықты. Нәтижесінде, «Ана тілі» аруы» байқауында бас жүлде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Әйгерім Әшірәліге, 1 орын М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының студенті Талшын Сейітхановаға, 2 орын Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенті Салтанат Тұрғанбековаға және үшінші жүлделі орындар Тараз иннновациялық гуманитарлық университетінің студенті Жадыра Мергенбаеваға мен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Эльмира Таудаеваға бұйырды. Ал білімді де, білекті жігіттердің арасында өткізілген сайыста «Ана тілі» сұлтаны» болып Тараз иннновациялық гуманитарлық университетінің студенті Жамбыл Тілепов танылды.
02.12.2010 "Экспресс К" ежедневная общественно-политическая республиканская газета
Сайфулла Сапанов: победить новые вызовы и угрозы можно только сообща
24.11.2010
Чем ближе декабрьский саммит ОБСЕ, тем больше общественность интересуется результатами деятельности нашей страны на посту председателя этой авторитетной международной Организации. Своим взглядом на события, происходящие под эгидой Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе, делится доктор исторических наук, профессор кафедры международных отношений и внешней политики КазНУ им. Аль-Фараби Сайфулла Сапанов.
– Сайфулла Жумабаевич, какие итоги казахстанского председательства в ОБСЕ, на ваш взгляд, наиболее значимы? – Председательство Казахстана в ОБСЕ совпало со сложным периодом в развитии самой Организации. Определенный застой и увлечение только третьей гуманитарной "корзиной" вызывали много критики со стороны мирового сообщества. Для Казахстана взаимодействие с ОБСЕ является одним из приоритетов внешней политики. В год председательства наша страна поддерживала конструктивный диалог с различными структурами Организации по вопросам безопасности, экономики, экологии, гуманитарным аспектам и проблемам защиты прав человека. На мой взгляд, самым плодотворным оказалось укрепление ОБСЕ как в ее евро-атлантической безопасности, так в евроазиатской составляющей. – Какие ожидания вы связываете с предстоящим саммитом в Астане?– Во-первых, наша страна свое председательство в ОБСЕ рассматривала как важный фактор для реализации серьезных реформ внутри страны. Во-вторых, ОБСЕ нуждается в "перезагрузке". В этой связи Нурсултаном Назарбаевым была выдвинута идея созыва в Астане саммита глав государств – членов ОБСЕ. Казахстан исходил из того, что саммит ОБСЕ не собирался с 1999 года и геополитическая ситуация в мире за это время существенно изменилась. Но нельзя проводить саммит ради саммита. И Казахстан это понимает. В качестве центральной наша страна предложила тему урегулирования ситуации в Афганистане, а также обсуждение проблем региональной безопасности. Хотя и нашлись критики этой политики, которые утверждают, что приоритет решения проблемы в Афганистане – прерогатива НАТО. Заслуга Казахстана заключается в том, что к теме Афганистана, хотя эта страна не является членом ОБСЕ, удалось привлечь внимание мирового сообщества.
02.12.2010 "Экспресс К" ежедневная общественно-политическая республиканская газета
Каримжан Шакиров: Год мы живем в самом сердце ОБСЕ
23.11.2010
Предстоящий саммит Организации безопасности и сотрудничества в Европе придаст динамику диалогу между Востоком и Западом. Признание западным сообществом Центрально-азиатского региона в качестве равноправного партнера – один из важнейших итогов деятельности Казахстана на посту председателя ОБСЕ. Так считает декан факультета международных отношений (ФМО) Казахского национального университета имени аль-Фараби доктор юридических наук Каримжан Шакиров (на фото).
Тот факт, что предстоящий саммит ОБСЕ будет иметь историческое значение, можно считать аксиомой. Большую поддержку в плане реализации государственных задач, связанных с Организацией, оказывает один из ведущих казахстанских университетов – КазНУ им. Аль-Фараби.
– Наше образовательное учреждение совместно с КИСИ при президенте РК и представительства Организации безопасности и сотрудничества в Европе в Астане реализует трехгодичный проект "2010: Казахстан – председатель ОБСЕ", – рассказывает Каримжан Шакиров. – В его рамках состоялось значительное число международных научно-практических конференций, круглых столов и встреч на высоком уровне, посвященных различным аспектам деятельности нашего государства в столь авторитетной Организации. Только в текущем году мы провели более десяти мероприятий, среди которых научная конференция "Председательство Республики Казахстан в ОБСЕ: предварительные итоги и перспективы", состоявшаяся в мае этого года. Буквально на днях прошел круглый стол "Саммит ОБСЕ в Астане – заключительный этап председательства Казахстана". В работе данных форумов активное участие принимал глава Центра ОБСЕ в Астане Александр Кельчевский, а также представители дипломатических миссий, аккредитованных в республике, ведущие казахстанские и зарубежные эксперты из КазНУ им. Аль-Фараби, КИСИ при президенте РК, КазНПУ им. Абая, института мировой экономики и политики при Фонде первого президента, института философии и политологии, а также сотрудники неправительственных организаций. В декабре же этого года на базе КИСИ запланирован совместный научный форум, где будут обсуждены итоги этого беспрецедентного исторического события и пути реализации его решений.
02.12.2010 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет
Сайрамбаев салған сара жол...
«Қазақ тілі» кафедрасы мемлекеттік тілдің қадірін арттыруға ерекше үлес қосып келеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті туған тіліміздің қанатын кең жаюына әрдайым жанашыр болып, мемлекеттік тілді өзгелерге үйретуде болашақ мамандардың да үнемі алғы шепте болуын назардан тыс қалдырмай келеді.
Ал жақында ғана университет ректоры болып келген Ғ. Мұтанов мырзаның білім ордасында тың әдіс-тәсілді қолдана отырып, мемлекеттік тілді барынша жан-жақты оқытуды тапсыруы да ұстаздар қауымына қанат бітірді. Осындай жаңа бастама қолға алынып жатқан тұста қазақ тілі кафедрасының 20 жылдығымен байланысты «Мемлекеттік тіл - интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырылуы да қолға алынған қыруар шаруаны ілгерілетуге септігін тигізері анық, - деді бізге берген сұхбатында филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы.
Негізгі қызметі Білім және ғылым министрлігінің жарлықтары мен университеттің стратегиялық даму бағыттарына сәйкестендірілген кафедра жиырма жыл бойғы қызметінде көп іс тындырды, көпшіліктің көңілінен шығар шаруалар атқарды. 1990 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаевтың басшылығымен құрылған кафедра еліміздегі жоғары оқу орындары арасында үлгі боларлық жұмыстарға бастамашы болды, білімді де білікті тілші ғалымдар даярлады, тамаша дәрістер оқылуын қамтамасыз етті. Осылайша Сайрамбаев салған сара жол жиырма жылда өзінің өміршеңдігін байқатты.
02.12.2010 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
Шыққанына 12 жылдан асқан көліктерді техникалық тексеруден жылына екі рет өткізіп,
бағаны үш есе арттыру қаншалықты негізді?
Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Мемлекеттік инспекциядан автокөлікті техникалық байқаудан өткізгенде арзан болатын. Енді оның бағасын үш есе көбейтпекші. Демек, осы байқауды өткізетін Көлік және коммуникация министрлігі пайда табуды көздеп отыр. Автокөлікті тек қана байқап көргені үшін соншама ақша төлетудің қажеті бар ма?
Сол сияқты жылына екі рет техникалық байқаудан өткізу де – пайда табудың көзі деген сөз. Ондай кезде жұрттың көбі тексеруден қашады, заң бұзылады. Жемқорлық өрістейді. Сол себепті бұл – әбден ойластырып, талқылайтын мәселе. Әрі техникалық байқаудың бағасын жоғарылатудың да қажеті жоқ.
Гүлнар Ахметова
02.12.2010 "Ана тілі" газеті
ҚАЗАҚТЫҢ КИЕСІ МЕН ИЕСІ.
Көкшеде сұлулар мен сұлтандар сайысы өтті
Сәкенге ән салдырған сексен көл сән мен салтанатқа кенелді. Көркіне көз сүріндірер кербез Көкшенің маңдайын Күн сүйіп тұрды сол күні. Онсыз да Тәңірі сұлу жаратқан тұма табиғат толықсып тұрды. Жұмбақтас та құпиясын ағытардай ажарланып, Оқжетпес де ойлы кейіпке енді. Бәрі бар көрікті бойына жиған Бурабайдың бауырында «Ана тілі» аруы» мен «Ана тілі» сұлтаны» байқауына тас-түйін дайындалғандай. Алты Алаштың баласының бабын һәм бағын сынар байқауға бәрі жетті. Кең даладан кеп жатқан керуендерде есеп жоқ. Арысы – кәрі Каспийден Атыраудың аққудай қыздары мен ақсұңқардай ұлдары келді қиқулап. Жайықтан Жібектері мен жігіттері жетті желпініп. Ақтөбенің апайтөс ұлдары да бар арасында. Сыңғырлай күліп, сонау Сырдан сұлулар мен сүлейлердің сарқыттары да сызылта ән сап жетті. Түркі дүниесінің төркіні Түркістаннан да келді түн қатып. Ат тұяғы сайын даланы дүбірлетіп, Бауыржандай батыр баба туғызған Жамбылдан да Жиреншедей шешендер мен Қарашаштай қаракөздер келді. Араларында Алтайдың ар жағынан келген арулар мен шығыстың шырайлылары, Семейдің сегіз қырлы сырбаз серілері, Өскеменнің өр ұландары да бар.
02.12.2010 "Жас қазақ үні" республикалық қоғамдық-саяси апталық
АНА ТІЛІМІЗДІҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН АРУЛАР
12-Қараша, 2010
Ата-баба дәстүрін қадірлей білетін, бүгінгі күн талабына сай білікті де дарынды жастар легі қалыптасып келеді. ҚазҰУ-дың 13 факультетінің арасынан суырылып шығып, «Ана тілі аруына» қатысқан студент қыздардың өнерін тамашалағаннан кейін осындай ойға келдім.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім ордасы ғана емес, тәрбиенің тал бесігіне айналған қара шаңырақ. Ана тіліміздің рухын асқақтатып, ұлттық бай мұрамызды дәріптеген ару қыздарымыз «бас кеспектер тілімді кесе алмаған, тілден бұрын кетеді жалын демім»,- деп жырлағанда олардың бойынан отаншылдық қасиетті көрдік. Осы байқау қадір-қасиетімен де, мән-мағынасымен де басқа қыз сындарынан анағұрлым озық тұрды. Қыздар бес тур бойынша сынға түсті. Бірінші турда қыздарды таныстыруда жаңаша бір тартымды әдіс тапқан. Қыз-жігіттің қайым айтысы арқылы ашылған шымылдық, әрі қарай құрбысын іздеген жігіттің әзіл-қалжыңына жалғасады. Жігіт іздеген қыз сахнада өзін дүйім жұртпен таныстырады. Осы көрініс тартымды да әсерлі шықты. Өлең оқудан сайысқа түскен қыздардың көрерменді баурап алғаны сонша, зал сілтідей тынды. Бейне бір поэзия кеші ме дерсің. 1-2 курстың студенті емес, телеарнаның кәсіби жүргізушісі іспетті. Мұны іріктеу турларының әділ жүргізілгенінің жемісі деп түсінген абзал. 3-турда «Ерке нұр» сән үйі ұсынған ұлттық киімді киіп шыққан қыздар сән үлгілерін көрсетті. 4-турда сұрақтарға жауап берілді. Сұрақтарға өзек - қазақ тарихында тұлғалық дәрежеге көтерілген аналарымыз бен апаларымыз болды. Қыздардың барлығы да бұл сыннан сүрінбей өтті. «Өнерім - өмірім» атты 5-турда қыздар өз өнерін ортаға салды. Ең қызықты да тартымды өткен турдың бірі - осы. Олардың арасынан қылқаламды жанына серік еткен суретшіні де, жан дүниеңнің қылын шерткен сыршыл ақынды да, білекті спортшыны да, әуезді үні бар әншіні де, белі бұралған бишіні де көріп тәнті болдық. Білім мен өнерді құстың қос қанатындай қатар алып жүрген жас қыздардың, яғни болашақ аналардың өсіп келе жатқанын көрудің өзі бір ғанибет екен.
Гүлнар Сәрсенбекова, (фотосы бар) тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департамент директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ана тілі» аруы-2010» байқауын ұйымдастыру алқасының төрайымы: Біз де бойжеткендеріміздің жан сұлулығына, көкірек көзінің ашықтығына, дүниетанымының кеңдігіне терең үңілуді жөн көрдік. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемнің озық білім беру үрдістерінен үйрене отырып ұлттық білім беру моделіне негізделген. Бұл - жалпы азаматтық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың бір-бірімен үйлесімді ұштасуы. Ал «Ана тілі аруы» осы екі құндылықты ұштастыруды мақсат еткен жоба. Біз байқаудың алдында студент қыздарымызға мастер-класс өткізіп, Сақ патшайымы Тұмар, Домалақ ана, Зере әже, ерлердей ел билеген Айғаным, Ұлпан сынды данагөй апаларымыз жайлы, ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз, ұлттық тағамдарымыз туралы көп мәлімет бердік. Сонымен бірге қазақ қызының шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап салиқалы жасқа жеткенге дейінгі бүкіл өмір жолымен таныстырып өттік. Меніңше, жастарға бірінші кезекте тәлім-тәрбие беріп алып, сосын нәтижесіне үңілген дұрыс сияқты.