Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Докторантура

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жоғары білікті ғылыми кадрларды, яғни философия докторларын (PhD) даярлауда ҚР жоғарғы оқу орындары арасында танымал көшбасшы болып табылады. PhD докторантурасының ең бірінші тәжірибелік бағдарламалары алғаш рет 2005 жылы жетекші шетелдік университеттер ғалымдарының қатысуымен жасалған. Қазіргі таңда университетте ғылыми-педагогикалық бағыттың 65 мамандық бойынша PhD докторлары даярлануда.

ҚазҰУ PhD докторанттары диссертация бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия, Жапония, Нидерланды, Германия, Испания, Израиль, Швейцария, Финляндия, Швеция, Норвегия, Қытай, Ресей және басқа да шет елдердің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарындағы ғылыми жетекшілерінің қарамағында ғылыми тәжірибереден өтеді. Докторларды даярлау сондай-ақ екі дипломдық білім берудің оқыту бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады (Nancy INPL университеті, Валенсия политехникалық университеті Хоккайдо университеті).

Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Дәріс өткізуге университет профессорларымен қатар жетекші шетелдік жоғарғы оқу орындарынан шақырылған беделді шетелдік профессорлар қатысады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторантурасына қабылдау ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бүгінгі күнге дейін табысты мансапқа жеткен 10 мыңға жуық магистрлер мен PhD докторларын даярлап шығарды. Сізді жаратылыстану, техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша Университетіміздің PhD докторантурасына шақырамыз.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

ӘЛ-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылым Ордасы кешеніндегі ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп төменде көрсетілген ғылыми-зерттеу институттарының магистратура мен докторантурасына қабылдау жүргізеді:

А.Марғүлан атындағы археология институты

Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институты

Ақпараттық және есептеу технологиялар институты

Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

Математика және математикалық модельдеу институты

Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Экономика институты

А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты

Толық ақпаратты "Қабылдау ережелерінен" және Қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларынан ала алысыз.


Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение