Оқушыларға
`Әл-Фараби` Республикалық Олимпиадасы

`Әл-Фараби` Республикалық Олимпиадасы

11-12 сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби-2019" Республикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпараттық хат

     Дарынды оқушыларға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының басшылығымен "әл-Фараби" атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасын өткізеді.

     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2014 жылдың 12-қарашасындағы №460 бұйрығына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасы еңгізілген.

       Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер ЖОО-на түсу үшін білім беру грантына артықшылық құқығына ие және олимпиада барысында таңдаған мамандығына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ішкі грантына ие болуға септігін тигізеді.

     Республикалық олимпиада үш кезеңде өтеді: бірінші және екінші кезеңдер on-line түрде www.kaznu.kz сайтында http://online-test.kaznu.kz сілтемесі арқылы өтеді. Үшінші кезең әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де өтеді.

       Олимпиада келесі пәндер бойынша жүргізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, неміс тілі, орыс тілі және әдебиеті, физика, француз тілі, химия.

         Сонымен қатар, Сіздердің назарларыңызға Республикалық олимпиада бойынша www.kaznu.kz сайтында онлайн-түрде 2018 жылдың 15-желтоқсанынан 2019 жылдың ақпан айының 6-на дейін байқау түрінде тестілеу жүргізіледі. Бірінші кезең 2019 жылдың ақпан айының 8-жұлдызында Астана уақытымен Алматы қ., Астана қ., Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында сағат 11:00-ден 12:00 аралығында және ақпан айының 9-жұлдызында Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында сағат 11:00-ден 12:00 аралығында өткізіледі.

       Екінші кезең наурыз айының 4-ші жұлдызында онлайн түрде өтеді. Үшінші кезең сәуірдің 4-5 күндері өтеді.

     Жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиаданың үшінші кезеңінің тапсырмалары теориялық және практикалық есептер түрінде, ал жалпы-гуманитарлық бағытта эссе мен университеттің зертханалық кешендерінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша теориялық сұрақтардан тұрады.

     Сұрақтар бойынша: Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. тел.: 8 (727) 2277954; ішкі – 1724.