Иностранным абитуриентам

Иностранным абитуриентам

Қазақ және орыс тілдерін үйренуге шақырамыз!

Образовательные программы

Правила приема

Подача документов

Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ-дің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде шетел азаматтары үшін қазақ және орыс тілдер кафедрасы 25 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеуде. Мұнда шетел студенттерін қазақ және орыс тілдерінде тиімді оқытуға барлық жағдайлар жасалған.

Факультетте ғылыми және әдістемелік тәжірибелері мол, көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті оқытушылар жұмыс істейді. Шетел азаматтары тілді оңай меңгеру үшін көптеген оқу құралдар жарық көрген.

Факультетімізде әлем бойынша 80-астам шет мемлекеттерден келген 420-ға жуық шетел азаматтары, студенттері оқиды. Біздің әр елден келген шетелдіктермен жұмыс істеу бойынша мол тәжірибеміз бар.

Біздің әр елден келген шетелдіктермен жұмыс істеу бойынша мол тәжірибеміз бар. Біз өзіңіз таңдаған тілді түсінуге үйретеміз және сол тілде сөйлетеміз.

Біздің факультетті бітіргенен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кез-келген факультетіне түсуге мүмкіндігі бар, өйткені біз оларды әр бағыттағы болашақ мамандығы бойынша дайындаймыз (гуманитарлық және экономикалық кәсіби бағдар).

Сізге Foundation деңгейінде тілді меңгеру үшін бір-ақ жыл қажет.

Сізге университетке түсу үшін екі жыл уақыт жетеді.

Біздің студенттердің өмірі қызықты.