Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Қабылдау ережелері

Бейіндік оқыту бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінің 10-11-сыныптарына қабылдау бірінші проректормен бекітілген бейіндік мектепке қабылдау ережелеріне сәйкес түсу емтихандарының нәтижесі бойынша конкурс негізінде жүзеге асырылады.

ҚазҰУ бейіндік мектебіне қабылдау ережелері Қазақстан Республикасының орта білім беру және жалпы білім беруге арналған оқу бағдарламаларына сай білім беру ұйымдарына арналған Типтік қабылдау ережелеріне сәйкес жыл сайын мектеп басшылығымен дайындалады.

10-11 сыныпқа оқуға қабылдау оқушылардың қызығушылығын, бейімі мен қабілетін ескере отырып және олардың оқыту бейінін таңдау кезінде жеке өтініші негізінде заңды өкілінің келісімімен және білім алушының негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуымен білім алушылардың қай аймақта тұратынын есепке алмағанда жүзеге асырылады.

Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты тапсырғаннан кейін басталады.

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение