Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Қабылдау ережелері

Қажетті құжаттар тізімі:

1)      Жеке куәлігінің көшірмесі – 2 дана

2)      Диплом (түпнұсқа)

3)      Фото 3х4 – 6 дана

4)      Медициналық анықтама 086 нұсқасы бойынша

   Құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 1-інші шілде мен 20-сыншы тамыз аралығында Алматы қаласы, Тимирязева көшесі 46, ГУК-3, Қабылдау комиссиясында жүзеге асырылады. Байланыс номерлары : +7 727 377-33-66 . Өтінішті толтыру үшін өзіңіз келуіңіз міндетті .

Оқуға түсу шарттары:

• Екінші жоғары білім алушылар үшін әңгімелесу жүргізіледі;

• Колледжден кейін түсушілерге кешенді тестілеу жүргізіледі.

Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша білім алушылар үшін:

  • ДОТ оқыту бойынша өтініш беру;
  • бағдарлау апталығы кезінде(оқу жылының басында), міндетті түрдеэлектрондық қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша тренингтен өту (СДО), СДО қолданушысының саулнамасын толтырып және ағымдағы жылдағы жеке оқу жоспары мен жеке оқыту кестесіне қол қою.
  • қашықтықтан оқыту жүйесінен деректер алуға қол жеткізу және жеке сауалнамада көрсетілген байланыс ақпараттарды растау (электрондық пошта, мекен-жайы және байланыс телефондарының нөмірлері);
  • академиялық күнтізбе мен жеке кесте үдерісіне сәйкес жеке оқу жоспарын орындау
  • теориялық оқуды аяқтаған сон белгіленген күні келуге әл-Фараби атындағы қазҰУ келіп күндізгі нысанда емтихандық сессия тапсыру;

 Оқу процесі 

Оқыту қашықтықтан басқару жүйесі негізінде оқытылады. Ұзақтығы бір семестр – 8 апта. Оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихандық сессия кезеңінде (10-12 күн) студент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не келуі тиіс .

Теориялық оқыту кезінде студент пәнді электрондық қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы оқиды, оған барлық оқу материалдары (дәріс конспектілері, видеодәрістер, презентациялар), тапсырмалар (тестілер жазбаша тапсырмалар, топпен талқылау тапсырмалары) және online (чат, аудио-видео конференциялар және offline (хат алмасу, пікірталас форумы) бойынша оқытушылардан кеңес алу мүмкіндігі беріледі.

Оқу семестрі кезінде студент қашықтықтан оқу жүйесіндегі тапсырмаларды орындау арқылы әрбір пән бойынша ықтимал 200 баллдың максимум 100 баллын жинай алады,. Оқу семестрі аяқталғаннан кейін белгіленген күні студент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әр пән бойынша емтихандық сессияны тапсырып, қалған 100 баллды жинай алады.

Академиялық күнтізбе 2016/2017 оқу жылына арналған академилядық күнтізбе

  • Бағдар беру аптасы 05-12.09.16        
  • І семестр – 26.09.16-19.11.16
  • І сессия – 28.11.16-10.12.16
  • ІІ семестр – 23.01.17-18.03.17
  • ІІ сессия – 27.03.17-08.04.17

 

 

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение